Қ. жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет53/90
Дата03.03.2017
өлшемі11,21 Mb.
#5955
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90

МАҚА

МАҚА

358

кеукеулеп аңға салғанның қызығы мен 

қатар қиындығы да мол нәрсе екенді- 

гі айтылған.

Халық  даналығы  адамның  тағдыры 

қоғаммен  шарттас,  экономикалық 

жағдай  адамның  моральдық-психо- 

логиялық  өзгешеліктерінің  түрліше 

бөліп қалыптасуына әсер етеді, әлеу- 

меттік теңдік жоқ жерде біркелкі пси- 

хологиялық сипат болмайды деп дұ- 

рыс тұжырымдайды. Мәселен, «Тұр- 

мыс  түзер  бойыңды,  бойың  түзер 

ойыңды»,  «Артық  байлық  адамды 

аздырады»,  «Кедей  мен  бай  жолдас 

болмас»,  «Дүниеқор  –  дүниенің  құ- 

лы»,  «Пара  жеп  би  семіреді»,  «Бай 

бауырын танымас», «Сауда достықты 

танымас»,  «Теңгелі  жерде  теңдік 

жоқ», деген мақал-мәтелдерде бай мен 

кедейдің  жүрер  жолының  бір  емес- 

тігі, байлар мен билердің және олар- 

дың  сойылын  соғатындардың  өле-

өлгенше дүниеге кезі тоймай, байыған 

үстіне  байи  түскісі  келетіндігі,  бұл 

жолда  адамгершілік  ар-намыс,  ұят-

ожданнан  жұрдай  болып,  қаталдық, 

мейрімсіздік т. б. осы секілді жағым- 

сыз қасиеттерді бойына жинай түсе- 

тіндігі сөз етіледі.

Мақал-мәтелдер еңбекші бұқараға да 

күн туатындығын («Өмір кезек», «Таң 

атпайын  дегенмен  күн  шыққанын 

қоймайды», «Батар күннің атар таңы 

бар», «Жарлы бойы жазылар, байлар- 

ға көр қазылар» т.б.) еске сала, «Ер- 

теңгі тауықтан бүгінгі жұмыртқа жақ- 

сы» дегендей болашақтан босқа үміт- 

теніп жүре бермей, үстем тап өкілде- 

ріне қарсы «бір жеңнен қол, бір жа- 

ғадан бас шығарып», бел шешіп, білек 

түрініп  белсене  күресу  керектігін, 

іштей кіжінгенмен, істің бітпейтінді- 

гін  («Кіжінуің  көп,  килігуің  жоқ») 

айтса, енді бір жерде: «Айрылған аза- 

ды, қосылған озады», «Бірлігі күшті  

ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», «Бір- 

лік  болмай  тірлік  болмас»,  «Ырыс 

алды ынтымақ», «Біріккен жүз быты- 

раңқы  мыңды  алады»,  «Күш  –  бір- 

лікте», деп елді бірлікке, ынтымаққа, 

татулыққа шақырып, езілген таптың 

бірігуі керектігін («Табы бірдің ары 

бір»)  көпшілік  ат  төбеліндей  азшы- 

лықты жеңбей қоймайтындығын ес- 

кертеді. Мақал-мәтелдер, сондай-ақ, 

үстем тап өкілдерінің біріне-бірі жәр- 

демдесіп отыратынын айтады. («Шош- 

қа  да  шошқаны  жармайды»,  «Қарға 

қарғаның көзін шұқымас»).



МАҚАЛДАРДАҒЫ  ТӘЛІМДІК 

ПСИХОЛОГИЯ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

Халқымыз  әр  жастағы  адамдардың 

көңіл күйі, сезімдері, мінез ерекше- 

ліктері,  түсінік  талғамдары,  сенім, 

қызығулары, әдет-дағдылары бірдей 

болып келмейтіндігі жөнінде де қы- 

зықты пікірлер айтқан. Мақал-мәтел- 

дерде адамның жас өзгешеліктері не- 

гізінен балалық, жастық, кемелдік жә- 

не кәрілік шақ болып төрт кезең тұр- 

ғысынан  қаралатындығын  байқауға 

болады.


Адамның  моральдық  бейнесі,  пси- 

хикасы  оның  іс-әрекеті  үстінде  да- 

миды, ал бұлардың алғашқы ірге тасы 

балалық  кезде  қалыптасады.  Хал- 

қымыз  өз  ұрпағын  жақсы  қасиетке 

баулуды үнемі негізгі мәселе деп ой- 

лап келген. Осыдан да болу керек, сә- 

би,  бөбек  тәрбиесі  мақал-мәтелдер- 

ден елеулі орын алған. «Бала тілі бал- 

дан да тәтті», «Балалы үй базар», «Ба- 

ла – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Ал- 

ты жасар бала, атқа мінсе, алпыстағы 

шал алдынан шығады», «Алыстан ал- 

МАҚА

МАҚА


359

ты жасар бала келсе, алпыстағы шал 

сәлем бере барады», «Бала адамның 

бауыр  еті»  деген  мақал-мәтелдерге 

арнаулы түсінік беріп жатудың қаже- 

ті  бола  қоймас.  Халқымыз  тәрбиесі 

кем балаға жаны ашып: «Әдепсіз ба- 

ла сорлы бала», «Жаман бала күйік», 

«Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқ 

шоқпен  тең»,  «Балаң  жаман  болса, 

көрінгеннің  мазағы»,  деп  әдепсіз, 

өзінің де, өзгенің де мазасын кетіре- 

тін, талапсыз, ынжық, жалқау, қорқақ, 

күйгелек, өздігінен ешнәрсе істей ал- 

майтын,  «түйе  үстінен  сирақ  үйте- 

тін»,  ебедейсіз  балалардың  келе- 

шегінен  күдіктенеді  де,  ата-анасы- 

ның  айтқанын  екі  етпейтін,  тіл  ал- 

ғыш, зерек, әр нәрсені танып, білуге 

құмар,  елгезек,  ықыласты,  тәр-тіпті 

балаларды басқаларға үлгі етеді. Мә- 

селен, «Өнерлі бала сүйкімді», «Жақ- 

сы бала сүйікті», «Балаң жақсы бол- 

са,  екі  көздің  шамшырағы»,  «Адам 

болатын бала алысқа қарайды», «Кісі 

болар  баланың  кісесінен  белгілі», 

«Болар адам жеті жастан бас болар». 

«Оралдының баласы он бесінде бас- 

пын дер, тоғышардың баласы жиыр- 

ма  бесте  жаспын  дер»  т.  б.  осы  се- 

кілді  халық  нақылдарында  мінез-

құлқы,  психологиясы  дұрыс  қалып- 

тасып  келе  жатқан  оқу-өнерге  құ- 

мар, талабы таудай, еңбек сүйгіш, тың- 

ғылықты,  жинақы,  өмірге  бейім  ба- 

лалар сөз болады.

Бала  біткеннің  бәрі  де  ес  білгеннен 

білсем, көрсем, естісем, ұстасам, ал- 

сам деп әрекетке ұмтылады. Ол өзін 

қоршаған  ортамен,  басқа  адамдар- 

мен, заттармен қарым-қатынасқа тү- 

суді қалайды. Бұл баланың өзін қор- 

шаған өмірді терең де, толық білуге 

құштарлығы.  Олар  үшін  жай  нәрсе- 

нің  өзі  жаңалық.  Бұлар  –  құмарпаз, 

әуесқой,  тынымсыз  зерттеуші.  Көп- 

теген мақал-мәтелдердің мән-мазмұны 

осы айтылған идеяны да бейнелейді.

Ата-ана  өз  баласын  өнегелі  сөзбен 

жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. 

Ойын баласында үлкендердің сөзіне, 

қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік 

басым. Мақал-мәтелдер бұл жөнінде 

төмендегіше  тұжырымдалған:  «Ба- 

лапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны 

іледі», «Баланың тентек болмағы үйі- 

нен», «Балаға байқап сөйлесең ақы- 

лыңа көнер, байқамай көп сөйлесең 

көрсетер  бір  өнер»,  «Қызды  асырай 

алмаған  күң  етеді,  ұлды  асырай  ал- 

маған  құл  етеді»,  «Ұлың  өссе,  ұлы 

жақсымен  ауылдас  бол,  қызың  өссе 

қызы жақсымен ауылдас бол», «Анаға 

баланың  алалығы  жоқ»,  «Балаға 

пышақ  бермесең  бір  жылар,  пышақ 

берсең  екі  жылар»,  деп  халық  бала 

тәрбиесін  құрғақ  сылдыр  сөзбен 

жүргізгеннен гөрі іс-әрекет, үлгі-өне- 

ге  арқылы  жүргізудің  пәрмендірек 

келетіндігін, сондай-ақ бала тәрбиесі- 

не  оның  құрбы-құрдастарының,  жо- 

ра-жолдастарының  да  (балалар  кол- 

лективі) ықпалы болатындығын еске 

алып  отырған.  Сондай-ақ  балаға 

жасалатын ерекше мейірімділіктің де 

(баланың  айтқанын  екі  етпеу)  кере- 

мет  қаталдықтың  да  (онымен  ешбір 

санаспау), баланы бір-бірінен алалап 

қараудың да (ұл мен қызды бірінен-

бірін артық көру), теріс нәрсе екенін, 

ал  баланың  жеке  басын  құрметтеп, 

елеу  оның  психологиясының  дұрыс 

қалыптасуына  жағдай  жасайтынын 

нақыл сөздер дұрыс көрсеткен.

Халық  ұғымында  адамның  негізгі 

өмір  кезеңінің  бірі  –  жастық  кезең 

(бозбалалық  шақ).  Мақал-мәтелдер- 

МАҚА

МАҚА


360

ден бұл тақырып та елеулі орын ал- 

ған. Мәселен, «Ақыл – жастан», «Жас- 

тық  –  жалын»,  «Жастықты  қайтара 

алмайсың», деген толғаулар жастық, 

бозбалалық шақ – адамның ақыл-ойы 

қауырт  өсетін,  қажырлы  іс-әрекет- 

ке,  қимылға  құштар  албырт  роман- 

тикалық  кезі  екенін  өте  дәл  бейне- 

лейді.  Жастық  шақтың  басты  белгі- 

сі  –  адамның  жаны  мен  тәнінің  са- 

палық жағына үлкен өзгерістерге тү- 

сетіндігінде. Осы жаста адамның қо- 

ғамдық белсенділігі артады, сана-се- 

зімі  өседі,  психикасы  шыңдала,  қа- 

тая  түседі.  Ол  қоғамнан  өз  орнын 

алуға тырысады, өзін қоршаған орта- 

ға  сын  көзбен  қарай  бастайды.  Бұл 

жастағыларда өзін-өзі бағалауға ын- 

талану,  рухани  өмірге  қызығу,  жеке 

басындағы ойлар, адамгершілік идея- 

лар, кемеліне келе бастайды. Халық 

даналығы жастарға қызығы мол, қай- 

тып оралмайтын, кейін іздесең де та- 

былмайтын  адам  өміріндегі  ең  қы- 

зықты  кезеңді  бос  өткізсең  –  оның 

орнын ешуақытта толтыра алмайсың 

деп,  бұл  кезде  адамда  ғылым-білім- 

ді,  өнердің  сан  алуан  түрлерін  мең- 

гере алуға мүмкіндік мол болатынын, 

сол  себепті  көп  оқып,  үйреніп,  біле 

берудің керектігін әдейілеп ескерте- 

ді,  оларды  еңбексүйгіш,  көпшіл, 

белсенді,  өнегелі  болуға  шақырады. 

Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер 

де аз», «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы 

болсын»,  «Менмен  жігіттің  соры, 

төменшік жігіттің қоры», «Кішіпейіл, 

кең жайлау жігіттің зоры», «Өзім бі- 

лем деген жігіттің басына ойран сал- 

ғаны, көп біледі деген жігіттің басы- 

на қорған салғаны», «Жасында көр- 

гені жоқ, өскенде айтары жоқ», «Жас 

күнінде еңбек қылсаң есейгенше же- 

тілерсің», «Жұмыссыз жастың жүргені 

сөкет», деген толғаулар біз жоғарыда 

айтқан тұ-жырымдарға жақсы дәлел.

Жігіттік, бозбалалық дәуірден соң көп 

ұзамай  адам  өмірінің  кемелдік  ша- 

ғы  басталады.  Бұл  кезде  оның  бел- 

гілі кәсіппен айналысып, отбасы тау- 

қыметін  сезінуіне  тура  келеді.  Ха- 

лық: «Отызыңда орда бұзбасаң, қыр- 

қыңда қыр аспассың», «Қырықта қы- 

лаң,  елуде  елес»,  «Елу  шылбырдан 

алды, алпыс тізгіннен алды», деп отыз 

бен  алпыстың  арасында  адамның 

психологиясы  соншама  жоғары  дә- 

режеге  көтерілетінін,  оның  мінез-

құлқы  мен  қасиеттерінің,  қажет-қы- 

зығуларының кемеліне келетінін айт- 

са, енді бірде: «Жақсы жігіт ақылы- 

на жеңдіріп іс қылар», «Жаман жігіт 

оңай істі күш қылар». «Пайдасы мол 

жігіттер дария, «шалқар көлмен тең, 

пайдасы  жоқ  жігіттер  ел  қонбаған 

шөлмен тең», «Жігіттің құны жүз жыл- 

қы, ары мың жылқы», «Жұртты же- 

ген жігітте күй болмайды», «Жаман 

жігіт  жасында  шал»,  «Жақсы  кісі 

қырқында толады, жаман кісі қырқын- 

да солады» деген мақалдар адамның 

адамдығын тек жасына қарай, қанша 

жасағанымен  бағаламай,  қалайша 

әрекет еткендігі мен өлшене-тіндігін, 

адамдар алған білім, тәлім-тәрбиесі- 

не  қарай  бір-бірімен  ажыратылып, 

ерекшеленіп  отыратындығын  ес- 

кертеді.

Халық кәрілік құпиясына да үңіле қа- 

рап, оның сан қилы жақтары туралы 

қызықты  пікірлер  айтқан.  Бұл  тұ- 

жырымдар  мен  топшылаулар  кейбір 

ғылыми өлшемдерден оншама алшақ 

та  жатпайды.  Мәселен,  «Сақалға  ақ 

түсті, көңілге дақ түсті», «Кәрі тайғақ 

келер, екі көзінен нұр кетсе», «Көңіл 

МАҚА

МАҚА


361

қартаймас, көз қартаяр», «Қарсы кел- 

се  кәрілік,  қара  нарды  шөктірер», 

«Кәрі жатса қунайды». Бұрынғы кез- 

де  жарлы-жақыбай  адамдардың 

қартайып, қалжыраған кезде де жайлы 

жатып тұруға, өзін-өзі күтуге шама- 

сы  келе  бермейтіндігін  көрсететін 

мақал-мәтелдер де аз емес. Мәселен, 

«Сексен бес көрейін деген жасым ба 

еді,  быламық  ішейін  деген  асым  ба 

еді», «Тоймай ішкен асын, құрысын, 

қорлықпен жасаған| жасың құрысын», 

деген  толғаулар  сыйсыз  кәріліктің 

ащы заңы сияқты. Ал «Көп жасаған 

құрдасынан айрылады», «Қатарынан 

айрылған шал құлазиды»  деген ма- 

қал-мәтелдерден  адамдардың  қар- 

тайған сайын қатары сирей беретін- 

дігін еске алған мұңды да сағыныш- 

ты сезімін байқасақ, «Жастық – жа- 

лын,  кәрілік  –  күл»,  «Жас  кезімде 

бейнет бер, қартайғанда дәулет бер», 

«Кәрілік – дауасыз дерт» деп халқы- 

мыздың  жалынды  жастық  шақты 

армандағанын,  ол  дәуреннің  енді 

қайтып келмейтінін, қарттықтың кел- 

мей қоймайтын табиғат заңы екенді- 

гін дұрыс түсіне алғандығын аңғара- 

мыз.  Мақал-мәтелдер  кәрі  адамдар- 

дың,  ұнамды,  жақсы  қылықтарын 

жастарға  үлгі  етеді.  Мәселен,  «Кәрі 

жастың тезі», «Кәрі білгенді пері біл- 

мейді»,  «Көп  жасаған  көмбенің  үс- 

тінен шығады», «Кәрі – кәрінің сөзі 

дәрі»,  «Алпыстан  ақыл  сұра»  деген 

тұжырымдар  да  қарт  адамдар  өмір- 

дің үлкен өткелінен өткен, көпті көр- 

ген,  тәжірибелі  келетіндіктен  олар- 

дың  ақыл-кеңестері  жастардың  са- 

на-сезімінің,  ақыл-ойының  қалып- 

тасуына зор ықпал ететіндігі айтыла- 

ды.  «Ақылды  қария  –  ағып  жатқан 

дария», «Көп жасаған білмейді, көп 

тоқыған  біледі»,  деп  халқымыз  бес 

саусақтың әр түрлілігі сияқты көп жа- 

саған  кәрінің  бәрі  бірдей  емес,  деп, 

жан-жағына сезімталдықпен сергек қа- 

рап, өмірден көрген-түйгені, тоқыға- 

ны  көп  жаңа  қарияларды  құрмет 

тұтып, қадірлейді, жастарды солардан 

үлгі  алуға  шақырады.  «Жақсы  адам 

қартайса  жазып  қойған  хаттай,  жа- 

ман  адам  қартайса  бықсып  жанған 

оттай», «Жақсы кісі қартайса да ақы- 

лынан танбас», «Қартайып өлсең қа- 

пыл жоқ» деп халық ерік-жігері мол, 

қайратты  кісілердің  қартайса  да  ой- 

лау,  сөйлеу,  есте  сақтау  қабілеттері- 

нің  кемімейтіндігін,  мұндайлардың 

қарттыққа  мойымайтындығын,  же- 

ке өзгешеліктеріне қарай адамдар осы 

кезеңде  де  бір-бірінен  ерекше  ажы- 

ратылып  отыратындығын  көреген- 

дікпен түйе білген.

Халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәр- 

биелеу жайында да талай сындарлы 

пікірлер айтқан. «Баланы таба білсең, 

баға да біл», «Баланы сүйсең, тәрбие- 

сін  сүй»,  «Баланы  мақтау  жетілдір- 

мейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» 

дейтін  мақал-мәтелдер  баланы  құр 

айналайын дей бермей, оны адамгер- 

шілікке  баулу  жағын  ойластыру  қа- 

жеттігін,  от  басынан,  ұшатын  ұясы- 

нан,  әке-шешесінен  алатын  тәрбие 

қандай  болса,  көп  жағдайда  оның 

алдағы өмірі де соған орай құрылады 

деген ойды аңғартады.

Жас  бөбектерге  шынайы  тәрбие  бе- 

руде оның жеке психологиясын, жас 

өзгешелігін,  мінез-құлқының  ерек- 

шелігін айрықша ескеру қажет дейді 

мақалдар. Бұл жөнінде халық бірде: 

«Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілі- 

мен сөйле», «Бала – көктен шыққан 

қызыл  гүл,  солдырмайтын  жолын 

МАҚА

МАҚА


362

іздеп таба біл», «Қарды қылау өсіре- 

ді, баланы сылау өсіреді»  дейді. Ба- 

ланы оқытып тәрбиелеуді оның жас 

кезінен бастап қолға алса ғана тәрбие 

нәтижелі  болып,  жақсы  жеміс  бере 

алады.  Жас  бала  табиғатында  оқып 

үйренуге,  танып  білуге  әуес.  Ұстаз 

да, ата-ана да осы жайтты дер кезінде 

тиімді пайдаланып қалуы қажет. «Ба- 

ланы үйрет үйренетін кезінде», «Буы- 

ның қатпай білім ал» дейді бұл жө- 

нінде нақыл сөздер.

Халық даналығына үңіле түссең, одан: 

«Қатарына  қарап  бала  өсер»,  «Ор- 

таңа қарап, өзіңді таны», дейтін ма- 

қалдарды көптеп кездестіреміз. Мұн- 

дағы тұжырымдар балғын жастың мі- 

нез-құлқының  қалыптасуында  жо- 

ғарыда  айтқанымыздай  оның  өскен 

ортасының  қатар-құрбы,  жолдас-

жораларының,  сондай-ақ,  ата-ана, 

ұстаз, тәрбиешілердің өнеге-үлгілері 

де  айрықша  маңызды  екенін  жақсы 

аңғартады.

Халқымыз  бала  психологиясының 

қалыптасуында ойын әрекеті де елеу- 

лі  рөл  атқаратындығын  жақсы  аң- 

ғарған.  Ойынның  маңызы  жөнінде 

мақал-мәтелдердің  түйетіні  мына- 

лар:  ойында  бөбектің  ортамен  қа- 

рым-қатынасы  кеңейіп,  таным  қабі- 

леті өсе, мінез-құлқы қалыптаса тү- 

седі.  Бала  ойынының  түрі  де,  маз- 

мұны да сан алуан. Ойын үстінде ба- 

ла  достыққа,  жолдастыққа,  тапқыр- 

лыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгер- 

шілікке бау-лынады. Бала табиғаты- 

нан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын – 

балалық  шақтың  басты  ерекшелігі. 

Мәселен,  «Баланың  істегені  білін- 

бес», «Баламен ойнама шаршарсың», 

«Қыз – қуыршақ дейді, бала – құлын- 

шақ  дейді»,  «Ойнай  білмеген  ойлай 

да  білмейді»  деген  мақал-мәтелдер- 

де  баланың  ойынға  аса  құмар  келе- 

тіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түр- 

ліше  болатындығы,  ойын  арқылы 

баланың  сана-сезімі,  кәсіп  таңдауы, 

ақыл-ойы  өсіп,  жетілетіндігі  көрсе- 

тілген.

Баланың  дүние  танымында,  оның 



психологиясының  қалыптасуында 

оқу-білімнің ерекше маңыз алатынын 

да мақал-мәтелдер дұрыс көрсете ал- 

ған.  «Білімнен  асар  байлық  жоқ», 

«Білек  сүріндіре  алмағанды,  білім 

сүріндіреді»,  «Білімдіден  өнер  құ- 

тылмас», «Ақыл – тозбас тон, білім – 

таусылмас  кен»,  деп  келетін  мақал- 

дардан  осы  идеяны  жақсы  аңғаруға 

болады.  Әрбір  жеткіншек  білімді 

адамның  жақсы  ісін,  әдепті  қылы- 

ғын  өзіне  үлгі  етуі  тиіс.  Халқымыз 

оқу  процесінің  еңбекпен  егіз  екен- 

дігін де аңғарған. «Оқу – инемен құ- 

дық  қазғандай».  Адам  жүйелі,  жос- 

парлы  оқу  арқылы  ғана  өз  білімін 

дұрыстап толықтыра алады, оны ке- 

йіннен  қажетіне  керегінше  жарата- 

ды. «Оқу – еңбекпен егіз», «Оқу – оқу 

түбі  тоқу»,  «Оқығаныңа  мәз  болма, 

тоқығаныңа  мәз  бол»,  «Ғалым  боп 

ешкім  тумайды,  жетіледі  оқумен», 

деген  мақалдардан  оқу  –  адамнын, 

аса  күрделі  әрекетінің  бірі  екендігі, 

ол  көп  еңбектенуді,  терлеп-тепшу- 

ді  тілейтіндігі,  адам  іштен  ғалым 

болып тумай, өмірдің әрбір құбылы- 

сын түсініп миға тоқығанда ғана жан-

жақты білімді, оқымысты, ғалым бо- 

ла алады дейтін ой аңғарылады.

Жеткіншек  жастың  нәзік  жанына 

оқудың  ұрығын  себуші,  оны  мәпе- 

леп, тәрбиелеуші – ұстаз. Мақал-мә- 

телдер  бұл  жайтты  естен  шығарма- 

ған. Мәселен, «Ұстазына қарап бала 

МАҚА

МАҚА


363

өсер, бақташысына қарап мал өсер», 

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», 

«Ұстаз  көрген  хат  таныр»,  «Ереже 

ұсынғанша  өнеге  ұсын»  сияқты  ма- 

қалдарда ұстаздың бөбек өміріне үлгі 

болатын, өмірдің сан тарапты жолы- 

нан адаспай өтуде оған бағыт беріп, 

жөн  сілтеуші  адал  екендігі,  балғын 

денеге адамгершіліктің нәрін құйып, 

баланы еңбек сүйгіштік, адалдық т.б. 

сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын 

жан екендігі сөз болған. Өз ісіне шын 

пейілмен  берілген  ұстаз  шәкіртін 

саналы  азамат  етуге,  оны  Отанына,  

өз  халқына  пайдалы  іс  істеуге,  өз 

елінің  көгінде  жарқыраған  жұлдыз- 

дай  өнегелі  ұл  болуға  тәрбиелейді. 

Шәкірт те осындай ұстазды жанын- 

дай жақсы көріп, оны өзіне үлгі тұ- 

тып  отырады.  «Жақсы  шәкірт  ұста- 

зының мұраты», «Жаман бала естен 

кетпес  ұят»,  «Құйма  құлақты  оқыт- 

саң  ғанибет»,  «Өнерлі  бала  сүйкім- 

ді»,  деп,  ұстаз  бен  шәкірт  арасын- 

дағы осынау бір жарасымды сипатта 

халық  даналығы  осылайша  толғана 

шертеді. Жақсы шәкірт болу баладан 

қажыр-қайраттылықты,  еңбек  сүй- 

гіштікті, таланттылықты қажет етті. 

Мақал-мәтелдер  жас  өспірімдерге 

«Талапты ерге нұр жауар», «Талап – 

тұлпар, білім – сұңқар», «Талантың 

болса, ісіңнің бүгін сәті түспегеніне 

түңілме», деп ойға алған істі қалай- 

ша орындасам екен деп талпыну, та- 

лаптану болмайынша, оны қажет ет- 

пейінше сен ешуақытта да көздеген 

мақсатына жете алмайсың, адамның 

талантын  өсіретін  түрткінің  бәрі  де 

талаптылық дейді.

Мақалдар  адамның  психологиясы 

негізінен іс-әрекет үстінде қалыпта- 

сады дей келіп, тәлім-тәрбие проце- 

сі үшін баланың кейбір туыстан бе- 

рілетін  қасиеттерімен  де  (ғылым  ті- 

лімен  айтқанда  оның  анатомиялық-

физиологиялық  нышандары)  сана- 

сып  отырудың  қажеттілігін  ескерте- 

лі.  Мәселен,  «Саусағы  ұзын  биші 

болар,  құлағы  үлкен  күйші  болар», 

«Ат болатын құлынның бауыры жа- 

зық келер, адам болар баланың маң- 

дайы жазық келер», – деген ғибрат- 

ты  сөздерде  баланын,  кейбір  сезім 

мүшелерінің,  анатомиялық  белгіле- 

рінің нәсіл аркылы берілетіндігі, бұ- 

лардың  оқу-тәрбие  ісіне  азда  болса 

қатысы  барлығы,  сондықтан,  осын- 

дай  сыртқы  мүмкіндіктермен  де  са- 

насу  қажеттігі  сөз  болып  отыр.  Ха- 

лық  даналығы  жас  буындарды  оқы- 

тып-тәрбиелеу ісінде өмір барысын- 

да  меңгерілетін  оқу,  білім,  дағды, 

әдеттерге ерекше маңыз берген. Осы- 

ған  орай,  «Ықылас  пен  ынтымақ 

бітер іске болсын тап», «Жігіттің тү- 

сіне  қарама,  ісіне  қара»,  «Жігіт  тү- 

рімен әдемі емес, ісімен әдемі», деп 

адамның  білім,  дүние  танымы  шы- 

дамдылықты,  ойлап-толғануды,  құ- 

марлық, ықыласты керек ететіндігін, 

берік білім, өнегелі тәрбие іс-тәжірибе 

үстінде, белсенді әрекет арқылы қа- 

лыптасып  отырғандығын  әдейілеп 

ескертеді.



МАҚСАТТЫЛЫҚ  (психология- 

да)  –  адамның  өткендегі  тәжірибе- 

сіне  сүйеніп,  білгілі  бір  іс-әрекетті 

(қабылдау, ойлау, белгілі бір мақсат- 

қа  бағытталған  қимыл-әрекеті  және 

т.б.)  орындауға  дайын  болуы,  көңіл 

күйінің  бір  нәрсені  қабылдауға  бе- 

йімделуі.  Қабылдаудың,  адамның 

қимыл-әрекеттердің  басымдылығы- 

на  қарай  ол  сенсорлық  және  мотор- 



МАҚА

МАҚС

364

лық болып бөлінеді. М. ұғымы алды- 

мен  эксперименттік  психологияда 

пайда  болды.  1888  жылы  орыс  пси- 

хологі  Н.Н.Ланге  (1858-1921)  реак- 

ция  уақыты  адамның  бейімділігіне 

байланысты  екенін  дәлелдеп  берді. 

М.  терминін  неміс  психологтары 

Г.Мюллер  мен  Ф.Шуман  енгізді.  М. 

ерекшеліктері әр адамда әрқилы бо- 

лады. Мақсаттылықтың тұрақты бо- 

луы – оның маңызды ерекшелігі бо- 

лып саналады. М. адамның жас ерек- 

шеліктеріне де байланысты.



МАРГИНАЛДЫҚ  ҚАСИЕТ  –  екі 

этникалық  топтың  шегінде  болатын 

ата-аналары  әртүрлі  этникалық  топ- 

тың өкілі болғандықтан біртектес эт- 

никалық тұқымқуалаушылықтың өз- 

геру  формасы;  Мұндай  жағдайда 

адамның шыққан тегі негізгі фактор 

болып  саналмайды.  Маргиналдық 

тұлға екі ортаның рухани өмірі мен 

салт-дәстүрлерін  шала-пұла  пайда- 

ланатын дүбәра (шала) адам.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет