1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет70/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫ
Қазақстан территориясының 10 %-ға жуығын таулы аудандар алып жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады.
Климаты. Тауда әр 100 м көтерілген сайын орташа температура 0,5°С-қа төмендейді, қысым да төмендеп, ауа ылғалдылығы мен жауын-шашын мөлшері бipaз көбейеді. Климат таулардың етегіндегі субтропикалық белдеуден қар жатқан биіктіктердегі арктикалық белдеуге дейін ауысады. Климаттың өзгepyi ашық тау жыныстары мен минералдардың бұзылу жағдайын да өзгертеді. Нәтижесінде, мұнда механикалық құрамы және су - физикалық қасиеттері бойынша әр түрлі шөгінділер пайда болады. Таудағы пайда болған шөгінділерге байланысты, әр түрлі өсімдіктер формациялары мен микроағзалардың таралуы жүреді.
Таудағы өсімдік құрамы зоналарға бөлінеді, мысалы Алатаудың төменгі бөліктерінде шөл өсімдіктері өссе, жоғарылаған сайын оларды далалық өсімдіктер ауыстырады, оларды жалпақжапырақты ормандар, оларды қылқанжапырақты ормандар ауыстырады. Олардан да жоғары мәңгі қарларға ауысатын альпі шалғындары орналасады.
Топырақтардың вертикал горизонттары. Климаттың ауысу заңдылықтарын, өсімдіктер мен топырактың өзгepyi мен бұзылу типтерін және топырақ түзілуі бойынша ең алғашқы зерттеулерді В.В. Докучаев жүргізді. Ол Кавказ топырақтарын зерттеу барысында таудағы топырақтардың жалпы вертикал зоналық заңдылықта-рын белгіледі.
Таулы аудандарда климаттың континент алдығы мен биіктікке байланысты топырақ зоналарының саны да әр түрлі болуы мүмкін және ол тау тізбектері мен жүйелерінің орналасуына, жел соғу бағыттарына, теңіздер мен мұхиттардан арақашықтығына тәуелді. Дегенмен тау топырақтарына ортақ бip ғана заң - ол барлық таулы аудандарда вертикал белдеулер заңдылықтарының болуы.
Топырақтардың таудағы вертикал белдеулері ендік зоналықты қайталайды. Тау жүйелерінің вертикал зоналардың негізгі топы­рақтары альпі мен субальпі және орман топырақтары. Тау шалғындары топырақтары альпі және субальпі шалғында-ры астында пайда болады. Жауын-шашынның көп мөлшері, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, калың өсімдік жамылғысы топырақтарда органикалық заттардың жиналуына септігін тигізеді. Термикалық бұзылудың басым болуы майда, күшті қанқалы топырақтардың пай­да болуына жағдай жасайды. Олар мынадай горизонттардан тұрады: А1 - құба түсті, көбінесе шымтезектелген шым; А2 - күңгірт-сұр құысты, структурасы ұнтақты-дән тәріздес, қалындығы 50 см-ге дейін; В - өтпелі, күшті қанқалы, бұзылу қабықшасына өтетін қабат.
Тау шалғындары топырақтарында 8-ден 20 %-ке дейін қарашірік бар, негізінде күлгінденбеген.
Орал таулары бірнеше топырақ - климаттық зоналарды кесіп өтіп, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Таулардың аса биік еместігінен вертикал зоналық әр кезде байқалмайды. Тундра аймағында орналасқан Солтүстік Оралда таулы-тундралы топырақтар басым. Орталық Орал орманды зонада орналасқан. Беткейлердің көп бөлігінде қышқылды, күлгінденбеген, әртүрлі дәрежеде глей-ленген орман топырақтары таралған, тек 1000 м-ден жоғарыда ғана оңтүстікке қарай субальпі шалғындарына ауысатын таулы - тундралы топырақтардың жекелеген бөліктері кездеседі. Оңтүстік Орал тауының төменгі бөлігінде, жалпақ жапырақты орманның астын­да таудың сұр орман топырақтарымен ауысатын қаратопырақтар қалыптасады. Таудың жоғарғы жағында, 1000 м биікте таудың шалғынды шымды топырақтары орналасқан.
Орта Азия тауларының теңіз бен мұхиттардан шалғайлығы, климаттың континенталды, құрғақ болуына байланысты басым көпшілігінің жамылғысы күрделі далалық болып келеді, сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым болады. Аңғарлардың төменгі бөлiктepiндe (300 ден 1200-м дейін) жусанды-астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м дейінгі тауаралық шатқалдарда - таудың қаратопырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалыптасады.
Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлерде тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600 - 2500 м биіктіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсімдік жа­мылғысы астында коңыр және күрең топырақтар, 2000 м-ден биікте - қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың шалғынды шым­ды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000 м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет