АВТОСТЕРЕОТИП (автотаптау-
рын) – этностың өз салт-дәстүрі, мі-
нез-құлық ерекшеліктері, мәселелер-
ді шешу тәсілдері мен сыртқы бет-
пішіні жөніндегі тұрақты түсініктері
мен бейнелері. Олар көбінесе жағым-
ды пікірлер кешенінен тұрады. Әдет-
те, жағымды автотаптаурындар сан
жағынан басым болады. Сонымен
қатар, жағымсыз автотаптаурындар
да орын алады және олардың мәні
кейбір тарихи кезеңдерде арта түсе-
ді. Жағымсыз автотаптаурындардың
негізгі функциясы туралы болжам-
дар екеу: 1) өз этносын дискреди-
тациялау ( өз этносына көңілі толма-
ғандардың саны өскенде немесе бұл
этностың санасында терең кемістік
комплексі болған жағдайда); 2) өзде-
рі туралы жағымсыз таптаурындар өзі-
не деген сыни көзқарастың қажет-
тілігімен және ұлт өкілдерінің өздерін
жетілдіру қажеттілігімен байланыс-
ты болуы мүмкін. Алайда осындай
жағымсыз автотаптаурындардың кө-
беюі этностың қорғаныс механиз-
мінен айырылуына, оның өзіндік
дискредитациясына алып келеді. Кей-
де осындай жағымсыз автотаптау-
рындарды басым этностың өкілдері
жасанды түрде белгілі бір этностың
өкілдерінің санасына сіңдіреді. Мұн-
дай жағдайларда берілген этностың
өкілдері фрустрацияға ұшырап, өзін-
дік қадір-қасиеттің жойылуы, өзіндік
төмен бағалаудың қалыптасуы, ха-
лықтық рухының төмендеуі көрініс
табады. Бұл кейде этностардың на-
разылығын тудырып, ұлтаралық шие-
леністерге алып келеді. Сонымен қа-
тар, автотаптаурындардың негізіне
сублимация (өз этносын асыра жоға-
ры бағалау) механизмі де жатады.
АВТОСУГГЕСТИЯ (өзін-өзі сенді-
ру) – сендіру әсерінің объектісі мен
субъектісі сәйкес болған жағдайда-
ғы өзіне-өзі бағытталған сендіру про-
цесі мен нәтижесі. А. адамның өзіндік
Достарыңызбен бөлісу: |