«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


ҚОЛ –АЯҚ ЖАРАҚАТЫНА АРНАЛҒАН МАССАЖ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

ҚОЛ –АЯҚ ЖАРАҚАТЫНА АРНАЛҒАН МАССАЖ ТҮРЛЕРІ 
Адам денесіндегіең көп қимылдайтын, көп жұмыс жасайтын мүшелер – аяқ пен қол. Бәрімізге 
мәлім, қолдың қалам-қарындаш ұстағаннан бастап, жер қашап, отын бұтап... барлық техниканы 
меңгеруде атқаратын ролі ерекше. Аяқтың арқасында жәй жүрүден бастап мың бұралып билеуге, биік 
шыңды тауларға шығуға деін барамыз. 
Міне, осындай күрделі қимыл-қозғалыс жасаушы органдар – қол мен аяқтың жарақаттанып қалуы 
да өте жиі кездеседі. Сондықтан әр адам денедегі болатын барлық ақауларға қолданатын массаждың 
түрін білмесе де, осы аяқ-қол жарақаттанға жасалатын массаждың тәсілдерін есіне сақтауға тиіс. 
Аяқ-қолдың жарақаттануы бір затқа соғып алса, бұлшық ет пен теріге зиян келіп көгеріп қалады, 
оқыста аяғы тайып кетсе, тобығы шығып не сіңірі, тарамасы созылып кетеді, ал одан күрделі 
оқиғаларда (күрескенде, төбелескенде, секіргенде) буыны онынан шығып, әйтпесе сүйек сынады. 
Міне, осының бәріне бірдей массаж қолданылады. 
Тірек-қозғалыс аппараты зақымданғанда қолданатын массаждың негізгі мақсаты: буындардағы, 
буын маңындағы еттердегі және басқа элементтеріндегі қан айналысын, зат алмасуын жақсарту, 
ауырғанын басу, жиналған сарысуды, ісікті тарату, сынған кезде сүйек мүйізгегінің тез құрылуына 
ықпал жасау, бұлшық еттің жансыздануын болдырмау, буын қозғалысын қалпына келтіріп, соның 
сіресіп қалмауына көмектесу. 
Массаж жасаған кезде қан тамырлары кеңнеійп, қанның ағыны, сол арғылы буындағы ісік 
ыдырап, ауырғаны басылады. 
Аяқ-қолды соғып алғанда жасалатын массаж. 
Адам оқыста бір жерін соғып алса, теріге онша зақым келмей,ішкі жұмсақ еттер зардап шегеді. Қатты 
соққан кезде қан тамырлары жарылып, бұлшық етттердің талшықары үзіліп, нерв ұштарына зиян 
келеді. Осындай жағдайда соққан жер ауырып, ісіп, көгеріп, тіпті ысып ыстығы көтеріліп кетеді. 
Ол жерде бірден йод жағып, тез орап тастамаса, бір кішкене сызат ертеңіне іріндеп кетуі мүмкін. 
Осылай өзімен-өзі әлек болып отырған адамға, массаж туралы сөз де айтылмайды. 


Егер ірі тамырларжарақаттанбай, бұлшық еттер бүлінбей, ісігі қайтыңқырап, іріңдемесе, 2-3 
күннен кейін массаж жасайды.
Массажды соғылған жерден жоғары қарай ығыстырып жасайды. Сонда жарақаттанған жерден қан 
және лимфа үлкен жылдамдықпен ағады да іскені баылады. Мәселен, қолдың ұшын соғып алса
алдымен білекке массаж жасайды. Онда сол лимфа түйіндеріне қарай бірнеше рет сипайды, уыстап 
ұстап ысқылайды, жұмсартады. Тек осыдан кейін жарақаттанған жерді массаждайды. Ауырған жерге 
жасалатын массаждың қуаты, күші адамның сезімталдығына байланысты. Ауруын асқындырмай, екі 
қолмен бірдей бірнеше рет жәйлап сипайды. 
Аурығаны бәсеңдесе, сипау мен ысқалауды кезек қолданады. Бүлшық еттері жұқа жерді саусақтың 
жұмсақ ұшымен, ал қалың қоң еттерді алақанмен сипалап, жұдырықпен ысқылайды. 
Массаж жасау уақыты 18-20 минут. Бірінші процедурадан кейін ауру асқынбаса, буындарды бүгіп-
жазып, қимыл-қозғалыстарды қосады. 
Келесі күндері ауырған жерге саусақтарды тік қадай ұстап, алғашқы белгілі тәсілдерді батылдау 
жүргізеді. 
Үшінші күні массаждың күшін, екпнінін, ұзақтығын арттырып, күрделі тәсілдерін қолданады. 
Соғылған жердің ауырғаны массаждан соң екенші-үшінші күндері үдеп кетсе, онда ол аймаққа 
тиіспей, жоғары жағынан бұрынғыдай сипау, ысқылау тәсілдерін жасай береді. Ісігі қайтып, ыстығы 
түсіп, басқан кезде ауырмайтын болса, қолдың сыртымен сипайды, сонан соң уыстап ұстап батыра 
сипайды, ысқылайды, уқалайды, сыдыра үйкелейді, кәлденең бағытта жұмсартып, үзіліссіз дірілдетеді. 
Арасын үзбей массажды 10-15 күн жасайды. Жараттанған жерге соққылау, шапқылау, сілкелеу 
тәсілдерін қолданбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет