Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет15/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АГГЛ

АГНО


12

дісінде ақаулық байқалады. Олардың 

кеңістікті  қабылдауы  (сипап  сезуі, 

қимыл-қозғалысы)  көру  тітіркендір- 

гіштерін  күшейту  арқылы  ғана  іске 

асады.


Мидың  желке  алабы  мен  төбе  бөлі- 

гінің төменгі алаптарының зақымдалу 

салдарынан кеңістікте дұрыс бағдар 

таба  алмайды.  Ауру  өздігінен  киіне 

алмайды, киімдерінің етек-жеңін, шал- 

барының  балағы  мен  ышқырлығын, 

камзолының жағасы мен етегін шатас- 

тыра береді, өз төсегін де сала алмай- 

ды. Ұстаған заттарының тік және кө- 

беу жағдайын ажырата білмейді. Сі- 

ріңке шырпыларынан құрастырылып 

көрсетілген  геометриялық  фигура- 

ларды өздігінен құрай алмайды, әріп- 

тердің  таңбасын  оңды-солды  ауыс- 

тырып жазады, қолының саусақтарын 

дұрыс атап көрсете алмайды. Есту А.-



сына  ұшыраған  адамдар  нәрселерді 

дыбыстарына қарай ажырата алмай- 

ды, сағат механизмінің соғуын, қоңы- 

раудың сылдырын, иттің үргенін де 

ажырата білмейді.

Ондай адамдардың танып білуіндегі 

кемістіктері мидың самай алабының 

зақымдалу  салдары  екендігі  анық- 

талған. Ондай адамның есту қабілеті 

болғанымен, айтылған сөздерді ол дұ- 

рыс түсіне алмайды. Алсипау сезімде- 

рі  зақымдалған  адамдар  өздерінің 

көрген нәрселерін көздерін жұмдырып, 

сол нәрселерді сипау арқылы байқап 

көргенде оларды танып біле алмаған. 

Мұндай кемістік мидың төбелік алабы- 

ның зақымдалғанын білдіреді. Адам- 

ның  танып  білу  қабілетінен  ажырау 

себептерін зерттеу нәтижелері ондай 

адамның зақымдалған мүшелерін ем- 

деп, оқу-тәрбие істерінде арнайы амал-

тәсілдер қолданып, оның қабылдауын 

қалыпқа түсіруге болатындығын көр- 

сетеді. А. – ми сыңарларының локал- 



ды зақымдануы салдарынан адамның 

бұрын көргенін, естігенін, түйсінгенін 

қайтадан тани алмауы.

А. төмендегідей жіктеледі: 1) визуал- 

ды  А.  –  көз  өткірлігінің  сақталуы- 

ның өзінде  объектілерді, заттар мен 

олардың  кескіндерін  тұтас  тани  ал- 

мау, оларды бөлшектей алмау; 2) так- 

тилді  А.  –  заттар  мен  объектілерді 

сипап  ұстауда  оларды  тани  алмау 

немесе өз денесінің локустарын тану- 

дың бұзылуы, соматоагнозия деп ата- 

латын дене құрылымы жөнінде абер- 

рациялық, бұрмаланған түсінік; 3) ке- 

ңістіктік  А.  –  заттар  мен  олардың 

кескіндерін қабылдаудың сақталуын- 

да адамдардың түрлерін тани алмау; 

4) есту А. – естудің фонематикалық 

қасиеттерінің, яғни сөйлеудегі дыбыс- 

тарды ажыратудың бұзылуы; 5) әріп- 

тік  А.  –  оқудың  бұзылу  түрлерінің 

бірінің  негізінде  жататын  А.  түрі; 

6)  симультандық  А.  –  бір  мезгілде 

қабылданатын  заттар  мен  құбылыс- 

тардың санының күрт азаюы.

АГРАФИЯ (грек. а – қаз. болымсыз- 

дық қосымшасы және grako – жаза- 

мын– сөйлеудің әртүрлі жағдайын- 

да пайда болатын жазудың бұзылуы 

не жазу қабілетін толық жоғалтудан 

немесе  сөздерді  өрескел  бұрмалау- 

дан, буындар мен әріптерді тастап ке- 

туден, әріптер мен буындарды сөз етіп 

қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді. 

А. балаларда мидың органикалық же- 

те дамымауымен байланысты тілінің 

жалпы  дамуы  кенжелеп  қалуының 

бір көрінісі; нашар естудің немесе са- 

ңыраулықтың  салдарынан  сөздерді 

дыбыстық талдаудағы кінәраттармен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет