«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Косметикалық емдік ( шымшу) массаж



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Косметикалық емдік ( шымшу) массаж. Бет терісі майлы болғанда, май түтікшелері бітіп, 
бетте бөріткендер пайда болғанда соны тазалау үшін қолданады. Сол сияқты бетке безеу шыққанда, 
іштен туа бет терісі салбырап кеткенде бұғақ пайда болғанда, бетте әр түрлі дақ қалғанда емдік массаж 
кеңінен қолданылады.
Косметология дамып келе жатқан ғылым. Оның одан әрі ізденуді талап ететін проблемалары әлі 
де болса бар. Адамның кейбір кемшіліктерін түзету мақсаты мен бетке жасалатын косметикалық 
операциалардан (мұрын, ерін,құлақ) кейінде косметикалық массаж өте қажет.
Спорттық массаж. Массаждың бұл түрі спортшылар арасында кең қолданылады. Олардың 
сайысқа шығар алдында бұлшық еттерін қыздырып, созылғыштық қасиетін арттырып, жалпы жұмысқа 
қабылетін арттыру үшін қолданады. Сол сияқты сайыстан кейін әлсіреген бұлшық етті ширықтыруға, 
жарақаттанған жерді жазуға көп күш салады.
Спорттық массаж жаттығу кезінде көмек береді. Ол тіпті жаттығу кезеңдерінің бір бөлігі 
ретінде есептеледі. Ол жарыстың алдында және соңында ғана емес, жарыстың үстіндеде жасалады. 
Сондықтан спорттық массаж 3 түрге бөлінеді.
1. Жаттығатын немесе машақтанатын массаж – спортсменнің жаттығу кезінде денесін 
шынықтыруға, шыңдауға бұлшық еттерін қатайтуға арналған. 
2. Алғашқы немесе алдын – алу бұл жарыстың алдында спортсменнің төзімділігін арттыруға 
арналған массаж.  
3. Қайта қалпына келтіру – жарыстан кейін спортсменнің жалпы күш қуатын, энергиясын, 
алғырлығын, нерв жүйесін қалпына келтіруге бағышталған массаждың түрі.  
Жаттығу не жарыс кезінде денеге зақым келсе (сіңір созылуы, буын шығып кету, сүйек сыну 
т.б.) қолданатын спорттық массаж емдік массажға жатады.  


Енді кейінгі кезде етек алып ел арасында кең тараған массаждардың түрі: сигментарлы және 
нүктелі массаждар. Бұл екеуі де емдік массаждарға құрамына кіреді. Бірақ спорттық массажда 
қолданып қалуы да ғажап емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет