Қ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жетекшісі: Абильдабекова Галия Отанбаевна Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті



бет2/8
Дата30.09.2022
өлшемі57,85 Kb.
#40921
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8
Өзектілігі: Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тәрәбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.


Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары, аудармашылық еңбектері жайлы өзгелерге насихаттау
Міндеттері:
- Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға үйрену
Ғылыми жұмысының зерттеу әдістері:
- бақылау, зерттеу, салыстыру, анализ жасау.
Жұмыстың ғылыми болжамы:
-Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқып, білу арқылы сыныптастарымның әдебиет және қазақ тілі пәндеріне қызығушылығы артады;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;


Жаңалығы: Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет