1. Абай ақындығының алғашқы кезеңдерін көрсетіңіз


«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсатын талдап қорытыңыз



бет43/58
Дата02.03.2023
өлшемі317,29 Kb.
#71070
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
48. «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсатын талдап қорытыңыз.
Абай сол кездегі кертартпа діни-саяси ағымға қарсы, өз халқы мәдени прогреске орыс халқының ұлы мәдениетінен үйрену арқылы жететінін насихаттап, өзі де соны жүзеге асырды. Сол замандағы гуманистік идеяларды кең таратудың қайнар көзі орыс мәдениетінде деп білді. Абай Пушкинді өз бетімен оқып, оның шығармаларын аударды. Сол Пушкин арқылы Батыс Еуропаның басқа да классиктерін танып білді. Орысша аудармалар арқылы ол ежелгі әдебиетпен де танысты.
Қазақ тарихында Пушкиннің мұрасына алғаш айырықша зер салып, өнеге еткен Абай Құнанбаев болды. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті.
Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті – жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек.
Осы күнге дейін Абайдың Пушкиннен аударған өлеңі делініп келген шығарма саны сегіз. Бұларды санамалап айтсақ: «Онегиннің сыйпаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Татьяна сөзі», «Ленский сөзі», «Онегиннің өлердегі сөзі».
Абай аудармасында үш кейіпкер бар. Олар – Онегин, Татьяна және бұл екеуінен төменірек дәрежеде тұратын -Ленский. Ерекшелігі Абай Онегинді ақтап, оның адамгершілік, турашылдық, әділдік, сыншылық қасиеттерін ішкі жан дүниесімен үндестіре жырлауында.
«Татьяна хаты» түпнұсқада -68жол, 1989жылы жазылған Абай нұсқасы - 76 жол. « Амал жоқ- қайттім білдірмей» деп басталатын Татьянаның хатын Абай қазақ таным-түсінігіне сай жырлаған.
Амал жоқ -қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтармын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартармын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Еріксіз аттап ұяттан,
Қорлыққа көндім бұл құрлы,
Байқалар халім бұл хаттан, - деп Абай Пушкинді сөзбе-сөз жеткізбей, қыз жүрегінің нәзік қылын қазақ салтына лайықтап әкеледі. Қазақ қызына орыс қызының мінезін, еркіндігін, адалдығын үлгі етеді.
Тағы бір тұсында: «Жарым жақсы киім киіп, келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, басылмай бір құшып, сүйіп... Қылдың арам ойыңды. Бір бұрмадың мойныңды. Сен ақылмен көңіліңді, Тиып, жеңдің бойыңды. Мен бұрылып түзеле алман. Қайтсін дедің сорлыңды... Атам, анам қара жер, сен аша бер қойныңды. Сенен басқа еш жерден, Таба алмадым орнымды»,- деп осынау мұң, бұл хал сол кездегі Онегин басына мүлде байланысты емес еді, бұл хал Абайдың өз басының сыры, мұңы, шыны болатын.
Абай ғұмырнамасына жүгінсек: ақын бұл өлеңдерді 42-44 жасында жазған, яғни өзі де әдебиеттегі таусылып бітпейтін мәңгі тақырып ғашықтар әлемінде бірде от, бірде мұз болып, күйіп-жанып жүрген кезінде туғызған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет