Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет261/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   877
ЕСТЕ

ЕСТЕ


184

ңы). Уақыт өте бұл теория көптеген 

шешілмейтін  проблемаларға  кездес- 

ті,  ол  проблеманың  негізі  –  адам 

есінің  таңдамалылығын  түсіндіру, 

естің  ассоциациялық  табиғатының 

негізінде түсіндіру мүмкін болмады. 

Дейтұрғанмен,  естің  ассоциативті 

теориясының  оны  тану  үшін  пайда- 

сы көп болды. XIX ғасырдың аяқ ке- 

зінде  естің  ассоциативтік  теориясы- 

ның орнына кезекке гештальттеория 

келді. Теорияның негізгі ұғымы мен 

басты  қағидасы  алғашқы  элемент- 

тердің  ассоциациясы  емес,  ал  оның 

тұтас  ұғымы  –  гештальт  болып  та- 

былады.  Гештальтизм  теориясы  ес- 

тің  ассоциативтік  теориясын  қатты 

сынға  алды  (гештальт  –  неміс  сөзі, 

қазақшалағанда  бейне,  тұтас  құры- 

лым  деген  мағынада  қолданылады). 

Гештальтизм  теориясының  негізгі 

ұғымы  –  генетальт  ұғымы  –  тұтас 

ұйымды,  құрылымды  білдіреді. 

Сонымен,  ассоциативтік  теорияның 

заттар мен құбылыстарға қарапайым 

элементарлық көзқарасына гешталь- 

тизм  ең  алдымен  элементтер  синте- 

зі,  тұтастық  қағиданы  қарсы  ұсын- 

ды.  Гештальтизм  теориясының  жақ- 

таушылары  адамның  практикалық 

іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы 

сұраққа жауап бермеді және өз шеші- 

мін  таппады.  Сондықтан  да  естің 

генезисі  туралы  мәселе  күн  тәртібі- 

нен  алынып  тасталды.  Осы  сұраққа 

психологиялық  зерттеулердің  басқа 

да  екі  бағытының  өкілдері  жауап 

бермеді  –  бихевиоризм  және  пси- 

хоталдау.  Бихевиоризмді  жақтау- 

шылардың  көзқарастары  ес  пробле- 

масына  ассоциативтік  теория  өкіл- 

дерінің  көзқарастарына  жақын  бол- 

ды. Олардың арасындағы бірден-бір 

мәнді  жалғыз  айырмашылық  –  би- 

хевиористер материалды еске сақтау- 

да  бекітудің  рөлін  бағалады,  үйрету 

үрдістеріндегі естің қалай жұмыс іс- 

тейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді.

З.Фрейд және оның жақтаушылары- 

ның еңбегі адам есін зерттеуде еске 

сақтау  мен  ұмытудың  мнемикалық 

үрдістерінде жағымды және жағым- 

сыз  эмоциялардың  рөлін  анықтауға 

ерекше мән берді. Психоталдау тео- 

риясының арқасында адамның түрт- 

кілер  саласымен  байланысты  ұмы- 

тудың  көптеген  қызықты  психоло- 

гиялық  амалдарын  анықтады  және 

суреттеді.  Кибернетиканың  ғылым 

ретінде дамуының басталуымен есеп- 

теу  техникасы  мен  математикалық 

программалаудың  білімнің  бұл  са- 

лаларында пайда болуы психология- 

дан  тәуелсіз  ес  үрдістерін  моделдеу 

басталған болатын, дәлірек айтқанда, 

еске  сақтаудың  амалдары,  еске  сақ- 

таудың тәсілдері және ақпаратты қай- 

та жаңғырту электронды-техникалык 

құрылымның және электронды есеп- 

теу  машиналары  үшін  бағдарлама- 

лардың  көмегімен  іске  асырылды. 

Соңғы  онжылдықта  осындай  зерт- 

теулердің нәтижесінде бай материал 

жинақталды,  адам  өзінің  қызмет  іс- 

теу заңдарын түсіну үшін оның пай- 

дасы орасан зор болды. Өз кезегімен 

бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзін- 

дік психологиялық зерттеулеріне де- 

ген қызығушылығы арта түсті, себебі 

олар  үшін  алгоритмдер  мен  маши- 

налардың  есін  жетілдіру  үшін  мүм- 

кіншіліктер ашып отыр. Осындай өз- 

ара қызығушылық психологияда соң- 

ғы  жылдары  акпараттық-киберне- 

тикалық  деп  аталатын  естің  жаңа 

теориясының  қалыптасуына  алып 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет