Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет798/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   877
УӘЛИ

УӘЛИ


553

сөз  нөсері,  бұлтаруға  ырық  бермей- 

тін ащы шындық, әзіл-шыны аралас 

өткір сөзбен қарсыласының қапысын 

тауып,  оны  кенеттен  мүдіртіп  тас- 

тау, беталды, мақсатсыз айтылған пі- 

кірталасының орын алмауы, әр сөзі- 

нің  мірдің  оғындай  болуы  –  Шоқан 

айтқандай,  қазақтардың  шешендік 

өнерге қабілетті, өлең мен жырға икем 

келетіндігінің айқын айғағы. Шоқан 

жалпы  көшпелі  халықтардың  қай-

қайсысына да осындай қасиеттің тән 

екендігін  атап  көрсетеді:  «Көшпелі 

елдердің  қай-қайсысының  болсын 

бір өзгешелігі – олар өлең-жырға бай, 

шебер  келеді.  Бәдәуилердің  ақын 

келетіндігі  Еуропа  халықтарына  әб- 

ден мәлім. Араб даласын кезгендер- 

дің бәрі де жалаңаш жүрген жас ба- 

ланың  өзіне  берілген  сұраулардың 

бәріне  қисынды,  ұйқасты  өлеңмен 

жауап  қайтаратынын  айтып  ауыз- 

дарының  суы  құриды.  Монғол,  тү- 

рік тектес рулар дәл осындай». Шо- 

қан  бұл  халықтарда  төкпе,  суырып- 

салма қасиеттің мұншалықты дамып 

жетілуінің сырын ашуға да тырысты. 

«Мұндай  қасиеттің  болуына  көш- 

пелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, 

болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала 

мен  моншақтай  тізілген  жұлдызы 

көп,  ашық  аспанды  сұлу  табиғат 

әсер етті ме, ол әзір бізге мәлімсіз». 

Шоқан  осындай  қабілеттің  пайда 

болуының көзі жазира кең даладағы 

көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың 

әсерінде жатқан болуы керек деп топ- 

шылайды.

Ғалым қазақ халқының ұлттық пси- 

хологиясын мына төмендегі пікірле-

рінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «...

қазақ – барлық сенім, әдетімен де, – 

деп жазды ол, – ойын-сауығымен де, 

әркез де жасаған адамдарының тари- 

хи мәні бар оқиғаларды баяндайтын 

поэтикалық  құны  күшті  аңыздар, 

өлең-жырлар  жасаумен  де,  сауыққа 

құмарлығымен де, халықтық заңның 

көптеген  кодекстерін  сақтаумен  де, 

соттық шешімдерімен де, полициялық 

шаралармен  де,  ең  ақылдылардың 

қатарына қосылады».

Көшпенді ата-бабаларымыздың пси- 

хологиясы  туралы  Шоқан  бір  еңбе- 

гінде тағы да былай деп жазды: «Та- 

рихи жағынан алғанда қазақ халқы- 

ның поэзиялық рухы тамаша, бірін- 

шіден, ақындарының еске тұту жайы 

барынша  ғажап  болғандықтан...  өз 

батырлары  туралы  деректерді  бұл 

күнге дейін бұрмалаусыз сақтап кел- 

ген,  екіншіден,  қазақтың  өткен  за- 

мандағы  аңыздары  мен  сенім-на- 

нымдарын соншалық бағзы қалпын- 

да  сақтауы  таңырқарлық.  Одан  да 

ғажабы – әсіресе, ақындарының эпи- 

калық  жырлары  кең  даланың  қай 

қиыр  түпкірлерінде  айтылмасын, 

бір ғана қолжазбадан көшірілгендей 

көшпелі орданың (қазақтың – Қ.Ж.) 

ауызша тарихының осыншалық дәл- 

дігі  таңырқарлықтай,  сөйтсе  де  бұл 

күдік  келтіруге  болмайтын  ақиқат 

факт».

Шоқан  Уәлихановтың  пікірінше, 



халықтардың ұлттық психологиясын 

көрсететін белгілердің бірі – сол ха- 

лықтың тіл байлығы, сөз өнері, ше- 

шендік қасиеттері. Ол сөз өнерін ха- 

лық  бойына  біткен  зор  таланттың, 

керемет қабілеттің, ақындық қуаттың 

белгісі деп санады. «Халықтың тұр- 

мысы  мен  әдет-ғұрпы,  –  деп  жазды 

ол,  бәрінен  де  артық  тілден  көрініс 

табады.  Өйткенді  қастерлеу  және 

аңыздарының молдығы – терістік жә- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   794   795   796   797   798   799   800   801   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет