Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет446/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   877
ҚАРА

ҚАРА


314

жалаң  ой  мен  жел  сөзден  аулақ  бо- 

лып, бала тәрбиелеу ісіне ерекше кө- 

ңіл аудара қарап, ақтара тексеріп оты- 

ру қажет, «ата-ана бала мінезін жақ- 

сы жолға салуда, кей нәрсенің себе- 

бін түсіндіріп, ерте бастан мынау жақ- 

сы,  мынаны  істеуге  болмайды  деп 

үйретуі тиіс» дейді. Баланың ақылы 

бірте-бірте өспекші, міне осы мезгіл- 

де оған жолбасшылық ету тәрбиенің 

басты  бір  шарты.  Үйретудің,  жол 

көрсетудің  қай  орында  тұрғандығы 

осыдан көрінсе керек.

Балаға ұрсу, жекіру жолымен үгіттеу- 

дің пайда бермейтіндігін айта келіп: 

«Бала өзіне жаза күтіп тұрған кезін- 

де, иә болмаса жаза тартып болысы- 

мен  үгіттеуден  сақтану  керек.  Мұн- 

дай  кезде  берілген  үгіттің  тудыра- 

тын  әсері  жақсы  сөзден  жиренуден 

басқа ештеңе емес!» – деп мәселенің 

психологиялық астарына үңіледі.

Ғ.Қарашев жас ұрпаққа тәлім-тәрбие 

беруде  мұғалім  негізгі  тұлға  екенін 

әр кез естен шығармайды. Ол мұғалім- 

ге  қойылатын  талап-тілекке  оқыту, 

үйрету,  тәрбиелеу  ісіне  жеңіл-желпі 

қарамай,  оған  аса  жауаптылық  пен 

тиянақтылық керек екенін ескертеді. 

«Жансыз түсіндіру, – дейді ол, – тың- 

дауға тартымсыз және де естуге ауыр 

болудың үстіне тез ұмытылатын бо- 

лады. ...Мұғалім болған адамның шә- 

кірттері риза боларлықтай мінезі, олар- 

ды  толық  қанағаттандырарлықтай 

білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ 

ұстаздан шәкірт тәлім көре алмайды. 

Мұны мықтап есте ұстау керек. Шә- 

кірт  өзі  жан-тәнімен  сүйген  мұға- 

лімінен ғана тиянақты білім ала ала- 

ды», – деп өз ойын тұжырымдайды. 

Ғ.Қарашев баланың үйдегі тәлім-тәр- 

биесіне де ерекше мән береді. Тәлім-

тәрбие ісі әулеттің ортақ мүддесі екен- 

дігін  айтады.  Сондай-ақ,  іскерлігі 

мол  адамдардың  да  өнеге  үлгісінің 

үлкен маңызы бар. «Бір адам өзінің 

жағымсыз  мінез-құлықтарын  түзе- 

тетін болса, – дейді ол, – мұның әсері 

тіпті семьясынан да асып, туысқан ұр- 

пақтарына, онан да кеңейіп отандас- 

тарына да жұғады».

ҚАРТАЮ  –  организм  мен  психи- 

каның инновациялық өзгерістері (да- 

мудың тежеліп, кері жүруі). Қарттық 

шақта (75-90 жас) денсаулықтың өр- 

шіген  әлсіреуі,  физикалық  күштің 

сөнуі,  жаңғалақтық  пен  ұмытшақ- 

тық пайда болып, басқа да жағымсыз 

мінез бітістері күшейеді. Кейбір қарт- 

тарда авторитарлық (өзбеткейлік) кү- 

шейсе,  ал  басқаларында  ауыру  сал- 

дарынан  физикалық  жәрдемсіздік, 

сентималдылық  пайда  болады.  Егер 

адам  өзінің  өткен  өмірін  жағымды 

бағаласа, онда ол қанағаттылық сезі- 

мін, міндет пен парыздың орындал- 

ғандығы және өз тәжірибесімен бөлі- 

су сезімін бастан кешіреді.

Ал егер адам өз өткен өмірінде өзін-

өзі  жүзеге  асыра  алмаса,  қойылған 

мақсаттарға жете алмаса, сүрген өмір- 

дің пайдасыздығы, сезімі, күдер үзу 

пайда  болады.  Шығармашылық  ма- 

мандықтардағы адамдар қарттық шақ- 

та  да  жоғары  ақыл-ой  қабілеті  мен 

еңбек өнімділігін сақтай алады. Қарт- 

тық шақ – қоғамның өндірістік өмі- 

ріне тікелей қатысудан айырылумен 

байланысты өмірдің соңғы кезеңі. Қ. 

кезеңін  кемелдік  кезеңнен  бөлетін 

шекараны  хронологиялық  анықтау 

қарттық  белгісінің  пайда  болуында- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет