3. Мазмұны бойынша карталар жалпы географиялық, тақырыптық және арнайы деп аталатын 3 топқа бөліктенеді. Жалпыгоеграфиялық
карталарда
геометриялық
пішінімен
тұлғаланған мазмұндық элементтер (жер бедері мен келбеті, су
объектілері, елді мекендер, жол қатынастары, байланысжелілері)
кескінделеді. Бұларға тән сипаттамалардың түгенделуі масштаб пен
олардың іріктелу дәрежесіне тәуелді болып келеді. Бұл карталардың
қолданылуында ірі, орта және ұсақ масштабты карталар тиісінші
топографиялық, шолулық-топографиялық, шолулық болып атауланады.
Тақырыптық карталарда геометриялық келбеті көрнекіленбейтін
табиғаттық (А), қоғамдық, яғни әлеуметтік-экономикалық, (Ә) және
табиғи-қоғамдық, немесе гиперсфералық (Б) құбылыстар, объектілер
немесе тәсірлер (процестер) бейнеленеді.