МАСЛОУ АБРАХАМ ХАРОЛЬД
(1908-1970). Американ кәсіби және
ғылыми психологиялық қоғамдар-
дың мүшесі «Гуманистік психоло-
гия», «Трансперсоналды психоло-
гия» журналдарының негізін қалау-
шы. Адам психологиясын тұтас зерт-
теу оның аса маңызды құндылықта-
ры мен қасиеттерін талдау концеп-
циясын ұсынған.
Маслоу еңбектерінің дені өмірінің
соңғы 10 жылында жарық көрген.
Оның негізгі еңбектері: «Болмыс пси-
хологиясының бағытына қарай» (1968);
«Дін, құндылық тағы басқа күйзеліс-
тер» (1964); «Ғылым психологиясы:
рекогносцировка» (1966); «Мотива-
ция және тұлға» (1987) т.б.
МӘН – іс-әрекет пен қарым-қаты-
настың бірлігі арқасында тұлғаның
шындықтағы құбылыстарды жалпы-
лай алуының нысаны. Мұнда жеке
тұлға қоғамдық-тарихи тәжірибені,
түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құнды-
лықтар мен нормаларды меңгеруге
мүмкіндік алады. Олардың жекеле-
ген мағынасын психикалық үрдістер
(қабылдау, ес, ойлау, қиял т.б.) мен мі-
нез-құлқының түрлі актілері арқы-
лы бейнелеп отырады. Мұндайда нәр-
сенің мәнін меңгеруде адамның сөз-
ді, формуланы, сызбаны, өрнекті, кес-
тені және т.б. белгілерді пайдалануы
ерекше маңызды болады.
МӘНДІЛІК – адамның көптеген
түрткілерінің бірі. Болмыстағы тір-
шілікте түрткілердің деңгейі әртүр-
лі болады. М. тұрақты және өткін-
ші болып бөлінеді. Мәселен, тұлға-
ның оқуға, білім алуға қатысы тұрақ-
ты М-ке ие болса, қолында сағаты
жоқ адамның уақытты білгісі келген
кездегі жағдайынан уақытша М-ті
байқауға болады. М.-тің мағынадан
айырмашылығы оның жеке жалқы-
лық сипатта болуында.
МӘҢГҮРТТІК – өмір барысын-
дағы әртүрлі жағдайларға байланыс-
ты ана тілін білмей өсіп, өз ана ті-
лін құрметтемеудің көрінісі. Әрбір
тұлғаның ана тіліндегі құндылықтар-
ға терең ойын сол тілді дамытуы
адамдық қасиеттерінің негізі болып
табылады. Әрбір этностың генети-
калық ерекшеліктері оның ана тілі-
МАРГ
МӘҢГ
365
мен тікелей байланысты. Өз тілінде
сөйлей алмаған адам ұлттық бейнесін
жойып алады. Елін, туған халқын,
ата жұртының тарихын білмеу, оның
рухани мұрасынан бейхабар, шық-
қан тегінен де, тілінен де мақұрым
болу, тіпті білгісі де келмеушіліктің,
яғни мәңгүрттіктің бірнеше түрі бо-
лады. Патологиялық сырқатқа ұшы-
раған адамдар да осыған ұқсас күй-
ге түседі.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛО-
ГИЯ – гигиена, профилактика, пси-
хофармология диагностиканың ау-
руларды емдеу мен сараптаудың мен
психологиялық аспектілерін қамти-
тын психология ғылымының бір са-
ласы. М.п-ның зерттеу объектісі ау-
рудың пайда болуы, оның өту бары-
сы, оның адам психикасына ықпа-
лы, кісіні сауықтырудың оңтайлы
әдіс-тәсілдері, ауру адамның мик-
роәлеуметтік ортамен қарым-қаты-
насының ерекшеліктері т.б. М.п-
ның құрылымы медицина ғылымы-
ның теориялық және практикалық
мәселелермен денсаулық сақтаудың
нақты факторларын ашуға байла-
нысты жүргізілген іс-шараларға орай
бірнеше тараулардан тұрады. Бұ-
лардың ішіндегі ең ірі салаларға –
клиникалық психология, патопсихо-
логия, нейропсихология мен сома-
тикалық психология жатаы. М.п-
ның психокоррекциялық жұмыста-
ры психогигиена, психофармоколо-
гия, психотерапия, психикалық реа-
билитация салаларымен орайласа-
ды. М.п-ның аса маңызды мәселеле-
рінің арасында аурудың пайда бо-
луы, оның өрістеуі кезіндегі психи-
калық және соматикалық (денелік,
физиологиялық) процестердің өзара
әрекеттестігі науқастың ауруы жай-
лы дұрыс түсініктерінің қалыптасуы,
ауруды дәрігердің емдеуге сенімділі-
гі психологиялық әсерін, ықпалын
қамтамасыз ету мақсатында зерттеу
проблемалары бар.
М.п. мәселелері есте жоқ ерте за-
мандардың өзінде-ақ ұлы ғұламалар-
дың назарына түскен, Мәселен, Шы-
ғыстың екінші Аристотелі Әл-Фара-
би медицина саласында ерекше ғы-
лыми трактат жазған. Оның бұл са-
ладағы еңбектерінің ішінде бастыла-
ры «Адамның дене мүшелері хақын-
да», «Аристотель мен Галенге қарсы
айтылған дау хақында», «Аристотель
мен Галеннің арасындағы дәнекер»,
«Түс көру туралы сөз», тағы басқа-
лары. Осы айтылғандармен қатар
оның «Медицина туралы ойлары», «Із-
гі қала тұрғындарының көзқараста-
ры туралы трактатында» да жан-
жақты сөз болады. Осы еңбектерде ай-
тылатын ойдың негізгі арқауы – адам
нәтижелі еңбек етіп, дұрыс демалып,
жақсы өмір сүру үшін тән саулығы-
на ерекше көңіл аудару керек, яғни
тәні саудың – жаны сау. Өзінің ме-
дициналық пікірлерін ол жантану
ғылымымен байланыстырып, өз тұ-
жырымдарын осы ғылымның негіз-
гі принциптерінің айналасында өрбі-
теді. Ол «Философияны үйренуден
бұрын нені білу керектігі» деген ең-
бегінде былай дейді: «Тәнді емдеу,
Гиппократтың сөзімен айтқанда, –
өмірді ұзартатын болса, жанды ем-
деу онан да жақсы нәтижеге жеткізу-
ге тиіс». Ұлы ғұлама науқасты ем-
дейтін дәрігер біріншіден, адамның
психологиялық, әсіресе физиология-
лық әрекетіне, дене мүшелерінің (аяқ,
МЕДИ
МЕДИ
366
қол,көз, құлақ т. б.) атқаратын қыз-
метіне ерекше мән беруі тиіс. Екінші-
ден ол дәрігер адамның күнбе-күн-
гі тіршілігінде организмнің саулы-
ғымен, тәнді қалпына келтіруге қолда-
нылатын шараларды білу керек. Үшін-
шіден, ол аурудың түрлерін білумен
қатар оның себептерін, әсіресе кесел-
ді жоятын жолдарды білуге, орга-
низмдегі аурудың әрекетін бақылау-
ға қабілетті болуы. Төртіншіден, дә-
рігерге сау және сырқат мүшелердің
айырмашылықтарын айқындау, оның
басты белгілерін білу, сондай-ақ іш-
кі мүшелерді де зерттеу қажет. Бе-
сіншіден, тамақтану режимін, дәрі-
дәрмекті (фармакология) қолдану
жолын және дәрілердің ерекшелікте-
рін, олардың әсерлілігін артыратын
барлық құралдарды білу қажет. Ал-
тыншыдан, ауру адамның денсаулы-
ғын нығайтуға жәрдемдесетін ғылы-
ми заңдарын білу, оны қолдану жол-
дарын меңгеру керек. Сөйтіп жерле-
сіміз жаратылыстану ғылымдары
ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – ме-
дицина туралы аса маңызды пікір-
лер айтып бұл ғылымның деректерін
адамның тіршілік қажеттеріне пай-
далануды қарастырған, ол медици-
налық мәселелерді психология ғылы-
мымен жақындастыруды ерекше мақ-
сат тұтқан. Оны Шығыс әлемінде ме-
дициналық психологияға байланыс-
ты тұңғыш сындарлы пікір айтқан
ғұлама деуіміз орынды.
Мақал-мәтелдерде денсаулық мәсе-
лесіне катысты ой-пікірлер де көп-
теп кездеседі. Халқымыз: «Денсау-
лық – зор байлық», «Әуелгі байлық –
денсаулық...», «Басы аманның малы
түгел», «Тәні саудың жаны сау», «Он
екі мүшең сау болса, жарлымын де-
ме, жаныңда жарық болса, зарлымын
деме», деп денсаулық адамға өмір-
лік серік, жанның жақсы болуы тән-
ге байланысты екендігін, адам тәні-
нің байлығын ешнәрсемен теңестіру-
ге болмайтынын дұрыс тұжырымдай-
ды. Тазалық – денсаулықтың шарты
деп халқымыз мұның маңызын жақ-
сы түсіне білген. «Тазалық – ден-
саулыққа кепіл», «Тазалық – саулық
негізі», «Саулық – байлық негізі»,
«Аурудың алдын ал», «Күтінгенге
кәрілік жоқ», «Сынықтан өзгенің бә-
рі жұғады», деп келетін мақал-мәтел-
дерде тазалық денсаулықтың негізі
екендігі, ол адамды аурудан сақтай-
тындығы, аурудың алдын алу ауы-
рып сырқамаудың жолы екендігі ес-
кертіледі.
Денсаулық үшін дұрыстап тамақта-
нудың, гигиеналық талаптарды дұ-
рыс сақтаудың маңызы зор. Бұл
жөнінде халқымыз былай дейді: «Ас –
адамның арқауы», «Ас – адамның
қуаты», «Тағам тән семіртеді; ақ ті-
лек жан семіртеді», «Аз қайғыны ас
басады, көп қайғыны дос басады»,
«Ас тұрған жерде ауру тұрмайды».
Осы түйіндер ас адамның өсіп-өнуі-
нің, организмнің жақсы жұмыс іс-
теуінің негізгі тірегі, басты шарты.
Жақсы тамақтанудан тәнмен қоса
жан да толысып, өсіп-жетіледі, дәмді
тағам адамның тіпті жан қайғысын
басуға да себін тигізеді деген тамаша
ой аңғарылады. Тамақтың жеткілік-
сіздігі мен құнарсыздығы адамның
көңіл күйіне әсер етіп, оның жұ-
мыс қабілетінің нашарлауына соқты-
ратыны белгілі. Мәселен, «Үйінде
асы жоқтың, көңілінде хошы жоқ»,
«Ашаршылықта жеген құйқаның дә-
мі кетпес», «Аштық ас талғатпай-
МЕДИ
МЕДИ
367
ды», «Аштың ақылы тамағында»,
«Қарны ашқанға қара талқан майдай
көрінеді», «Аш адам тұрып өлмейді,
жүріп өледі», деп халық дұрыс
тамақтану адамның тек көңіл күйіне
ғана әсер етіп қоймай, оның аурудан
тез айығуына да себепші болатынын,
тамақтың шипалық қасиеті де күшті
екендігін дұрыс көрсетеді. «Жаман
ауруға жақсы тамақ та ем», «Ет етке,
сорпа бетке».
Адамның күшті, ширақ, епті, оңтай-
лы болып өсуі оның түрлі әдіс-тә-
сілдерді, арнаулы жаттығуларды мең-
геріп, кедергілерді жеңіп үйренуімен
де тығыз байланысып жатады. Бұл
жөнінде халқымыз: «Айлалы батыр
алдырмас», «Айласыз батыр алды-
рар», «Палуанның жаманы шалдыр-
ған соң өкінер», «Ерлік – білекте
емес жүректе», «Алып та халықтан
үйренеді», деген ма-қалдарда жеңіс
тек білекте ғана емес, әдісқойлыққа
да, айлалылыққа да, шеберлікке де
қатысты, әдіс-тәсілді жасаушы да,
алыпты туғызушы да, алыптың ұста-
зы да – халық деген тамаша ойлар
тоғысып жатыр.
МЕДИЦИНАЛЫ-ПСИХОЛО-
ГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРТИзА – адам-
ның ауруына осындай жағдайдағы
оның психологиясы мен мінез-құ-
лығына байланысты қойылған диаг-
ностикалық шара, осыған орай нау-
қас адамды емдеу үшін тиісті ше-
шім қабылдау. Бұл медицина және
психология мамандарының (әдетте
бірлескен) медициналық-психоло-
гиялық консилиум ұйымдастырылады.
МЕЛАНХОЛИК. Уайымшыл, жай.
М. адам темпераменттерінің бір түрі.
М.-тің көңіл күйі көбінесе жабығың-
қы келеді. Бұл типтің өкілдері өте
сезімтал, соның саларынан жаны тез
жараланғыш келеді. Ол тұйық, қиын
жағдайлардан жол тауып шығуға
олақ, адамдардан оқшау жүргенді
ұнатады. Ол кез келген жағдайлардан
үркіп отырады. Қозу және тежелу
процестерінің әлсіздігі, бұлардың
бір-бірімен тең келмеуі (тежелуі ба-
сым), кез келген күшті әсер мелан-
холиктің қимыл-қозғалысын баяу-
латып, онда шектен тыс тежелу ту-
ғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркен-
діргіштер де мазалайды, одан да бі-
раз әсер алады ол ұсақ-түйектің бә-
ріне қатты мұңаяды. Үйреншікті,
жақсы, тату ұжымда меланхоликтер
өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-
қатынасқа түсіп, алған ісін нәтиже-
лі орыңдай алады, әртүрлі кедергі-
лерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – же-
ке «Мен» түсінігінен алынған, ұйым-
дастырылған когнитивті құрылым.
Бұл құбылыстың бес функциясын бө-
ліп көрсетеді: өзіндік жекелікті анық-
тау; өз қызығушылықтар, симпатия-
лары мен антипатияларын анықтау;
жетістікке жетудегі мақсаттарын анық-
тау; орталығында индивидтің өзі бар
қатынастар жүйесін анықтау: өзін-өзі
бағалау. М.т. – адамның қоршаған
ортамен әрекеттесуі негізінде қалып-
тасқан, өзін-өзі қабылдаудың, өзін-
өзі түйсінудің, өзін-өзі субъект ре-
тінде анықтаудың тұрақты жүйесі.
Ол салыстырмалы тұрақты, көп-
түрлі Мендерден, адамның өзіне ба-
ғытталған бағдарларынан тұрады..
Жүйе ретінде М.т. тұлғаның өзіне-
өзі жағымды қатынас негізінде іске
МЕДИ
МЕН
368
асатын, өзін-өзі таныту процесінде
дамып, жетіледі. Мен тұжырымдама-
ны жүйелі зерттеген психолог-ғалым
Р.Бернс. Мен тұжырымдаманың ке-
лесі құрауыштарын бөліп көрсет-
кен: когнигивтік, яғни адамның өзі
жөніндегі білімдері; эмоциялық –
өзінің психологиялық көңіл күймен,
өмірлік жағдайымен қанағаттану дә-
режесі; бағалаулық, яғни тұлғаның
өзі жөніндегі білімдері негізінде өзін-
өзі танып, білуі. А.В.Иващенко М.т.н
тұлғаның ішкі дүниесінің негізгі өзе-
гі, адамның тұлғалық дамуының нә-
тижесі ретінде қарастырған. Мен тұ-
жырымдаманың реттеу, бейімдеу,
қорғаныс, талаптану және өзін-өзі
көрсету сияқты қызметтері іс-әре-
кетті, танымы, қарым-қатынасты, мі-
нез-құлықты мақсатқа бағытталған
түрде ынталандыруға және реттеуге,
тұлғаның өз-өзіне және сыртқы дү-
ниеге қатынастарының үйлесімділі-
гін табуға бағытталған.
МЕНТАЛИТЕТ – ұлттың негізі,
оның ділі, оның тіршілік әрекетін-
дегі тыныс-тіршілігі, ұжымдық үлгі-
лер мен түсініктер орныққан әдет-
тері мен әлем көріністерін қабыл-
дауы т.б.). Ментальдық – жеке адам-
ның рухани әлеміне әсер ететін, оның
этномәдениеттік психологиялық ерек-
шеліктеріне сәуле түсіріп отырады.
МИ – орталық жүйке жүйесінің жо-
ғарғы бөлігі. Ол оң және сол жарты
шарлардан (ми сыңарлары) тұрады.
Оның ішінде ақ зат, сыртында сұр
зат (ми қабығы) бар. Ми үш блоктан
тұрады. Оның біріншісі – энергетика-
лық (сырттан, іштен ақпарат түсе-
тін), екіншісі – ақпаратты қабылдап,
өңдеп сақтайтын, үшіншісі – бағдар-
лау және бақылау жасайтын блок-
тар. Мида көптеген жүйке орталық-
тары (көру
;
есту, тері, қозғалыс, иіс,
дәм және т.б.) бар. Мысалы, оның
желке бөлігінде көру орталығы, са-
май бөлігінде есту, төбе бөлігінде
қозғалыс орталықтары орналасқан.
Бұлардың жалпы саны 200-ден ас-
там. Ми бірыңғай тұтас мүше
;
ол бей-
не қабылдағыш аспап тәрізді, онда-
ған талдағыштардың ядросынан тұ-
рады. Мида бірнеше қабаттар бар. Мұн-
дағы жасушалар атқаратын қызме-
тіне қарай әртүрлі болып келеді. Жал-
пы саны 16 миллиардқа жуық жүй-
ке талшықтары сезім мүшелерімен
бүкіл денемен байланыстырып тұ-
рады. Мидың ең төменгі бөлімі –
жұлын (ең ескі ми), оның жалғасы –
сопақша, оған жалғас ортаңғы, со-
сын аралық және ми қабығының ас-
ты (ретикулярлық формация) болып
бөлінеді. Ми сырт жағынан орай,
төбе, самай, желке дейтін бөлімдер-
ден тұрады. И.П.Павлов мидағы қо-
зу мен тежелу процесінің заңдарын
ашқан. Бұлар алғаш пайда болған
жермен жайылып (иррадиация), ке-
йіннен шоғырланып (концентрация)
отырады. Қозу мен тежелу өзара ин-
дукция заңы бойынша мидың бір
алабында қозу процесі туса басқа
бір алабында тежелу процесі туын-
дайды.
МИ БАҒАНЫ – орталық жүйке
жүйесіндегі ми қыртысының астың-
ғы бөліктері. Оған сопақша ми, ор-
таңғы ми, аралық ми және мишық
кіреді. Сопақша ми – жұлынның
тікелей жалғасы. Ол жүрек қызметін,
қанайналым мен ас қорыту қызметін
МЕНТ
МИ
369
реттесе, аралық ми сезім мүшелерін
қи қабығымен байланыстырады.
Бастың шүйке (желке) бөліміне ор-
наласқан мишық денені белгілі бір
күйде ұстап, бұлшық еттердің қозға-
лыстарын реттейді. Ми бағанасы-
ның құрамдары эволюциялық даму-
дың төменгі сатысында тұрған жа-
нуарлардың психикасы үшін елеулі
орын алатын болса, жоғары сатыдағы
жануарлар мен адамдардың өмірінде
негізгі рөлді ми қабығы атқарады.
Денеде болатын барлық құбылыстар-
ды өз қарамағында ұстайтын ми қа-
бығы адамдарда ерекше жетілген.
Адам миының күрділілігі оның кө-
лемі мен ішкі құрылымынан жақсы
байқалады. Жоғары сатыдағы жа-
нуарлар мен адам миының денеге
байланысты ара салмағы мына тө-
мендегідей:
Кит
Піл
Жылқы
Ит
Май-
мыл
Адам
1
20 000
1
500
1
400
1
250
1
100
1
46
МИ БИОТОКТАРЫ – күрделі жан
қуаттарының ми жарты шарларын-
дағы интеграциялық құрылымының
моделі. Мида бір-бірімен тығыз бай-
ланыста қызмет ететін үш блок бар.
Оның бірі – энергетикалық ми тону-
сы деп аталады. Бұл сырттан келіп
түсетін ақпараттарды алғаш елеп-ек-
шеп талдайтын блок. Екінші блокта
сезім мүшелерінен (көру, есту, сипап
сезу және т.б.) алынған ақпараттар
өңделіп, сұрыпталып, әрі қарай сақ-
тауға жағдай туғызады. Олар ми сы-
ңарларының желке бөлігінде орна-
ласқан. Адамның ойлау, қиял, ес
процестерінің бір-бірімен байланы-
сына аталмыш блок елеулі рөл ат-
қарады. Үшінші блок – жан қуат-
тарының (процестер) ағысын бағ-
дарлап, оларды реттестіру, басқару
ісімен айналысады. Ол ми қабығы-
ның маңдай бөлігінде орналасқан,
саналы тіршіліктің әртүрлі себепте-
рін (мотив), мақсат-мүдделерін, іс-
әрекеттің нәтижесін байқаумен де
шұғылданады. Ми блоктарының қыз-
метін академик А.Р.Лурия негізін
салған нейропсихология ғылымы
зерттейді.
МИДАҒЫ СИГНАЛДАР ЖҮЙЕ-
СІ – үлкен жартышар қабығы сырт-
қы дүниеден және ағзадан келетін
әртүрлі сигналдардың әсерін өз ба-
сынан кеше отырып, күрделі анали-
тикалық-синтетикалық іс-әрекет ат-
қарады, демек, күрделі тітіркендір-
гіштерді, күрделі сигналдарды же-
келеген бөліктерге бөледі, оларды
болашақ тәжірибемен салыстыра-
ды, оның ішінде ең негізгісін, мәнді-
сін бөліп көрсетеді.
Сигналдар, ең алдымен, анализатор-
ға өз қасиетімен әрекет етуші қорша-
ған ортаның заттары мен құбылыс-
тары болып табылады. Бұл әртүрлі
көру, есту, дәм, иіс тітіркендіргіште-
рін И.П.Павлов бірінші сигнал жү-
йесі деп атады. Ол жануарларда жә-
не адамдарда болады.
Сөздер және сөз тіркестері, ең алды-
мен адамдар оны естиді, сонымен қа-
тар белгілі бір заттар мен құбылыс-
тар туралы оған сигнал береді. Сөз-
дер және сөз тіркестерін И.П.Пав-
лов екінші сигнал жүйесі деп атады.
Екінші сигнал жүйесі адамның қо-
ғамдық өмірінің жемісі және тек қа-
МИ
МИДА
370
на адамға тән. жануарларда екінші
сигнал жүйесі болмайды. Екінші сиг-
нал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдар-
дың сигналы деп атады.
Адам өміріндегі сөздің ықпалдық
мәнін анықтай келіп, Павлов былай
деп көрсетті, сөз адам үшін шартты
тітіркендіргіш сияқты. Сөз, тіл адам-
ның әртүрлі іс-әрекетінің өзіндік қа-
лыптастырушы сигналдары болып
табылады.
Бірінші және екінші сигнал жүйеле-
рі бір-бірімен өзара тығыз байланыс-
ты іске асады.
Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлау-
ының негізіне жатады, ол жинақтал-
ған түрде білімді есте сақтауға мүм-
кіншілік жасайды, адамдар арасын-
дағы қарым-қатынасқа қызмет етеді.
Екінші сигнал жүйесінің және оның
бірінші сигнал жүйесімен байланысы
арқылы адам санасын дамытуға қо-
ғамдық жағдайдың шешуші ықпа-
лын іске асырады. Екінші сигнал жү-
йесі арқылы адам өзін-өзі, өзінің іс-
әрекеттерін, қылықтарын басқарады,
шартты рефлекстерді тежейді, неме-
се, керісінше, оны күшейтеді, тезде-
теді, оның жүрісін баяулатады.
МИ СЫҢАРЛАРЫ – ми қабығы екі
бөліктен (оң жақ және сол жақ сы-
ңар деп аталатын) тұрады. Ми сы-
ңарларының салмағы мидың жалпы
салмағының 80 пайызына тең. Мұ-
ның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат
бар. Сұр зат ми қабығы деп аталына-
ды. Ол қалыңдығы 3-4 миллиметр-
лік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл
қабаттардың клеткалары (жасуша-
лары) типі мен қызметіне қарай бір-
бірінен өзгеше болып келеді. Осы
клеткалардан тарайтын жүйке тал-
шықтары оларды сезім мүшелері-
мен, бүкіл денемен, сондағы барлық
клекалармен байланыстырады. Ми
қабығындағы осындай жүйке клетка-
ларының саны 16 миллиардқа жуық
деп есептелінеді. Ми қабығы төртке
бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке
және самай деп аталынады. Ми қа-
бығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне
қабылдағыш аспап тәрізді көптеген
анализаторлардың (талдағыштар-
дың) ядросынан тұрады. Мұнда кө-
ру, есту, иіс, дәм, тері, қозғалыс т.б.
жүйке орталықтары бар. Мәселен,
мидың желке бөлігінде көру зонасы,
самай бөлігінде – есту, төбе бөлігінде
қозғалыс орталықтары орналасқан.
Осындай орталықтардың жалпы
саны – 200-ге жуық. Бұлардың ми
қабығындағы орны бір жерге шек-
телмеген, нақты ми орталықтары
мидың басқа бөліктеріне де таралып
кетіп жатады.
Ми сыңарларының (оң, сол) бірлесіп
жұмыс атқаруларымен қатар өз
алдына дербес қызметтері бар екен-
дігі анықталған. Мәселен, сол сы-
ңары – логикалық ойлау мен санау-
дың, ал оң жарты шар кеңістікті
бағдарлау мен нақты бейнелеудің (ән,
музыка т.б.), эмоциялық әсерлердің
дағды, әдет, бейсана құбылыстардың
жұмысын айқын реттестіріп отыра-
тындығы дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |