Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет372/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   877
КЕҢІ

КЕҢІ


263

ты  заттан  айыра  алмаған.  Сондай- 

ақ,  жаңағы  бала  екі  нәрсенің  ара- 

сындағы  қашықтықты  да  ажырата 

білмеген.

Бір  нәрсені  қашықтыққа  қойып, 

оны енді ал дегенде ол қолын олай-

бұлай  созып,  дәл  ұстай  алмай,  қар- 

малап жүріп қолын нәрсеге әзер жет- 

кізген.  Бала  нәрсені  қолына  алып 

сипап  байқағаннан  кейін  ғана  оның 

үлкендігін, формасын т.б. айыра ал- 

ған.  Бұл  айтылғандар  кеңістікті  қа- 

былдауда  кинестезиялық  түйсіктер 

де қатынасатындығын көрсетеді. Ке- 

ңістікті дұрыс қабылдап үйрену кіш- 

кентай  кезден  басталады.  Мәселен, 

мектеп жасына дейінгі балалар түрлі 

нәрселерді  ұстап,  байқап,  сипап  қа- 

райды,  олардың  формасын,  үлкен-

кішілігін көреді. Кейін есейіп, тәжі- 

рибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде 

заттардың кеңістікке орналасуын жақ- 

сы аңғара алатын болады. Заттардың 

кеңістікте  орналасуын  дұрыс  біле 

алудың адамның іс-әрекеті үшін (әсі- 

ресе, шоферлерге, ұшқыштарға, сурет- 

шілерге, әскери қызметкерлерге, дәл 

аппарат  жасайтын  мамандарға  т.б.) 

қаншама маңызды екендігі түсінікті.

Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы 

материяның өмір сүруінің объектив- 

тік  реалды  формасы.  «Дүниеде  қоз- 

ғалушы  материядан  басқа  еш  нәрсе 

жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік 

пен  уақыттың  ішінде  қозғалмайын- 

ша  басқаша  қозғала  алмайды».  Уа- 

қытты  қабылдау  да  сыртқы  дүние- 

дегі  заттар  мен  құбылыстарда  бо- 

латын өзгерістердің санаға әсер етіп 

қалдыратын бейнесі. Уақыт  дүние- 

дегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан 

екінші  қалыпқа  көшіп,  ескі  заттар- 

дың жоғалып, олардың орнына жаңа 

заттардың  пайда  болып  отыруының 

көрсеткіші.  Шындық  құбылыстар- 

дың  тізбегі,  бір  ізділігі,  объективтік 

ұзақтылығы  уақытты  қабылдау  ар- 

қылы белгілі болып отырады. Сыртқы 

дүниедегі  оқиғалардың  бәрі  бір  ба- 

ғытта,  яғни  өткен  шақтан  осы  шақ- 

қа,  одан  келер  шаққа  қарай  ағады. 

Осылай бір бағытта ағу  сыртқы дү- 

ниедегі  оқиғалардың  объективтік 

белгісі.

Бұлар  жеке  адамның  түйсігінен, 

қабылдауынан  тыс  болып  отыратын 

реалды  құбылыстар.  Уақытты  қа- 

былдау  бірнеше  компоненттерден 

тұрады. Соның бірі  уақыттың рит- 

мі. Уақыттың ритмі  құбылыстардың 

белгілі  ырғақпен  өтіп  жататын  бір 

ізділігі. Уақыт темп арқылы өлшене- 

ді.  Темп    құбылыстардың  бір  із- 

ділігінің, тездігінің не баяулығының 

көрсеткіші. Уақыттың шақтарын қа- 

былдауда  субъективтік  моменттер 

де орын алады. Мәселен, өткен шақ 

адамға өте қысқа мерзімді болып кө- 

рінеді.  Өткен  шақты,  әсіресе  бізден 

алыс  дәуірді  минуттап,  сағаттап  са- 

нап отырмай, айлап, жылдап, ғасыр- 

лап, дәуірлеп есептейміз. Осы соңғы- 

ларға  байланысты,  өткен  оқиғалар 

адамға  көмескілеу  болып  та  көрі- 

неді.  Уақыттың  өтуінің  түрліше  қа- 

былдануы  сол  кезеңде  өткен  оқиға- 

ларға байланысты. Осы шақтың (үс- 

тіміздегі  дәуір)  бізден  алысырақ 

мерзімдері  ғасыр,  жыл,  ай  ұғымда- 

рымен белгіленсе, оның бізге жақы- 

нырақ  кезеңдері  күн,  сағат,  минут, 

секундпен есептелінеді. Осы шақ әр 

кез объективтірек болып қабылдана- 

ды,  өйткені,  бұл  кезең  нақтылы  ісі- 

мізбен, сөзімізбен, тікелей қабылда- 

уымызбен  ұштасып  жатады.  Өткен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет