Қ. Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жетекшісі: Абильдабекова Галия Отанбаевна Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/8
Дата30.09.2022
өлшемі57,85 Kb.
#40921
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8
Негізгі бөлім
Ыбырайдың өмірбаяны
Қазақстанның тарихына Ыбырай Алтынсарин көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде енді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы, Арақарағай болысында (бұрынғы Затобол ауданы), ауқатты отбасында дүниеге келген. Ыбырайдың өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өскен. Сол кездің Балқожа би қазақтың халық ауыз әдебиетіне жетік, өлең шығарған, тілі шебер шешені болған.
Балқожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашылған жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Оның мектепте оқыған кезі туралы мұрағат құжаттарының бірінде оның табандылығымен, өздігімен жұмыс жасай алатындығымен ерекшелегендігі айтылған.
1857 жылы Ыбырай мектепті аяқтап, Орынбор шекара Комиссиясына тілмаш болып қызмет атқарады. Ол осында білім деңгейін көтеруді жалғастырады, туған елінің тарихын, әдебиетін, шығыс, орыс және батыс – европа мәдениетінің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын ықыласпен оқып үйренеді.
Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды.
1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды.
1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.
«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазды Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі – осы, тек осы мектептерде».
Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған.Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, «магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар» дегендерге қарсы шықты.
Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды.
«Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Сол себепті мен ел аралап, қоғамнан және әр түрлі қоғамдық уездерден, облыстық болыстардан ақша сұрап жүрмін. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4 екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге балаларды тәрбиелеуге арналған кітаптар жазды.
Алтынсарин бүкіл өмірін туған халқына арнады. «Қазақ халқы өз-өзін білімге құштар екенін көрсетеді», - деп жазды. Алтынсарин орыс халқы мен қазақ халқының достығына сенімді қолдаушы болды. Ол орыс демократиялық насихаттады, орыстың педагог-жазушылары К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тәжірибесін пайдаланды.
Алтынсарин ағартушы ретінде білімге табынған және білімнің қоғамды, әрбір жеке тұлғаны дамытудағы күшіне сенген.
Ы.Алтынсариннің әдеби қызметін бақылаған замандастары, оның еңбектерінің қаншалықты халықтың қажеттігіне жарайтындығын көзі тірісінде бағалаған.
Өзінің қатардағы әдеби шығармашылық еңбегінен басқа – «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», «Қазақ хрестоматиясы» (1879) еңбектері ана тілінде құрастырылған.
Бұл кітаптарда орыс графикасы негізінде жасалған жаңа қазақ алфавиті пайдаланылды.
«Қырғыз хрестоматиясының» кіріспе сөзінде Алтынсарин: «Жалпы біліммен пайдалы мағлұмат беретін кітап Азия халықтарының бірде-бірінің тілінде жоқ, сондықтан орыс тіліндегі кітаптан ізденуді мақұл көрдік. Осы себептен біз хрестоматия өзінің мақсатына сай келуі үшін оны орыс алфавитімен шығаруды қолайлы деп таптық», - деп жазған.
Ы.Алтынсариннің ақындық шығармашылығында ең алдыменн халыққа білім берудің маңызын насихаттарды, жастарды білім алуға шақырды. Білімнің қажеттілігін Алтынсарин заманында дәлелдеу керек болды. Мектеп ашу ғана емес, оқушыларды жинауға қиынға соқты.
Алтынсарин балаларды оқуға, білімге шақырған өлеңдер жазды. Солардың ішіндегі «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жас өспірімдерді оқуға үміттеген жалынды ұран болып қалды. Бұл өлеңде адам өміріндегі білім мен ғылымның пайдасы туралы айтылған.
Ғасырлар бойы көшпенділер байлық басы мал деп санаған. Бірақ баянды, шынайы байлық білімде екенін Алтынсарин өлеңдерінде айтып, осыған жастарды сендіруге, көзін жеткізуге тырысады. Адамды тек білім ғана бақытты, құдыретті ететіндігін көрсетеді.
«Өнер-білім, бар жұрттар» деген өлеңінде өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды, жас өспірімдерді мәдениетті халықтың қатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі-өнеге алуға шақырады.
Қоғамдағы әділетсіздік тақырыбындағы ақынның шығармаларына елдегі әлеуметтік теңсіздікті, байлардың зорлық-зомбылығын, сараңдығын, кедейлердің аяусыз басып жаншуын, жер-жерлерді байларды құрметтейтінін, жоғары қоятынын әшкерелейтін өлеңдері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет