Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған терминдер



бет19/25
Дата18.11.2023
өлшемі212,85 Kb.
#124363
түріМонография
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
treatise64286

Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған терминдер:
Сөздердің бірігуінен болған терминдердің жасалуында кейбір сөздер ұйымдастырушы ұйытқы сөз ретінде жұмсалады.
Мұндай сөздердің бірінші немесе екінші сыңары бір сөзден беріліп, олар біріккен терминдерді жасауға негіз болады.
Мәселен, зат есім мен қимыл атауы арқылы болған біріккен терминдердің жасалуына тану, із т.б. сөздері себепкер болып тұрғаны төмендегі мысалдардан көрінеді.
Басқосу (саммит), деректану (источниковедение), дерттану (паталогия), емдәмтану (диетология), кітаптану (книговедение), құқықтану (правоведение), көкейкесті (актуальный), тұсаукесер (презентация), зәрағар (мочеточник), ізашар (предшественик), ізбасар (последователь). т.б.
Мәжіліс төрағасы Марат Оспанов алдымен әріптестерін астанадағы бірінші басқосуымен құттықтайды (Е.Қ. 1998. №8. 14 қаңтар, -6 б.). Бізде белгілі жағдайларға байланысты, ұлттық тарихымыздың негізін құрайтын, оның өн бойының өзегі болып табылатын, төл деректерімізбен жүйелі жұмыс істеуге үйрететін – деректану ғылымы болған жоқ. (А.Т. 1998. №4, сәуірдің 9-ы, -5 б.).
Біз қазақ халқының құқықтану тарихында тұңғыш рет шариат заңдары мен қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын салыстыра отырып, олардың біріне-бірі тигізген әсерін әңгімелеп беруді мақсат еткен едік (Е.Қ. 1997. №43, 28 қазан, -13 б.). Алға қойып отырған тарихи лингвистикалық мәселелердің көкейкестілігі, қазақ тіліндегі ертедегі және қазіргі диалектілердің зерттеу тереңдігі, нақты бай материалымен диссертация және жарияланған монография қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркітанудағы зор табыс саналады (А.Т. 1999. №6, ақпанның 11-і, -13 б.). Осында салынып, пайдалануға берілгелі тұрған курсанттардың кешенді жатақханасының тұсаукесерін өз қолымен қиған Елбасы оның табалдырығынан да алғашқылардың бірі болып өзі атанады (Е.Қ. 1998. №11. 17 қаңтар, -1 б.). Түбегейлі адалдық пен адамдықты тәрбиелейтін ұлттық өнегенің ізбасарлары, ізашарлары. Ізашарлар болашақты ой көзімен көреді (Қ.Ә. 1998. № 18. 30 көкек, -7 б.).
Мысалдардан көріп отырған ізашар терминінің терминдік мағынасы белгілі бір істі алғаш қолға алып, оның одан әрі қарай дамуына жол ашушы болса, ал тұсаукесер таныстыру және жарнамалау мақсатымен фирманы, кәсіпорынды, тауарды т.б. көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет