Қорытынды. Зерттеу жұмысымызда сөз болған Қабанбай батырдың ел
тағдырындағы тарихи орны дегенде, алдымен тарихи жыр, аңыз, дастандағы
тереңнен тамыр тартқан туған жерді қорғау идеясын айтуымыз керек.
Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретінде туған жері, елі үшін
жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да
қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз. Ойымызды Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
сөзімен жалғастырсақ: «Олар белгілі бір мағынада өздері де халық тарихының тұтас
бір дәуіріне татыған, халықтың бағытынан жаңылмай тәуелсіздікке бастайтын
жолын нұрландырған ел тарихының шамшырықтары болған» [12, 267].
Зерттеу жұмысымызда Қабанбай батырдың әдеби бейнесін жасаған жырларға
талдау жасай келе, төмендегіше ой қорытындысын түйдік:
1. Қабанбай батыр – ұлт батыры. Оның бейнесі батырлар жырының
кейіпкерлерімен тең деңгейде, ауыз әдебиетіне тән дәстүрде жырланады.
2. «Қабанбай батыр» жырында Қабанбай өмірінің соңғы уақыттары
бейнеленген.
3. «Қабанбай батыр» жырын тарихи шығарма тұрғысынан талдап, Қабанбай
батырдың өмір сүрген жылдарын нақты 1692-1770 жылдар деп тануға болады.
4. Халық аузында әр түрлі аталып жүрген батырдың есімдерінің бірі –
«Қабанға» байланысты пікіріміз мынадай. «Қабан» – моңғол тіліндегі «хаван» өзінің
қазақша баламасы. Мағынасы – «бас уәзір» деген сөз. Қабанбай батыр жоңғар
шапқыншылығы тұсында Абылайдан кейінгі екінші тұлға болған. Демек, ханның
«Бас уәзірі» деген сөз.
Ойымызды қорытындылай келе, болашақта жүзеге асырылса деген мынадай
ұсынысымыз бар:
- 6 сыныпта «Қабанбай батыр» қиссасын оқу бағдарламасына енгізу. Бұл
туынды «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» секілді ерлікке
тәрбиелейтін жыр және тарихи тұлға туралы болғандықтан менің құрдастарым үшін
қызықты болады деп ойлаймын;
- «Қабанбай батыр» қиссасының желісімен батыр өмірінің соңғы сәттері
мультификациялық фильмге түсіріліп, балабақшалар мен бастауыш сыныптарда
көрсетіліп тұрса;
- Қабанбай батырдың ерлігін, бейнесін сомдаған жыр жолдарын көрнекті етіп
жазып, адамдар көп жиналатын алаңдарға ілу;
- Республикамыздың түпкір-түпкірінде батыр есімін иеленген балаларды
жылына бір рет батырдың туған жеріндегі ескерткіші алдына жинап, Қабанбай
батыр жайында білім жарысын ұйымдастыру;
- Әскери оқу орындарында Қабанбай батыр атындағы арнаулы стипендия
тағайындау.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
154
Әдебиеттер
1 Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (бес тарих). – Алматы: Қазақстан, 1992.
2 Жұмаділов Қ. Дарабоз. – Алматы: Жазушы, 1991.
3 Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Ташкент,
1925.
4 Сәнік З. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Жазушы, 1991.
5 Монгол – казах толь. – Өлгий, 1984.
6 Толыбайұлы Қ. Елім-ай. – Петропавл, 2000.
7 Мұхамедханов Қ. Қаракерей Қабанбай батыр // Қазақ әдебиеті. – 1991. – 12
шілде.
8 Қабанбай батыр (қиссадан үзінді) // Қазақ әдебиеті. – 1990. – Қаңтар.
9 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. – 1 т.
10 Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1961. – 1 т.
11 Мұхамедханұлы Қ. Бұқар жырау // Қазақ әдебиеті. – 1993. – Көкек.
12 Тәуелсіздік толғауы. – Астана: Елорда, 2002.
РАЙЫМБЕКОВА Бибісара Болатқызы,
«№44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
10 «А» сынып оқушысы, Жеміс-жидек ауылы, Меркі ауданы,
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: НАДЫРБАЕВА Бақыт Зикириллақызы,
«№44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, Жеміс-жидек ауылы,
Меркі ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ
Атам қазақ баласы,
Неткен әділ, қарашы!
Тау сұлтаны – данасы,
Хан Тәңірі деп, әйгілеп,
Ат қойған-ау, шамасы.
Аңдатпа. Ізденіс жұмыстың мақсаты. Мен ізденіс жұмысымда ақын
Мұқағали Мақатаевтың қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз екенін, қазақтың күпі
киген өлеңін шекпен жауып, мың түрлендірген ақын екенін дәлелдеуді мақсат еттім.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
155
Сонымен қатар қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақиық ақын Мұқағалидың
шыншыл да, шымыр өлеңдерін жан-жақты талдауға тырыстым.
Ізденіс жұмыстың болжамы. Мінсіз поэзияның нағыз жасаушысы Мұқағали
Мақатаев поэзиясы XXI ғасырда қайта жаңғыруда. Бүгінде Алтай мен Атыраудың,
Жетісу мен Арқаның арасында Хантәңірінің мұзбалағы атанған ақиық ақынның
жырларын жатқа айтып, оның сөзіне жазылған әндерді білмейтін жан жоқ шығар.
Ізденіс жұмыстың кезеңдері. Бірінші кезеңде ақынның өмірі мен
шығармашылығы, қазақ поэзиясына сіңірген еңбектері баян етілді. Екінші кезеңде
Мұқағали Мақатаевтың жырларындағы диалог сөздер зерттелді. Зерттеудің үшінші
кезеңі қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын жайында айтылған
жылы лебіздерге арналды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: ақын өлеңдеріне талдау жасау, зерттеу, топтастыру,
маңыздылығы мен мақсатын айқындау.
Жұмыстың жаңалықтары мен авторлық көзқарас. Ізденіс жұмыста талдау
жасау арқылы Мұқағали Мақатаевтың ақиық ақын ретінде жазылған
шығармаларында халықтың қамын ойлап, шыншыл да шымыр өлеңдері халық
арасындағы жағдайларды қорытындылап, өз өлеңдеріне арқау еткен. Сонымен қатар
Мұқағали шығармашылығындағы диалог сөздер осыған дейін дербес зерттелмеген.
Зерттелсе де, белгілі ортақ тақырыптардың аясында қарастырылатын. Бұл жолғы
зерттеу арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізілді. Сондықтан зерттеу жұмысының
ғылыми жаңалығы көтерілген тақырыптың мәнділігімен, көкейкестілігімен
айқындалады.
Кіріспе. Ізденіс жұмысымның өзектілігі. Поэзиядағы көркем өмір шындығын
ашып көрсету – кейіпкер бейнесін өзара тілдесу арқылы ашып көрсетуде танылады.
Диалог арқылы әдеби тіліміздің жетілуіне, толыға түсуіне үлес қосқан.
Ізденіс жұмыспен айналысуымдағы мақсатым. Ақын жырларына жан-
жақты талдау жасау және шығармашылығы, айтылған лебіз сөздерді анықтау еді.
Сонымен қатар ақын поэзиясындығы нақыл сөздерді, яғни афоризмдерді талдау,
нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясын саралау.
Менің ізденіс жұмысымның негізгі мақсаты. Мен ізденіс жұмысымда
ақынның қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз екенін, қазақтың күпі киген өлеңін
шекпен жауып мың түлеген ақын екенін дәлелдеуді мақсат еттім.
Ізденіс жұмыспен айналысуымдағы негізгі міндетім:
- Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету
– басты міндетіміз болса, сол міндетті шешуге өз үлесімді қосу менің де парызым.
Сондықтан мен ғылыми жұмысымда ақын поэзиясын жан-жақты білуге тырыстым;
- Мақатаев поэзиясының құндылығының, шынайылығының басты себептерінің
бірі – диалог сөздердің қолданылуында екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей
отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне, толыға түсуіне қаншалықты үлес
қосқанын саралау;
- Ақынның туындыларындағы өмір шындығының көркем шындыққа ұласуы,
адам бейнесін ашып көрсетуде диалог жасау шеберлігін сараптау.
Ізденіс жұмысымды жазу барысы. Ақынның өмірі мен шығармашылығына
тоқтала келе, Қазақтың Хантәңірі – ең биік, мұзбалақ таудың шыңы екендігін табуға
тырыстым. Арнайы жоспар бойынша ғылыми жобамды жаздым. Ғылыми жобамда
Мұқағали ақынның нағыз талантты ақын екендігін, оның шығармаларының өміршең
екендігін танытуға тырыстым.
Ізденіс жұмысымның ерекшелігі. Басқа да ғылыми жұмыстарға қарағанда
айырмашылығы – өзінің көлемді жырларымен танылған шығармашыл тұлғаның
өмірімен қатар түрлі тақырыпта жазған өлеңдерін, ақынның жалынды
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
156
жырларындағы диалог сөздерді зерттеуге арқау еткендіктен ерекше көзге түседі.
Ақын жырларын сүйіп оқитын мен үшін оның тартысқа толы ғұмырымен танысып,
өзіндік баға беру мені өте қызықтырды.
Хантәңірі – ең биік, мұзбалақ таудың
шыңы.
Ақтамберді
болып
ақтарылып,
Махамбет болып кектенген, Абай болып терең
күрсінген, Жамбыл болып жырлаған, Мағжан
болып мұңайған, Қасым болып от кешіп,
Төлегендей сағынышқа енген қасиетті қазақ
өлеңінің төрінде ақиық Мұқағалидың алатын
орны ерекше.
Қарасаз атты қараша ауылда туып-өсіп,
Хантәңірінің етегінен түлеп ұшқан мұзбалақ
ақынның жырлары бүгінде әр қазақтың
көкірегінде сайрап тұр. Ол өлең өлкесіне өзінің
ерекше үнімен келіп, қарапайым да асқақ
болмысымен, шыншыл да шымыр өлеңдерімен
жадымызда мәңгі қалып қойды.
Ұлы Абай айтқан «тілге жеңіл, жүрекке
жылы» өлеңдер Мұқағали Мақатаев поэзиясының негізгі тілі екені даусыз. Мұқағали
– қазақ халқының бірнеше буын ұрпағын тәрбиелеп келе жатқан шын мәніндегі ұлт
ақыны. Бүгінде Алтай мен Атыраудың, Жетісу мен Арқаның арасында Хантәңірінің
мұзбалағы атанған ақиық ақынның жырларын жатқа айтып, оның сөздеріне
жазылған әндерді білмейтін жан жоқ шығар. Мұқағали тірі болғанда қазақ
поэзиясының абыз ақсақалы болып, алшаң басып халқының ортасында жүрер еді.
Иә, дүниеден өткенмен артында сөзі қалды, рухы елімен бірге жасай береді. Ақын
поэзиясы ХХІ ғасырда қайта жаңғыруда. Өлеңдері қазақ халқының сезімін тербеп,
жүрегін қозғап, замана құдіретіне, сағынатын, табынатын биік рухымызға айналды.
«Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай». Мұқағали шығармаларындағы диалог
сөздер. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали «Жан азасы»
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін
жыр етсе, «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде
қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін
суреттейді.
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
157
Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең,
ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім,
ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы
қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын қай тақырыпты жазса да, жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Ол
туралы: «Мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын.
Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе: «Тіпті де мен еместі «Мен»
дегенім... өзгенің жан-сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін», - дейді.
Мұқағали
шығармашылығының
негізі «өзін-өзі»
зерттеуден
тұрады.
«Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы
тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі
арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Ол
қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда
бір сұмдық сыр бар естілмеген», - дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге
интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы
ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең
жолдары бар: «Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран
жеңгем».
Ол «нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ
болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам
жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен
әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.
Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып өстім. Өлеңдері – ғашықтардың
жүрек лүпілі, айтылмай қалған арманы, асыл сыры, табысқандардың рахат сезімі,
қосыла алмағандардың мәңгілік арманы, өкініші. Осы сезімдерді ақынның өз
басынан кешіп жырлағаны анық. Мұқағали өлеңдерінің мәңгі болатыны, жүректе
жатталатыны, бүгін де, ертең де, ылғи да сақтала беретіні сондықтан.
Ақын «Менің анкетам» деген өлеңінде өз өмірбаянын диалог арқылы берген:
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Ерпекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін!
Мұнда кейіпкер беретін ойын өз түсінігімен ғана емес, екінші бір адамның
жауабын қоса қолдануы әсерлі шыққан. Осы диалогтың өлеңді жүрдек етіп тұрғаны
өз алдына, сонымен бірге аталмыш өлеңнің өңін де кіргізіп тұр.
«Сөз атасы – сәлем», адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан
басталады. Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы Қабай жырау мен
жас Райымбектің тілдесуіне көз жіберелік:
- Армысың, Ата!
- Бар бол, балам, аман ба?
- Жолыңыз болсын?
- Жолдың несін, сұрайсың мына соқыр заманда.
Қайда барсаң Қорқыт көрі қазулы тұр адамға...
Мұңдағы диалог амандасу, сұрау арқылы іске асып тұр. Мұндағы екі адамның
сөзі «ата», «балам» деген туыстық, жақындық қаратпа сөздер арқылы жасалған.
«Жолыңыз болсын?» - мұнда тілек мағынасында емес, сұрақ мағынасында қолданып
тұр. Қазақта жол жүріп бара жатқан адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамайды,
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
158
«Жол болсын?» дейді. Олай сұрамаса жолы болмай қалады деген ырым бар.
Мұқағали да осы үрдісті сәтті қолданған.
Ақын кейіпкерлерді өзара сөйлету арқылы олардың мінез-құлқын, түсінік
танымын көрсетеді. Мұқағалидың «Адасқандар» өлеңінен диалогтің ренішті
таңданысты түрін көруге болады:
- Біздер әлі тіріміз бе, ей?
- Тіріміз. Жөнсіз босқа қырта бермей жүріңіз!
- Мені ұнатпай келесің-ақ, бастауышым,
Түсінбеймін, не болады күніміз?
- Не болушы ед, қорқатұғын несі бар?
Өле кетсек өлгендердің біріміз!...
Қырт – ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын сөз. Бұл орайда ақын бұл сөзді
орынды қолданған секілді.
Сол сияқты ақынның «Болашақтан болашаққа» поэмасындағы «Намыс пен
муза» бөлімінде екі адамның сөзінен өтініш, тілекті көруге болады.
- Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба,
Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан.
- Дем алсаң нетті, несіне сонша желіктің...
- Тентегім, менің, түсінесің бе, жерікпін.
Мұқағали Мақатаевтың осы өлеңдерінде диалогты асқан шеберлікпен, ұтымды
қолданғаны бірден көзге түседі. Ақын кейіпкерді сөйлету арқылы оның образын әр
қырынан көрсетеді. Әсіресе бізді тәнті еткені – мұндағы диалогтардың құйылып
түскендігі. Мұқағали диалогтары – өлеңнің өзі секілді қамшының өріміндей, қолдың
саласындай. Демек, кейінгі ақындарға Мұқағалидің диалогтарынан үйренетін тұстар
аз емес. Мұқағали – адамды жан-тәнімен сүйген кісі. Сондықтан ол өзін де шексіз
сүйді, өз бағасын білді. Өлмейтінін, халқымен бірге мәңгі жасайтынын сезді.
Алланың жер бетіне жіберген құдыреттерінің бірі екенін де түсінді ғой деп
ойлаймын.
Мен Мұқағали өлеңдерін мынадай қылып жіктедім:
1.
Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы»,
«Ғашықпын», «Махаббат» және т.б.
Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңінен үзінді келтіргім
келеді:
Құмартасың жете алмай,
Қайғырасың сағынып.
Қыл көпірден өте алмай,
Қиыласың табынып.
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Менің ойымша, бұл өлең жолдары алғашқы махаббатқа арналған және бұл
махаббаттың сәтсіздікке ұшырағандығын көрсетеді.
2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат»
және т.б.
3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма
хат» және т.б.
4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.
5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б.
Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
159
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, Мұқағали өлеңдеріне ән жазылып, оны
көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы – «Көзін сенің», «Бала
ғашық», «Нұрмұқасан» тобы – «Бақытыңды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.
Поэзия – жүрек тілі. Астарлы мағынасы мен ұйқасында мін жоқ, теп-тегіс,
кедір-бұдыры жоқ, айналасы жұмыр қамшыдай өрілген қазақтың қара өлеңі қашанда
құнды рухани қазынамыз болып қала бермек.
Қазақтың қара өлеңі дегенде менің аузыма алдымен поэзия әлемінің Хантәңірі
Мұқағали Мақатаевтың есімі келеді, бұл есімнен кетпес. Тарих тұрлауына айналып
бара жатқан ХХ ғасырдың рухани кеңістігімізге тарту еткен осы бір ұлы есім
тіліміздің ұшына оралған сайын, халқының жүрегіне өлшеусіз терең бойлап, елінің
шексіз махаббатына бөлене беретініне сенім мол.
Айдыны кең, асқары биік алып жырдың ұлан-ғайыр кеңістігі сана төрінде
жаңғыра берері де даусыз. Өйткені, бұл есім бүгінде жан мен жүрекке азық болар
қуатты жырдың қазақы болмысына айналып, халқының өміртану болмысымен біте
қайнасып кетті. Қайда барсаңыз да, Мұқағали жырларының алдан шығары хақ…
Қалаға да, далаға да ортақ, ханға да, қараға да бірдей, кәріге де, жасқа да тән
дүниелік құбылыстарды, сезім ахуалын тап басып айтуда дәл Мұқағалидай жеңіске
жеткен ақын кемде-кем.
Менің дәл осы сөздеріме оның «Поэзия» атты өлеңі дәлел болады. Мұқағали
осы бір-ақ, өлеңі арқылы адам өмірінің айнасына қарағысы келеді. Бұл өлеңінен
поэзияға деген іңкәр махаббаты, оны шексіз сүйетіндігі, поэзия онсыз, ол поэзиясыз
өмір сүре алмайтындығы көрінетіндей.
Мұқағали айнасындағы ақын мен поэзия – еліктің қос лағындай ойнақтаған
сұлу да көркем, сиқырлы да сыршыл бейнелер. Ақынның поэзия деп отырғаны –
өлең тіліндегі алауыртқан таңдар, қарауытқан таулар, кездескен адамдар мен
бұлақтар, бақтар, алаңдар, шырақтар, оттар, жалаулар, замандар, дос пен қас, ақша
бұлт пен ақ нөсер, қызылды-жасылды шұғыла, көкжиек, махаббат, сағыныш,
армандар, жаңылысқан сәттер, күн мен түн, гүлдің бүршігі, қуаныш пен түршігу
және күрсіну, жүрек дүрсілі, минуттар мен сағаттар, тағы басқалар…
Ол осы сияқты сезімдермен және әртүрлі құбылыстармен егіз. Ол 45 жылдық
ғұмырында өмірдің әсем келбеті мен буырқанған боранын, дауылын жыр қылып
кетті. Демек, Мұқағали Мақатаев – бүкіл болмыстың жаршысы. Оның қаламынан
қалт кеткен дүние жоқ!
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
160
Ал енді мына ғаламатқа таңданыңыз. «Қыз сыры» деп аталатын өлеңінде ол
қазақ қызының болмыс бітімін керемет суреттейді. Осы сәтте «қыз болып» қыздың
сырына үңілгені несі деп оны жазғыруыңыз да мүмкін. Бірақ ол өзіне міндеттеп
алған ақындық жауапкершілікті адал атқаратын қызметкер ақын:
Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.
Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым,
Қиылып ем қымсынып.
Қарай алмай ел бетіне,
Сенен ғана сыр бағып,
Қарапайым келбетіңе,
Қараушы едім ұрланып.
Солай, солай күн кешкен ем,
Сені сақтап санама.
Қош, аман бол, жан-аға… - дей отырып өзі ер адам бола тұра қызға тән
келбеттің сырын ашуға тырысып, оны көркем оймен, өлеңмен өреді.
Ақынның біртұтас поэзиясында жалпы болмысқа қатысты мысалдар өте көп.
Ақынның бір-екі өлеңін мысалға алып отырғаным, Мұқағалидың барлық қырын
ашпайды. Себебі өз басым қазірдің өзінде ғылым тұңғиығы тұнып жатқан Мұқағали
поэзиясының құпиясын толығырақ меңгеріп үлгергенім жоқ.
Мұқағали Мақатаев поэзиясында тау қыранының саңқылдаған тұнық үні бар.
Тектілікті қыраннан, биіктікті таудан үйренген ақын өлең турасында кәсіби маман
ретінде көптеген әділ пікірлер айтқан. Ол өзінің бір естелігінде: «Өлең адамға қонған
аруақ, онымен серттесу керек. Мен әдебиетке әдебиеттен келген жоқпын, қажет
десеңіз, мен өлең жазғанда әдебиеттің не екенін білген жоқпын. Өлеңде форма
болатынын, желі болатынын, идея болатынын, өлең туралы үлкен ғылым барын
білмедім. Мені поэзиямен Құдайдың өзі серттестірді. Естеріңізде болсын, саясаттың
өз иесі болса, өнердің өз Тәңірі бар. Меніңше талант дегеніміз – сондай бір
серттестік. Платон философияға, Македонский соғысқа жаралған. Христофор
Колумб – саяхатқа. Ал мен – поэзияның адамымын. Талант әрқилы, бірақ
Құдайымыз бір», - дейді.
Мұқағали Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны – жарқын асыл
адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып
ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.
Мұқағали Мақатаев қазақ сөз өнерінің, поэзиясының, қазақ емес-ау, әлем
поэзиясының құдіреттерінің бірі еді. Мінсіз поэзияның нағыз жасаушысы да сол
Мұқағали болатын. Сөздері көктен түскендей, құзар шыңдарда ғасырлар қашаған
жартастардай, таудан құлап жатқан сарқырамадай болып көрінеді. Табиғатты өз
қолынан жасайтындай, ұлы құдірет, ғажайып суреткер еді.
Ақын шығармаларындағы диалог сөздер шығарманың өмір шындығын ашуға,
құндылығын көрсетуге негіз болып, жаңаша көзқарас қалыптастырады. Диалогтың
ұтымды қолданылуы, сәтті шығуы қаламгер шеберлігінің бір көрінісі тәрізді.
Ақын поэзиясы – тұнған лирика. Мақатаев өлеңдерінің қай-қайсысын
оқысаңыз да, ой мен сезімі қатар келген дауылды ақынды тани түсесіз. Әдетте,
поэзия хақында тіл безегенде азаматтық әуен, табиғат жырлары, махаббат ғазалдары,
сол сияқты, құбылған ауа, түрілген түн, мұндағы қыбырлаған тіршілік, құжынаған
№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
161
өмір, жүрек шымырлатар тылсым
сезім, оймен әдіптелген жұмбақ сыр,
азаматтық әуен тудырар, туындатар
болмыстың өзі емес пе? Дәл осы
тұжырым
биігінен
зер
салсақ,
Мақатаевтың жүрегін жарып шыққан
отты жыр азаматтық асқақ сезімнің
символы іспеттес.
Ақынның
өлең
айшықтары
көбіне-көп төрт тармақты, он бір
буынды қара өлең ұйқасының сан
алуан үлгілері болып өріліп отырады.
Екі,
үш,
бес
тармақты
өлең
айшықтары да кездесіп қалады.
Тұжырымды түрде сөйлей білетін
ақын көтерер жүк тым ауыр, ал Мұқағали Мақатаев кеңес болмысының шынайы
келбетін халықтық демократияға ұмтылу сезімінде өз ойын бүкпесіз айтудан
тайынбаған. Жаны – жайсаң, жүрегі – жұмыр, құшағы – кең ақынның тыныштықты
аңсаған жалынды үні құлағыңнан кетпейді. «Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес,
мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге
тырысамын. Адамдарды түсіне отырып, олардың да мені түсінгенін қалаймын.
Менің бүкіл поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы», -
деп ақиық ақын тегін айтпаса керек-ті. «Тіл дегеніміз – адамзат мәдениетінің қуаты,
энергиясы», - деген аты әлемге мәшһүр ғалым Вернадскидің пікірі көркем сөзде
кесте тіккен ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына тән десек, қателеспеспіз.
Ия, оның тілі шынында да бай,шұрайлы...
Достарыңызбен бөлісу: |