Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет82/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   877
АТРИ

АТРИ


59

сілдері құрастырылды. Отандық пси- 

хологияда  бұл  мәселенің  әлеумет- 

тік құрастырылуы іс-әрекет процесі- 

нің  А.  жанамаланатыны  жөніндегі 

әдіснамалық принципі негізінде жү- 

зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің 

бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт- 

сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі- 

гін мойнына арту мен қабылдау құбы- 

лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша, 

жоғары дамыған топтарда, ұжымдар- 

да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым 

мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.



АТРОФИЯ – сему, кему (бір мүшенің 

сезгіштік қасиетінің кемуі). А. деп әр- 

түрлі  жағдайлардың  (қимыл-қозға- 

лыстың жоқтығынан, психикалық күй- 

лердің төмендігінен) әсерінен психи- 

ка  функциясының  тозуын,  азғында- 

луын және кемуін атайды. А. – орга- 

никалық  құрылымның  дегенерация- 

сы, солуы. Кейбір психикалық функ- 

цияның күшінің болмауынан немесе 

басқа  да  жағымсыз  жағдайлардың 

(ұзақ уақыттық стресс, шиеленістер, 

фрустрация,  наркотиктер,  интокси- 

кация  және  т.б.)  әсерінен  дегенера- 

циялануы.

АТТИТЮД – әлеуметтік белгіленген 

бағдар,  тұлғаның  басқа  адамдармен 

қарым-қатынасы жағдайында белгілі 

бір  мінез-құлықты  жүзеге  асыруға 

бейімділігі, даярлығы. А. термині бел- 

гілі  бір  әрекетке  физикалық  немесе 

ақыл-ойдың  дайындық  күйі:  адам- 

ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде 

түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар- 

дағы  бағдар  ұғымын  қолдану  аме- 

рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна- 

нецкийдің  аттарымен  байланысты. 

Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік 

құндылықтарға  (ақша,  атақ-мансап, 

бөтен  адамдарға,  жақындарға  және 

т.б.)  бейімділігі  ретінде  сипаттады. 

Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің 

реакцияларына  бағыттаушы  және 

динамикалық  әсер  беретін  тәжірибе 

негізіндегі  психологиялық  даярлық 

күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр- 

де құнды бағдарлар белсенді теория- 

лық және практикалық іс-әрекет ба- 

рысында, білімдерді игеру, басқа адам- 

дармен өзара әрекеттесу және қарым-

қатынас нәтижесінде қалыптасады.



АТТРАКЦИЯ  –  жағымды  эмоция- 

ның негізінде бір адамның екінші адам- 

ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам- 

дардың тұлғааралық қабылдауы жағ- 

дайында  бірінің  бірі  үшін  сүйкім- 

діліктің, тартымдылықтың пайда бо- 

луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік 

бағдарға жатады. Субъектіде А. оның 

арнайы эмоциялық қатынасының (жа- 

ғымды  немесе  жағымсыз)  нәтижесі 

болып  табылады  және  басқа  адамға 

ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө- 

рініс табады. Эксперименттік түрде А. 

байланудың  және  достық  сезімі  қа- 

лыптасуының  механизмдері  ретінде 

зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо- 

циялық қатынас субъект пен қабылдау 

объектісі  сипаттамаларының  өзара 

ұқсастығынан, қарым-қатынас серік- 

тері арасындағы жақындығы, олардың 

жиі  кездесуі,  олардың  арасындағы 

ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте- 

су  жағдайларынан  (көмекшіл  қаты- 

нас,  бірлескен  іс-әрекет)  және  т.б. 

болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет