СөзДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ –
ойлау әрекетінің ерекше бір түрі.
Сөздік-логикалық ойлауда белгілі
ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттері
арқылы анықталып, жүйеге түседі.
Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей
сезімдік, таным тәжірибелеріне не-
гізделмейді. Ойдың шындығы мен
ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқы-
лы анықталады. С.-л.о. – ойлау түр-
лерінің бірі, ұғымдарды, логикалық
құрылмаларды пайдаланатынымен
сипатталады. С.-л.о. өз функциясын
тілдік құралдар негізінде атқарады
және ойлаудың тарихи және онто-
генездік дамуының неғұрлым кейін-
гі кезеңі болып табылады. Сөздік-
логикалық ойлаудың құрылымында
жалпылаулардың алуан түрлері өз
функцияларын атқарады.
СөЙЛЕУ – адамдардың материал-
дық өзгертуші іс-әрекеті процесінде
тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл ар-
қылы болатын қарым-қатынас ныса-
ны. С. қарым-қатынас мақсаты үшін
не (жеке жағдайда) өз іс-әрекетін
реттеу және бақылау мақсаты үшін
(іштей сөйлеу, Эгоцентрлік сөйлеу)
хабарламаларды туындату және қа-
былдау процестерін қамтиды. Пси-
хология үшін, ең алдымен, адамның
жоғарғы психикалық функциялары
жүйесіндегі орны, оның ойлаумен,
санамен, жадпен, эмоциялармен бай-
ланысы назар аудартады; бұл орайда,
оның тұлғаның және іс-әрекеттің құ-
рылымын бейнелейтін ерекшелікте-
рі ерекше маңызды. С. іс-әрекеттің
тұтас актісі (егер оның іс-әрекеттің,
басқа түрлерімен жүзеге аспайтын-
дай арнайы мотивациясы болса) не-
месе сөйлеушілік емес қарекетке
қамтылған сөздік қимылдар түріндегі
көрінетін сөйлеу қызметі деп қа-
растырылады.
С. карекетінің не сөздік қимылдың
құрылымы принципінде кез келген
әрекеттің құрылымымен үйлеседі,
яғни бағдарлану, жоспарлану (іштей
бағдарламалану нысанында), жүзеге
асу және бақылану сатыларын қам-
тиды. С. әр жолы жаңадан құрала-
тын белсенді және динамикалық сөз-
Достарыңызбен бөлісу: |