Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата11.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#137145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
міренов ділбек Д уітбек лы, аза тілі ж не дебиеті кафедрасы

 
Міндеттері: 
- магистранттарды ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға үйретіп, тіл 
туралы қазіргі ғылыми білімдерін жүйелеуге көмектесу;
- әртүрлі теориялардың терминдік жүйесімен, олардың жетістіктерімен 
қаруландыру;
- жаңа теориялар мен концепциялардың методологиялық негіздерімен, 
тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерімен таныстыру;
- қазіргі қазақ және әлем тілдеріндегі белсенді үдерістерді түсіндіре 
алатындай дәрежеге жеткізу.
 
Оқыту нәтижелері 
«Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары» пәнін оқу барысында магистрант 
білуі тиіс:


- жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттарға арналған 
ғылыми 
әдебиеттермен, 
ондағы 
теориялық 
тұжырымдармен, 
концепциялармен танысып, оларды меңгеруі тиіс; 

теориялық білімдерін практикалық қолданбалы мақсаттағы 
жұмыстармен ұштастыра білуі тиіс; 
- тіл біліміндегі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруі тиіс. 
Магистрант жасай алуы тиіс:
- әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы жаңа тұжырымдар мен 
концепцияларды сыни тұрғыдан қарастырып, өзінің ғылыми көзқарастарын 
ғылыми форумдар мен семинарларда, конференцияларда еркін жеткізе білуі;
- тіл ғылымындағы әртүрлі бағыттар негізінде алған білімдерін өзара 
ұштастыра отырып аналитикалық талдау жасай алу, осы негізде өз білімдерін 
кеңейтіп, тереңдете алу; 
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғылыми мақалалар мен 
диссертациялық жұмыстарды жазуда еркін пайдалана білу.
Магистрант дағдылануы тиіс:
- алған білімдерін көпшілікке жеткізе білуге, әріптестері мен ғылыми 
мамандардың алдында өз көзқарастарын дәлелдей алуға; - алған білімдерін 
одан әрі жетілдіруге, тереңдетуге;
- алған білімдері негізінде жаңадан туындаған күрделі мәселелерді шеше 
алуға дағдылануы тиіс. Құзіретті болуы тиіс: тіл білімінің жаңа бағыттарын 
терең түсініп, алған білімдерін өздерінің зерттеу жұмыстарында және пәнді 
оқыту жұмыстарында пайдалана білу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет