Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет66/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   877
АНТРОПОМОРФИзМ – грек. «ан- 

тропоз» – қаз. «адам» және «морфе» – 

АНТР

АНТР


47

«түр», «форма» деген екі сөзден құрал- 

ған. Табиғат құбылыстарымен жануар- 

ларды,  құдайларды  адам  сипатында 

елестететін түсініктер. А. – шынын- 

да тек адамдарда ғана болатын психи- 

калық қасиеттер мен қабілеттердің жа- 

нуарларда  да  болатыны  туралы  тү- 

сінік.

АНТРОПОЦЕНТРИзМ  –  ақиқат- 

тың барлық құбылыстары мен процес- 

терін түсіндіруде ортаға адамды қою 

қажеттілігі жөніндегі философиядағы 

бір тұжырымдама. А. өкілдері келесі 

болжамға сүйенеді: биологиялық эво- 

люция  заңдары  бірыңғай  және  олар 

міндетті түрде әртүрлі планеталарда 

өзін-өзі танитын материяның жоғар- 

ғы түрі – адамның бар болуына әкеле- 

ді.  Осы  болжамға  ғаламның  саналы 

өркениеттерімен байланыс орнату мүм- 

кіндігі негізделеді. Инженерлік пси- 

хологияда  (Инженерлік  психология- 



ны қараңыз) орталықта мәшине бола- 

тын  механоцентрлік  тұжырымдама- 

ның  орнына,  алдыңғы  орынға  адам 

қойылатын  антропоцентрлік  тұжы- 

рымдама келді. Мәшине енді тек адам- 

ның физикалық және психологиялық 

мүмкіндіктерін күшейтетін «қызмет- 

ші» рөлін атқаратын болды. Антропо- 

центрлік кешен – адам, компьютер, ор- 

та кіретін техникалық жүйе. А.к. бар- 

лық құрамдас компоненттері өзара ты- 

ғыз байланыста болып, бір-біріне әсер 

етеді. Адам А.к. орталық буыны бо- 

лып  табылады.  Осыған  байланысты 

өндірісте, басқаруда, танымда, оқыту- 

да, ойында және т.б. аралас адамдық-

мәшинелік  жүйелер  жасалады.  А.к. 

қызмет етуінің негізгі принциптері – 

адамдық  және  техникалық  компо- 

ненттердің бірлігі, тиімділік, гуманиза- 

ция,  сенімділік,  еңбек  субъектісінің 

оның барлық жағымды қасиеттері мен 

артықшылықтарымен  бірге  шешу- 

ші рөлі.


АҢДАУ – сананың болжамға сүйен- 

ген, көмескі көрінісі; танымның бас- 

тапқы сатысы. А. синонимі – аңғару. 

Адамның өзінің танымдық тәжірибе- 

сі негізінде сезім мүшелері арқылы қа- 

былдаған сыртқы (материалдық) және 

ішкі (рухани) дүние әсерін пайымда- 

уы, мәнін аңғаруы. Бұл процесс әрі қа- 

рай санамен, ақылмен зерделеуге, та- 

нуға  көшуі,  шын  танымға  айналуы 

мүмкін. Таным процесі түйсіну, сезіну, 

аңдау сатылары арқылы жүреді. Сезім 

мүшелері қызметінің сапасына, инди- 

видтің темпераменті мен ақыл-ой алғыр- 

лығына байланысты адамдардың аң- 

дағыштығында айырмашылықтар бо- 

лады.

АҢҚАУЛЫҚ – адам мінезіндегі нан- 

ғыштық, бейқамдық, қулығы жоқтық 

қасиет. Мінез-құлқының тұрақты қа- 

сиеттеріне айналуы, ең алдымен, сол 

адамның дүниетаным деңгейі мен ақыл- 

ой өрісіне байланысты. Адамдардың 

иланғыш,  сенгіштігіне  байланысты 

халқымыз адам мінезіндегі аңқаулық- 

тың әртүрлі сипаттарын «аңқаулану», 

«аңқаусу», «аңқаю», «аңғал», «аңғал- 

дық»,  «аңғырт»  дейді.  Кейбір  адам- 

дардың аңғалдықтарды әдейі жасай- 

тындықтарын мінеп-шеней, олар «аң- 

қау», «аңқаусиды», «аңғырттану», «аң- 

ғалданды» деген атаулармен анықтал- 

ған. Адамның иланғыштығы мен бей- 

қамдығы – аңқаулықтың көрінісі. А. 

білімсіздіктен  туындамайды.  Ол  мі- 

нез-құлықтағы аңғырттық қасиет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет