15
де тұрушылық сияқты қасиеттерді қам-
тиды.
А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы
да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі-
не, ар-ұжданына қайшы келмейтін,
адами мақсат-мүддені көздейтін, та-
рихи шындықпен, прогреспен ұштасып
жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғам-
ның адалдығы жайында өзіндік па-
йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан
да адамгершілік пен адалдық қасиет-
терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.
«Алдау қоспай адал еңбегін сатқан
қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», –
дейді кемеңгер Абай. А. – адамның
жеке басы мен моральдық тұлғасын
сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай-
да болмайды. Ол қоғамның дамуына
сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие-
сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек-
тену процесінде қалыптасып оты-
ратын ізгі қасиет. А. – жеке тұлғалар
мен адамдардың абырой-атағын арт-
тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі
аса ұнамды сапа. Адал – араб тілін-
де «рұқсат етілген», «таза» деген ма-
ғына беретін, білімімізге шариғат қа-
ғидалары арқылы енген сөз. Арам-
дық – моральдық қасиеттің адалдық-
қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған
алдау-арбау, суайттық, жымысқылық,
ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ-
ты жаман қылықтар жатады. Халық
арамдық бар жерде – сатқындық; әді-
летсіздік бар жерде – жәбір; жалған-
дық бар жерде – қиянат болатынын
өмір тәжірибесінен анықтаған.
Мұсылман халықтарында «адал, арам»
ұғымдарына өте зор мән беріледі.
Алғашқысы «жақсы адам» дегенді біл-
дірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам»
дегенді ұқтырады. Адал – ешкімнің
ақысын жеп, ала жібін аттамай, өз
еңбегімен дүние жинап, күн көріп
жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия-
нат қылмайтын жан; арам – дүние-
малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық-
сұмдық, алдау-арбаудан жиналған,
сонымен күн көріп жатқан екіжүзді,
обал-сауаппен санаспайтын, жымыс-
қы адам.
Адамдар саналы түрде бірге өмір
сүргенде, өздері орындайтын, басшы-
лыққа алатын талаптар жасап, олар-
ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты-
рып отырды. Соның нәтижесінде адам-
дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу-
еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо-
йылатын талаптарды, олардың шека-
расын анықтаған. Сондықтан олар
жеке басының қалауымен өмір сүріп,
ойына келгенін істей алмаған. Өздері
мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп,
пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын
қамтамасыз ететін шарттар аумағын-
да әрекет жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: