ОЛИГОФРЕНОПСИХОЛОГИЯ
(грек. oligos – аз, болмашы, phren –
ақыл және психология) – миының же-
тілмегендігі ауыр нысандағы адам-
дардың психикалық дамуын және
оны түзету мүмкіндіктерін зерттей-
тін арнаулы психологияның тарауы.
О. олардың ақыл-ой мешеулігінің се-
бептерін (жүйке жүйесінің туа біткен
кемістігі, аурудың не жарақаттану-
дың салдары) анықтайды, психоло-
гиялық ерекшеліктерін, кемістіктің
білінуінің нысандары мен дәрежесін
зерттейді. Оларды қосалқы мектеп-
терде оқытудың бағдарламалары мен
әдістемелерін жасауға жәрдемдеседі.
Олигофрения – ақыл-ой кемістігі. О.-
балалар миының перинатальды және
ерте постнатальды кезеңдердегі бұ-
зылуының нәтижесінде танымдық
әрекеттердің төмендеуінен болатын
психикалық дамымаудың ерекше
түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |