246
Бұл мағынада жағымды материал-
дық және рухани құндылықтарды
білдіретін бағамдаушылық сана мен
құндылықтар туралы ілімнің (аксио-
логияның) жалпы ұғымы болды.
Материалдық құндылықтарға рақат
көру, пайдалылық, әл-ауқаттылық,
қолайлылық, рухани жақсылық,
әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық
жатады. И-тер адамның жоғарғы
немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы не-
месе шартты И-тер болып саралан-
ды: соңғылары ілгерідегілеріне же-
тудің құралы делінді. Абсолют И.
деп өздігінен алғанда бағалы және
қалаулы И-тер деп аталды. Әртүрлі
философиялық және әдептік ілімдер-
де абсолюттік И. адамның мәнін жә-
не оның әлемдегі орнын (қоғамда-
ғы, ғарыштағы) ұғына байланысты-
ра баяндау болды. Гуманистік дү-
ниетаным кемел әрі еркін адамның
басқа адамдармен, қоғаммен және
табиғатпен үйлесімді мұратын И. деп
біледі.
ИДЕАЛ – мұрат. И. – адамның өмір-
ден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үл-
гі, ардақ тұтып қастерлеуінен туын-
дайды. И.(мұрат) – адамның алдына
қойған аса ардақты, ең асыл мақса-
ты. Адам осыған жету үшін қолдан
келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат-
қа жету үшін, қолдан келетін әдіс-
тәсілдің бәрін сарқа пайдаланып,
оған күшті ерік-жігер және қажыр-
қайратты жолдас етіп өзін тәрбиелеу-
ге кірісу керек. И.- жақсыға жетуді
арман етіп, сол үшін әрекет жасау.
И. дүниетаным, айқын сенім, сөз
бен істің байланысы бар жерде ғана
болады. Балаларды асыл мұраттар
рухында тәрбиелеу – ата-аналар мен
педагогтардың және әлеуметтің мін-
деттерінің бірі.
ИДЕНТИФИКАЦИЯ (лат.iden-
tificatio – ұқсас, бірдей деп санау,
теңестіру). 1) бір нәрсені, біреуді та-
ну; 2) бір нәрсемен, біреумен ұқ-
састыру, теңдестіру. Бірінші мағы-
насында И. термині танымдық про-
цестер психологиясында, сондай-
ақ инженерлік психология мен заң
психологиясында қолданылады; И.
екінші мағынасында субъекттің өзін
басқа субъектпен, топпен, үлгімен
ұғынбай теңестіруінің эмоциялы-
когнитивті процесі; 3) әлеуметтік
психологияда индивидтің өзін басқа
адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның
орнына қоюы, оның жеке бастық
мағыналарын игеруі. Соған сәйкес
мінез-құлық нысандары (альтруизм,
эмпатия, т.б.) пайда болады. И. нә-
тижесі бақылау арқылы объектіні үй-
ренуі және оған еліктеуі.
И. барысында субъект объекттің сырт-
қы мінез-құлық нысандарын, басқа
адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін
өзіне көшіреді. И. барысында басқа
адамның идеалдары, құндылықтары,
нормалары, өнеге сапалары, рөлдері
меңгеріледі, игеріледі. И. даму пси-
хологиясында баланың басқа адам-
дардың психологиясы мен қылық-
тарына өзін теңестіруінен көрінеді.
И-да бала өзі үлгі тұтқан басқа адам-
дардың қасиеттері мен қылықтарын
қабылдайды (қ. ұқсастыру).
Достарыңызбен бөлісу: