Балтыр табан буынына массаж жасау. Балтыр табан жіліншігі сүйектермен және тепкі
сүйегімен құралған. Массаж жасағанда қалайда оны босаңсыту негізгі мақсат болу керек. Ол үшін
аяқтың басына әр түрлі жағайда қояды. массаж жасай отырып буын қабына алдынан, артынан, екі
жағынан әсер етуге болады.
Алдымен буында айналдыра сипайды саусақтардың ұшымен буынның айналасын ысқылайды,
әсіресе тобықты қолдың басымен сипап, соңынан ысқылайды.
Әсіріесе Ахилов тарамысын ерекше массаждайды. Онда шымши ысқылау, штрих жасау,
дірілдету түрлерін кеңінен қоланады.
Балтырға массаж жасау. Жіліншіктің өзі екі екі кәрі жілік сүйектен тұрады. Біреуі жуан, ал
екіншісі – жіңішке. Жуандау келген сүйек төменгі жағынан тобыққа жалғасады.Ол теріден бұртиып
шығып білініп тұрады.
Алдыңғы бұлшық еттерге ұзыннан созылғансаусақтарды қақайтататын еттер жатады.
Оған массаж жасау үшін алақанмен қамти ұстап тобықтан бастап тізеге дейін, дәлірек айтсақ
ортан жіліктің айдаршығына дейін сипайды. Бас бармақ балтырдың алдында, қалаған төрт саусақ
қапталдай сипап тақымға келеді.
Балтыр бұлшық еті өте қалың, жақсы жетілген , сондықтан оның сыртқы және ішкі жағын жеке
жеке массаждайды. Кейде аяқтың басынан көтеріп бір қолмен ұстап тұрып, екінші қолмен
массаждайды. Оң қолмен сол аяқты қолмен оң аяқты массаждау ыңғайлы.
Тақымда нерв түйіндері көп шоғырлынған, сондықтан массаждың ешбір түрін қолданбайды.
Тізеге массаж жасау.Тізе үш сүйектің басынан:ортан жілік және тізе тобығынан құралған.
Тізе тобығы саннан келетін төртбасты бұлшық еттің тарамысына оралып жатады.
Буынға массаж жасағанда ауруды жатқызып қояды. алақанмен немесе бас бармақтың басымен
буынның айналасын сипалайды. Тізе тобығының бекінген жерлеріне қолды батыра отырып
тарамыстарды ысқылайды. Тізені бүгіп ұстаса буынның іш жағын толық массаждауға болады.
Массаждың соңында тізені бүгіп жазы, тобықты жоғары төмен қозғалтып бірнеше рет қимыл
қозғалыс жасайды.