Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет349/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   877
ИГЕР

ИГІЛ


246

Бұл  мағынада  жағымды  материал- 

дық  және  рухани  құндылықтарды 

білдіретін бағамдаушылық сана мен 

құндылықтар туралы ілімнің (аксио- 

логияның)  жалпы  ұғымы  болды. 

Материалдық  құндылықтарға  рақат 

көру,  пайдалылық,  әл-ауқаттылық, 

қолайлылық,  рухани  жақсылық, 

әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық 

жатады.  И-тер  адамның  жоғарғы 

немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы не- 

месе  шартты  И-тер  болып  саралан- 

ды:  соңғылары  ілгерідегілеріне  же- 

тудің  құралы  делінді.  Абсолют  И. 

деп  өздігінен  алғанда  бағалы  және 

қалаулы  И-тер  деп  аталды.  Әртүрлі 

философиялық және әдептік ілімдер- 

де абсолюттік И. адамның мәнін жә- 

не  оның  әлемдегі  орнын  (қоғамда- 

ғы,  ғарыштағы)  ұғына  байланысты- 

ра  баяндау  болды.  Гуманистік  дү- 

ниетаным  кемел  әрі  еркін  адамның 

басқа  адамдармен,  қоғаммен  және 

табиғатпен үйлесімді мұратын И. деп 

біледі.


ИДЕАЛ – мұрат. И. – адамның өмір- 

ден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үл- 

гі, ардақ тұтып қастерлеуінен туын- 

дайды. И.(мұрат) – адамның алдына 

қойған  аса  ардақты,  ең  асыл  мақса- 

ты.  Адам  осыған  жету  үшін  қолдан 

келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат- 

қа  жету  үшін,  қолдан  келетін  әдіс-

тәсілдің  бәрін  сарқа  пайдаланып,  

оған  күшті  ерік-жігер  және  қажыр-

қайратты жолдас етіп өзін тәрбиелеу- 

ге  кірісу  керек.  И.-  жақсыға  жетуді 

арман  етіп,  сол  үшін  әрекет  жасау. 

И.  дүниетаным,  айқын  сенім,  сөз 

бен істің байланысы бар жерде ғана 

болады.  Балаларды  асыл  мұраттар 

рухында тәрбиелеу – ата-аналар мен 

педагогтардың және әлеуметтің мін- 

деттерінің бірі.

ИДЕНТИФИКАЦИЯ  (лат.iden-

tificatio  –  ұқсас,  бірдей  деп  санау, 

теңестіру). 1) бір нәрсені, біреуді та- 

ну;  2)  бір  нәрсемен,  біреумен  ұқ- 

састыру,  теңдестіру.  Бірінші  мағы- 

насында  И.  термині  танымдық  про- 

цестер  психологиясында,  сондай-

ақ  инженерлік  психология  мен  заң 

психологиясында  қолданылады;  И. 

екінші мағынасында субъекттің өзін 

басқа  субъектпен,  топпен,  үлгімен 

ұғынбай  теңестіруінің  эмоциялы-

когнитивті  процесі;  3)  әлеуметтік 

психологияда индивидтің өзін басқа 

адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның 

орнына  қоюы,  оның  жеке  бастық 

мағыналарын  игеруі.  Соған  сәйкес 

мінез-құлық  нысандары  (альтруизм, 

эмпатия,  т.б.)  пайда  болады.  И.  нә- 

тижесі бақылау арқылы объектіні үй- 

ренуі және оған еліктеуі.

И. барысында субъект объекттің сырт- 

қы  мінез-құлық  нысандарын,  басқа 

адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін 

өзіне  көшіреді.  И.  барысында  басқа 

адамның идеалдары, құндылықтары, 

нормалары, өнеге сапалары, рөлдері 

меңгеріледі,  игеріледі.  И.  даму  пси- 

хологиясында  баланың  басқа  адам- 

дардың  психологиясы  мен  қылық- 

тарына  өзін  теңестіруінен  көрінеді. 

И-да бала өзі үлгі тұтқан басқа адам- 

дардың  қасиеттері  мен  қылықтарын 

қабылдайды (қ. ұқсастыру).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет