«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Емдік гимнастиканың физиологиялық негізі



Pdf көрінісі
бет2/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Емдік гимнастиканың физиологиялық негізі 

       Емдік  гимнастика  –  медицинаның  дене  тәрбиесіне  қатысты  үлкен  бір  саласы.  Оның 

теориялық  негізі  медициналық-биологиялық  және  педагогикалық  ілімдер.  Сондықтан  оның  зерттеу 

әдістері  физиологиялық,  клиникалық  және  педагогикалық  ғылымдардың  негізінде  құрылған.  Мұның 

өзі әртүрлі жаттығулардың адам денесіне тигізетін әсерін, нәтижесін, тиімділігін анықтауға жол ашып 

береді. Сол сияқты емдеу гимнастикасының жаңа методикасын айқындауға мүмкіндік туады. 

       Дене  жаттығулары  –  емдік  гимнастиканың  басты  құралы.  Адам  өмірінде  маңызды  рөль 

атқаратын бұлшық еттердің қызметі осыған негізделген. Организм біртұтас дүние екенін барлығымыз 

білеміз,  ішкі  ағзалар  мен  сыртқы  бұлшық  еттер  тығыз  байланысты  болса,  жоғарғы  нерв  жүйесі  (ми 

қыртысы) бәрін қадағалап бір жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл-қозғалыстық тапшылықтығы 

(гиподинамия) әр түрлі аурудың пайда болуына әкеп соқтырады. 

       Қазіргі  ғылыми-техника  жетістігі  адамдарды  ауыр  жұмыстан,  қарапайым  үй  тіршілігінде 

қимыл-қозғалыстан  (шөп  шабу,  отын  жару,  жер  қашау)  қол  үздіріп  отыр.  Өндірісті  автоматтандыру 

мен шаруашылықты механикаландырудың кеңінен орын алуы адамдардың ой еңбегінің артуына, дене 



еңбегінің  кемуіне  душар  етті.  Күнделікті  өмірде  транспорттың  көбеюі,  лифтінің  пайда  болуы  және 

теледидар  алдында  ұзақ  уақыт  қозғалыссыз  отыру  да  организмге  зиянды  әсер  етеді.  Ол  дағдыға 

айналып  кеткен  соң,  оған,  тіпті,  мән  де  берілмейді.  Адамның  аз  қимылдауы  –  бұлшық  еттердің 

дәрменсіз  қалуы,  қан  айналысының  нашарлауы,  ішкі  ағзалардың  қызметі  төмендеп,  зат  алмасуы 

бұзылды  деген  сөз.  Қимыл-қозғалыстың  тапшылығынан  жүйке-тамырға,  жүрекке  айтарлықтай  күш 

түседі.  Мәселен,  қан  айналымы  әлсіреп,  жүрек-тамыр  аурулары  байқалды,  буындардың  қозғалысы 

кеміп,  омыртқалар  арасындағы  шеміршек  жұқарып,  семіп,  остеохондроз  және  т.б.  ауруларға 

шалдығуға мәжбүр етеді.  

       Гиподинамия зардабын болдырмай, аурудың алдын алып, денсаулықты нығайтып,  адамның 

күш-қуатын  арттырып,  көңіл-күйін  көтеріп,  жұмыс  қабілетін  өсіру  үшін  ең  қажетті  нәрсе  –  денені 

шыңдап, жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдану керек.  

       Емдік гимнастиканың басқа емдеу әдістерінен ең үлкен айырмашылығы – науқас оны барлық 

сана сезіммен, зор ықыласымен белсенді түрде орындайды. 

       Қолданған емнің қандай да оған шын көңілмен сеніп қабылдаса, оның шипа болуына күмән 

жоқ. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет