Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет258/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   877
ЕРІК

ЕРІК


182

көруге  болады:  Ерікті  амал-дайын- 

дық  кезеңі-мақсат  қою-тілек-қалау-

мотивтер күресі-тоқтамға келу-орын- 

дау кезеңі.

ЕС  –  сыртқы  дүние  заттары  мен 

құбылыстарының адам миында сақ- 

талып,  қайтадан  жаңғыртылып,  та- 

нылып,  ұмытылуын  бейнелейтін 

процесс.  Е.  –  күрделі  психикалық 

процестердің  бірі.  Е.  есте  қалдыру, 

қайта  жаңғырту,  тану,  ұмыту  се- 

кілді  процестерден  тұрады.  Естің 

физиологиялық  негіздерін  бір  кезде 

И.П.Павловтың  жүйке  жүйесінің 

пластикалық қасиеті туралы ілімі тү- 

сіндіретін.  Жүйке  жүйесінің  плас- 

тикалылығы  дегеніміз  –  түрлі  қозу- 

лардан  қалған  әсерлердің  қайтадан 

уақытша  байланысқа  түсе  алу  қабі- 

леті.  Уақытша  байланыстардың  ті- 

келей тітіркендіргіштер әсер етпеген 

жағдайда  да  мида  жасалынуы  ойда 

бұрынғы  байланыстардан  із  қалып 

отыратындығын  көрсетеді.  Бірақ 

бұл жалпы долбар. Өйткені адам есі- 

нің мимен қалайша байланысты екен- 

дігі  жөнінде  ғылымда  әлі  нақтылы 

деректер жоқ.

Мәселен,  ес  құбылысының  табиға- 

тын зерттеуші ғалымдардың бір тобы 

оны  мидағы  электр  құбылыстары- 

мен байланыстырса (есті зерттеудегі 

электрофизиологиялық  бағыт),  енді 

бір  зерттеушілер  есті  мидың  нейро- 

химиясына қарай түсіндіргісі келеді. 

Соңғы  бағыттың  өкілдері  мидың 

кейбір  жасушаларын  бір  сыдырғы 

зерттегенмен  естің  бүкіл  ми  масса- 

сынан  алатын  орнын  әлі  анықтай 

алмай келеді. Бір нәрсені еске сақтау – 

оны  байланыстыру  деген  сөз.  Ес 

процесінің  негізі  болып  табылатын 

байланыстарды  психологияда  ассо- 

циация деп атайды. Егер бұрын бірне- 

ше объектіні бір мезгілде немесе бі- 

рінен соң бірін елестетсек, не ойла- 

сақ  бұлардың  арасында  байланыс 

пайда болады. Кейін объекттің біре- 

уін ғана елестетсек миымызда оның 

қалған бөлігін тудыруға себеп бола- 

ды. Ассоциациялық принципті алғаш 

рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшы- 

лы Аристотель (б.д.д. 384-322) болды.

Аристотель ассоциацияларды тек ті- 

келей  елестетумен  байланыстырып, 

психикалық  әрекетін,  қалған  түрле- 

рін (ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге 

бұл принципті қолданбады. Ғылым- 

да тұңғыш рет ассоциация ілімін шарт- 

ты рефлекс теориясымен делелдеген, 

осы негізде көптеген психикалық про- 

цестердің  табиғатын  түсінуге  бола-

тындығын  көрсеткен  ұлы  орыс  ға- 

лымы И.П.Павлов болды.

И.П.Павлов  психологияда  ассоциа- 

циялар  деп  аталатын  құбылыс  ми 

қабығында екі қозу процесінің қабат- 

тасып келуіне байланысты пайда бо- 

лып, сан рет қайталаудың нәтижесін- 

де  бекіп  отыратын  уақытша  байла- 

ныстар  екенін  түсіндірді.  Ұлы  ға- 

лым  бұл  туралы  былай  деп  жазды: 

«Уақытша  жүйкелік  байланыс  – 

жануарлар дүниесінде де, біздің өзі- 

мізде де байқалатын жан-жақты фи- 

зиологиялық құбылыс. Сонымен қа- 

тар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлер- 

ден құрылса да немесе әріп, сөз, әл- 

де  ойдан  құрылса  да  психикалық 

құбылыс болып табылады, оны пси- 

хологтар ассоциация деп атайды. Ас- 

социациялардың  Аристотель  зама- 

нынан  белгілі  үш  түрі  бар.  Олар: 



іргелестік,  ұқсастық  және  қарама-

қарсылық ассоциациялар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет