«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Мидың  қан айналысы бұзылғанда жасалынытын массаж



Pdf көрінісі
бет94/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Мидың  қан айналысы бұзылғанда жасалынытын массаж. 

Ми  - адамның ең жоғарғы реттеуші орталығы. Оның зақымдануы көп факторларға 

байланысты. Әсіресе психогендік, теріс эмоция, ой еңбегімен шамадан тыс айналысу, денедегі зат 

алмасудың бұзылуы, сол сияқты көптеген аурулар асқанған кезде мидағы қан айналысын өзгертеді. 

Жас ұлғайған сайын кездесетін атеросклероз ауруы немесе қан қысым жоғарлап кететін гипетония 

ауруы асқынған кезде тек қан айналысын нашарлатып қоймай, кейде тіпті тамыр жарылып, қан 

құйылатын кездерде байқалады. Мұндай жағдайда сап –сау адамның оқыста жарақаттанып калуынан 

да болады. Мидағы қан тамырлары кенет түйіліп, не кенет жарылып кетсе адам инсульт ауруына тап 

болады. Оның салдарынан аяқ – қол жансызданып немесе бір жағы қлзғаламй қалады.  Бұл  үлкен 

бейнет. Сап –сау адам бір күнде тілден айырылып, кіріп шығуға зар мүгедек болып қалады. Мұны сал 

ауруы деп атайды.  

Осындай қиянатқа жолыққан адамдар әдетте, бірден неврологиялық ауруханаға түседі. Ақыл 

есін жинағанша  1-2 апта өтеді. Дәрі дәрмектер беріп, қал жағдайы қанағаттанарлық  болғанда, массаж 

жасау белгіленеді. Шеткері орналасқан қан тамырларын іске қосу үшін, массажды аяқтан бастайды. 

Алдымен аяқтың ұшын, одан соң жіліншік – балтыр, сан бұлшық еттерін жеңіл түрде сипалайды. 

Аяқтың ұшын науқас өзі қимылдата алмайды, сондықтан массаж жасау үшін бір-екі сипаған 

соң буыннан ары- бері қозғайды. Тіпті бірнеше рет аяқты қапсыра ұстап сипау тәсілдерін алақанмен, 

білезік тірегімен жартылай жұмылған саусақтарымен орындайды.  

Кейіннен соң қодың тірек білезігімен саусақтардың жұмсақ ұшымен ысқылайды. Осындай екі 

тәсілге бой үйренген соң массаждың басқа тәсілдерін қолды батыра орындайды. Ол үшін ұзына 

бойына жұсарту,көлденең бағытта жұмсарту, басу, жылжыту, ұстап көру , сығымдау, салмақ сала 

батыра жұмсарту сияқты тәсіл түрлерін қолданады.  

Дірілдету , соққылау , шапқылау, сілкілеу  тәсілдері қолданылмайды. Ондай тәсілдер ауруды 

асқындырып жіберуі мүмкін.  

Ендігі кезек қолға келеді: әр саусақты жеке жеке сипайды , ысқылайды, буындарды жан-жаққа 

қозғалтады. Білезік буынын қапсыра  ұстап ысқылайды. Ауру адам масажға үйренсе  сүйсіне , жоғары 

иыққа дейін массаждың жұмсарту тәсілін, аса ұқыптылықпен, ептілікпен қолданады.  

Осыдан кейін науқасты етпетінен жатқызып мойынға, иық үстіне, бел мен сегізкөз тұсына 

массаж жасайды. Мұнда массаждың өте нәзік үстіртін түрлерін қолданады. Науқастың қан қысымын 

өлшеп, тамыр соғуын қадағалап, қал жағдайын сұрап отыру керек. Егер  бір өзгеріс байқалса, науқас 

адамды жайлы төсекке жатқызып, мазасын алмаған жөн. 

Массажды күн сайын тағайындайды. Қан қысымы қалыпты мөлшерден қан қысымы  жоғары 

болса , ауруды шалқасынан жатқызып, іш бұлшық еттеріне массаж жасайды. Олда ауруды біршеме 

жеңілдетеді. Массажды  5-10минуттан біртіндеп көбейтіп 15-20минутқа жеткізеді. Арасына екі апта 

уақыт үзіліс салып, массаж курсын қайталап 10 -15 күнге созады. Барлық емдеу курсы 1 ай болады.  

Массажды ұдайы үздіксіз жасамай арасына үзіліс беріп , ол кездері ауру адамның көңілін 

аударып, көбірек әңгімелескен өте пайдалы. 

«қызыл тіл – жанның мияты ...,» 

«тілмен тікенде алады...,» «қарағым» деген жылы сөз , тон болып , тәнді жылытпасада, жанды 

жылытады, деген халық мақал мәтелдері адамның көңілін өсіретінін дәлелдейді.  Масажға емдік 

гимнасттиканы үйлестіре қолданса, денсаулыққа өте тиімді, міне , осылай парез, параллич, ауруына 

шалдыққан адамдарды үзбей емдеу арқасында қайта қалпына келтіреді.  



Миға  тек қан құйылуы емес, бас сүйек зақымданудан ми шайқалудан ,бастың сақинасы ұстаса 

да массаж жасалады. Сол сияқты ми қабаты қабынса, домбықса,ішімдіктен немесе өндірісте  

қорғасын,фосфор, сынап сияқты заттармен уланса ,ми клеткалары бүлінеді.Міне, осындай жағдайда 

сегментік массаж  өте тиімді.Ол қан айналымын реттеп, тамырлардың босаңсуына ықпал жасайды.   

Осыған  орай  массаж  алғашқы  аптада  арқаға  ,  мойынға    жасалады.  Мұнда  сипау,  үстіртін 

ысқылау  тәсңлдерін  қолданады.  Күн  өткен  сайын  массаждың  екпінін,күшін,салмағын  үдетіп 

артырады. Дене біршама үйренген соң массажды басқа жасайды. 

Сақина  ұстағанда  маңдайды  ,әсірсе  самайды  ысқылайды  ,  саусақтардың  ұшымен  нықтап 

бірнеше рет басып ,артынан сипап аяқтайды.Массаждың мөлшері аурудың жағдайына қарай 7 күннен 

10-12  күнге  дейін  ұзартылады.Алғашында  5  минут  ,кейін  10минут  уақыт  қадалаған  жөн.Егер  көзі 

қарауытып, басы айналып, лоқсып, берекесі кетсе, массажды бірден қойып , науқасты жайлы  орынға 

басын биіктеу етіп  жатқызып қояды. 



 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет