Әмен асхат жангелдіұЛЫ


Зерттеудің эмпирикалық негізі



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата08.12.2023
өлшемі1,41 Mb.
#135440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Зерттеудің эмпирикалық негізі 
1. Батыс Қазақстан облысының статистика жөніндегі облыстық әлеуметтік-
экономикалық дамуы туралы мәліметтері
2. республикалық және аймақтық заңнамалық және нормативтік актілер; 
3. Осы мәселе бойынша мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушылардың 
зерттеу материалдарын талдау; 
4. Автордың 2019-2020 жылдар аралығында жүргізген зерттеу нәтижелері. 
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу IBM SPSS Statistics 20 
статистикалық пакетін қолдана отырып вариациялық қатарларды үлестіру 
параметрлеріне байланысты параметрлік және параметрлік емес әдістерді 
қолдану арқылы жүзеге асырылды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Жүргізілген зерттеу шеңберінде 
диссертанттың жеке үлесін анықтайтын төмендегі нәтижелерді көрсетуге 
болады: 
1) автордың «мультикультурализм» ұғымына берген анықтамасы этникалық 
мәдениеттің әр өкілінің теңдігі мен өзін-өзі бекіту еркіндігі жағдайында көптеген 
мәдениеттердің бір территориядағы жанжалсыз қатар өмір сүруін және өзара 
әрекеттесуін сипаттайтын мәдениеттің негізгі категориясы ретінде берілген. 
«Мәдени плюрализм» бір қоғамның шеңберінде әртүрлі этникалық 
мәдениеттердің тең өмір сүруі ретінде анықталады. 
2) Қазақстандағы мультикультурализмнің артықшылықтарына, кемшіліктері 
мен қарама-қайшылықтарына талдау жүргізілді. 
3) Батыс Қазақстан облысы аумағында диаспора мәдениетінің қазіргі 
жағдайы көрсетілді. 
4) 
әлеуметтанулық 
диагностика 
негізінде 
диаспора 
мәдениетін 
қалыптастыру механизміндегі және оның аймақтағы даму стратегиясындағы 



инновациялық өзгерістер анықталды. 
5) аймақтағы диаспоралардың мәдениаралық өзара әрекеттесуінің негізгі 
тенденцияларын анықтады. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар 
-
диаспора мәдениеті түсінігі негізінде этникалық мәдениет қағидасы 
жатқандығы туралы анықтама; 
-
этникалық диаспора мәдениетінің жүйесі мен генезисіндегі мәдениет - 
этникалық мәдениет - этникалық диаспора мәдениеті ұғымдарының қисынының 
құралуы. 
-
диаспораны мәдениеттанулық категория ретінде екі жолмен қарастыру 
- "этнос","этникалық азшылық","этноәлеуметтік","этникалық топ"және т. б. 
ұғымдарынан ерекшеленетін этникалық қауымдастық ретінде "тігінен"; 
- "көлденең" қоныс аудару тобы ретінде, колония, жерлестер және т. б. 
сияқты басқа қоныс аудару топтарынан ерекшеленеді. 
- мультикультурализм практикасы мен саясатының табыстылығы мәдени 
әртүрліліктің қажетті қағидаты ретінде толеранттылыққа негізделгеніне назар 
аудару. 
- Қазақстанда мултикультурализм процесі болуы заңдылық. Осы орайда 
шетел тәжіриебеліне негізделінген қазақстандық моделді одан әрі дамыту. 
- диаспора феномені этникалық ағзаның өміршеңдігін қамтамасыз ететін 
мәдени ерекшелікке негізделуі. 
- зерттеуде жүргізілген аймақтағы диаспоралардың даму процестерін
олардың мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттестігін, олардың өздері арасында 
да, жергілікті халықпен де жүргізген талдауы осы процестер барысында бірқатар 
негізгі тенденцияларды анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет