Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет90/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   877
АФФЕ

АФФЕ


65

физиологиялық процестердің тууын, 

оның  барысын  басқарып,  адамның 

сыртқы  әлпетінің  өзгеруіне  әсерін 

тигізеді.  Жас  балалар  өздерінің  іс-

әрекеттерінің дәлел-себептері әлі сана- 

лы түрде айқын қалыптаспаған даму 

сатысында аффекттерге оңай ұрынуы 

мүмкін.

Баланың  кез  келген  қажеттіліктерін 

қанағаттандырмау немесе кез келген 

қайшылық аффекттің дамуына әкеліп 

соқтырады.  Дұрыс  тәрбие  беру  сал- 

дарынан  аффектіге  бейімделу  бала 

өмірінде үлкен орын алып, оның мінез-

дамуына кері әсерін туғызу мүмкін. 

Егер баланың айналасындағылардың 

өз дегенін сөзсіз орындауына еті үйре- 

ніп, онда оның әлдебір талап-тілегінің 

орындалмауына бөгет жайттар орын- 

сыз ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Ба- 

ланың іс-әрекет түрлері күрделене түс- 

кен сайын, оның себеп дәлелдері соғұр- 

лым  саналы  түрде  жасалған  түрде 

болады, баланың эмоцианалдық өмірі 

жинақы нысандарымен ерекшеленеді 

және кірікпелі аффективтік төтенше 

жағдайлар кезінде пайда болады.

Аффективтік хал-ахуалдың алдын алу 

үшін адамның құлықтық қасиеттерінің 

қалыптасуына,  сондай-ақ  аффекттің 

әрбір  пайда  болуы  көрінісін  дұрыс 

қабылдауға бағытталған жүйелі тәрбие 

жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Бұл 

орайда баланы оның барлық тілегінің 

орындалуы мүмкін еместігі және бұл 

жағдайда ұстамдылық танытып, төзім- 

ділікпен  күте  білуге  үйренуінің  қа- 

жеттігі жөнінде ертерек сіңіре берген 

жөн.


А. алдын алу үшін бала назарын басқа 

жаққа аудару қажет. Жасөспірім және 

бозбала кезде аффектпен күресте өзін- 

өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаруы мүм- 

кін. Афферентация – сыртқы тітіркен- 

діргіштерден (экстероцепция) немесе 

ішкі  ағзалардан  (интероцепция)  ақ- 

паратты  қабылдап,  орталық  жүйке 

жүйесіне келетін жүйке импульстары- 

ның ағыны. Афференттік лат. афференс 

деген сөзі, қаз. жеткізуші деген ма- 

ғынаны білдіреді. Бұл жерде миға ті- 

тіркендіргіштерді жеткізіп отыратын 

жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет