ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – патша
өкіметінің отаршылдық саясатымен,
кеңестік әміршілдік коммунистік
идеология тұсында қазақ ұлтында
тұлғалық және этностық қолайсыз
қасиеттердің (жарамсақтық, жалтақ-
тық, жағымпаздық, бұйығылық, үрей-
шілдік т.б.) пайда болған келеңсіз
қасиеттердің жиынтық атауы.
ҚҰЛЕКЕҰЛЫ ШАЛ (1748-1819).
Шал Құлекеұлының бізге жеткен
шығармаларының дені – импровиза-
ция – суырып салма түріндегі өлең-
дер. Өзінен бұрынғы ақын, жыраулар-
дай Шал да бұл жерде ерен жүй-
рік болған. Кезінде Шал жырла-
рының халық арасында кең тарауы,
оның есімінің жұрт аузында сүйіс-
пеншілікпен аталуы жыраудың арда-
гер, азамат – ақын болғандығын бай-
қатады. Шал ақын шығармаларын-
да адам өмірінің көптеген мәселеле-
рі: бұл дүниеде өмір сүрудің мәні,
қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ-
тардың көңіл күйі, мінез бітістері,
олардың адамгершілік сипаттары т.б.
сөз болады.
Әрине, Шал өлеңдерінде де ислам
дінінің мотивтері жиі ұшырасады.
Ол мұсылманша сауатты, діни қағи-
даларға біршама жетік, өз заманы үшін
білімдар адам. Бірақ ақын әрбір сө-
зін құдай, пайғамбар атымен байла-
ныстыра бермейді, өйткені, оның не-
гізге алатыны адам игілігі, яғни адам-
гершілікке қатысты мәселелер.
Адамгершілік моральді жырлаған
ақын өз шығармаларында жақсылық
қайдан шығады, жамандық неден
туады, жаман адамдар қандай деген
мәселенің төңірегінде біраз сөз қоз-
ғайды.
«Жақсыдан шарапат; жаманнан ке-
сепат» дегендей мұның бәрі сайып
келгенде адамдардың бір-бірімен
қатынасынан туындайды. Шал жақ-
сылықты ту етіп, оны мадақтайды,
жамандықты жерлеп, шенеп-мінейді,
ондайларды жұртқа жиіркенішті көр-
сетуге тырысады. Ақын өлеңдерінде
адамдарды түрлі әлеуметтік типтерге
бөлу, олардың өзіндік психология-
лық портреттерін көрсету біршама
дұрыс шыққан. Мәселен, ақынның
адамдардың жас мөлшеріне орай бер-
ген сипаттамаларын, әсіресе, жас-
тық-жігіттік шақтың ерекшеліктерін
көрсету ерекше көңіл аударарлықтай.
Ақын шығармаларында жігіттің «құр
жан», «тірі жан», «жігіт жан» деген
типтері жайлы сөз болады. Мәселен,
«құр жан» деп аталатын жігіт – кеу-
десінде әйтеуір жаны болғаны бол-
маса, өнер білімнен жұрдай, керенау,
кердең, жалқау да, қанағатсыз, істе
тындырымсыз біреу. Мұндай адам-
дарды уайым-қайғы, қуаныш көңіл
Достарыңызбен бөлісу: |