Байланысты: міренов ділбек Д уітбек лы, аза тілі ж не дебиеті кафедрасы
7-тақырып. Функционалды – прагматикалық бағыттардың ғылыми – теориялық концепциялары .
Мазмұны. Функционалдық грамматика- прагматика теориясының
байланысы, шығу төркіні мен прагматиканың басақа ғылым салаларымен
байланысы. Әр тектес ғылым салаларымен байланысы айтылым мазмұнын
беруде тілдік жүйедегі әр түрлі грамматикалық формалар мен
конструкциялардың функциолану және прагматикалық заңдылығы мен
ережелерін сипаттауға бағытталуы.
8-тақырып. Тілдер арасындағы мәдени байланыс-қатынастардың әлеуметтік бағыттармен арақатынасы. Мазмұны. Мәдениетаралық коммуникация туралы көзқарастар. Тілдік
қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары. Қостілділік, көптілділік,
қостілділік- көптілділік жағдайындағы тілдердің өзара әсерлесуі, жақындасуы.
Тілдік байланыстар және мәдениетаралық қарым-қатынастар, олардың тиімді,
тиімсіз жақтары.
9-тақырып. Ғылыми парадигмадағы мәтін теориясы мәселесі. Мәтін теориясы дамуының негізгі бағыттары. Мәтін лингвистикасы, мәтін
грамматикасы, мәтін стилистикасы, дискурс мәселелері. Мәтіннің негізгі
бірліктері, грамматикалық құрылымы. Мәтіннің жанрлық-тілдік ұйымдасуы.
Мәтіннің
прагматикалық,
когнитивтік-семантикалық,
грамматикалық
категориялары және оның ұйымдасу деңгейлері. Мәтіннің актуалды
мүшеленуі.
10-тақырып. Дискурстану мәселелері. Мазмұны. Дискурстың тіл бірлігі және үдеріс түріндегі ерекшелігі.
Дискурс теориясының методологиялық негіздері және дискурсты зерттеудегі
әдістер. Дискурс теориясы туралы ғылыми көзқарастарды жүйелеу. Дискурс
туралы әлемдік және шетелдік ғылыми зерттеулерге шолу. Дискурс, мәтін
және гипермәтін.