Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет445/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   877
ҚАРАПАЙЫМ  ЭТНИКАЛЫҚ 

БІРЛІК.  Негізгі  этникалық  қауым- 

дастықтың  ең  кіші  құрамдас  бөлік- 

тері. Бұларға шағын этникалық топ- 

тар, әртүрлі деңгейдегі (толық, толық 

емес) отбасылары жатады. Этнопси- 

хологиялық  зерттеулерде  Қ.э.б.  нақ- 

ты объект ретінде қарастырылады.

ҚАРАШЕВ  ҒҰМАР  (1876-1921)  – 

қазақтың рухани мұрасының дамуы- 

на  елеулі  үлес  қосқан,  педагогика, 

психология  ғылымдары  саласында 

сындарлы ой-пікір айтқан ғұлама тә- 

лімгер ақын, кезінде ишан, ақын, қа- 

зы атанғанымен, өмірінің соңғы жыл- 

дарында ол ағартушылық жолға түсе- 

ді. Оның демократиялық көзқарасы- 

ның  қалыптасуына  1905-1907  жыл- 

дардағы бірінші орыс буржуазиялық 

төңкерісінің,  сондай-ақ  орыс,  қазақ 

ағартушы-демократтарының идеяла- 

ры елеулі әсер етеді.

1910-1918  жылдары  Ғ.Қарашевтың 

«Ойға  келген  пікірлерім»,  «Өрнек», 

«Қарлығаш», «Тұмыш», «Балатұлпар», 

«Аға тұлпар», «Көксілдер», «Шайыр», 

«Бөдел  қажы»,  «Тұрымтай»,  т.б.  кі- 

таптары,  өлең-жырлары  Орынбор, 

Уфа, Қазан қалаларында татар, қазақ 

тілдерінде басылып шықты.

Ғ.Қарашев тіл үйрену, білім алу мә- 

селелеріне ерекше маңыз береді. Бұл 

жайында  ақын  пікірлерін  қысқа  да 

нұсқа афоризм түрінде келтіріп оты- 

рады. Олар: Тіл – көңілдің ашқышы, 

Көңіл  –  жарық,  жан  –  қиял,  Бі- 

лім – бақтық, Қараңғыда жол қия, т.б.

1919  жылы  Орда  қаласында  «Мұға- 

лім» журналы шыға бастағаны белгі- 

лі. Оны шығарушылардың бірі және 

әдеби  редакторы  Ғ.Қарашев  болды. 

«Мұғалімнің» бірнеше нөмірінде оның 

«Педагогика»  атты  еңбегі  басылды.  

Ол тәлім-тәрбие мәселесін өз ұғымын- 

ша  қалай  болса  солай  жаза  салмай- 

ды.  Ескі  заманда  педагогикалық  пі- 

кірлер айтқан түрлі ойшылдарға (Арис- 

тотелъ,  Сократ  т.б.)  назар  аударып, 

олардың еңбектерін екшеп, талдап жи- 

нақтайды.  Оның  педагогикалық  қи- 

сындары Сократтан гөрі Аристотель- 

ге  көбірек  жанасады  дейтін  пікірі 

талас тудырмайды.

Ол  адамның  мінез-құлқын  қалып- 

тастыруда  еңбектің  маңызына  ерек- 

ше мән береді, кімде-кім өзінің міне- 

зі және істейтін жұмысы туралы ыл- 

ғи  да  ойланбай  тұра  алмайды,  адам 

іс-әрекет үстінде өсіп-жетіледі, мінез-

құлықты  дұрыс  қалыптастыру  үшін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет