АББРЕВИАТУРА – шартты қыс-
қартылған сөздер, мысалы: т.т. –
тағысын тағылар; т.б. – тағы бас-
қалар; т.с.с. – тағы сол сияқтылар.
қысқартылған атаулар; мысалы: пс.
ғ.к. – психология ғылымдарының кан-
дидаты; пс.ғ.д. – психология ғылым-
дарының докторы; п.ғ.к. – педагоги-
ка ғылымдарының кандидаты; п.ғ.д. –
педагогика ғылымдарының докто-
ры; х.ғ.к. – химия ғылымдарының кан-
дидаты; х.ғ.д. – химия ғылымдары-
ның докторы; Ж.ж.ж. – жоғары жүй-
ке жүйесі.
АБДИКАЦИЯ – лауазымдықтан,
басшылықтан безу, іс-әрекет жүйе-
сінде белгілі бір әлеуметтік-психо-
логиялық статусқа бейімделіп қалу.
АБЕРРАЦИЯ – (лат. aberratio – қаз.
қашу, аулақ болу, алжасу) – тұрақты
қалыптан ауытқу; ағзаның дағдылы
қалыптан ауытқуы. Көздің оптика-
лық жүйесінің нәрсені күңгірт бейне-
леуін түсіндіруде қолданылады. Жа-
рық сәулесінің линзадан шағылысып
өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұр-
маланған кескінді көрсетуден тұра-
тын құбылыс. Сфералық және хрома-
тикалық А. болады: Сфералық А. жағ-
дайында жарық сәулелері линзаның
перифериялық нүктелері арқылы өт-
кенде, оның ол нақ орталық бөлігі-
нен өткен сәулелерге қарағанда жа-
қын бipiгеді. Хроматикалық А. жағда-
йында спектрдің қысқа толқынды сәу-
лелерінің (әcipece, көк күлгін түсті)
фокусы ұзын толқынды сәулелерінің
(қызғылт, сары-қызғылт) фокусына
жақын орналасқан. А.-ның түйсіну
мен қабылдау процестеріне әсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |