1. Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды қарастырудағы философиялық тәсілдің ерекшелігі. Шығыс және Батыстық философиялық дәстүрдегі адам мәселесі. Адам анықтамалары


Конфуций «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты білмеймін деп қынжыл» дейді



бет3/3
Дата19.10.2022
өлшемі446,99 Kb.
#44046
1   2   3

Конфуций «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты білмеймін деп қынжыл» дейді.

Көне грек философиясындағы адам мәселесін қарастыру софистер мен Сократтан бастау алады. Протогор адам барлық заттардың өлшемі десе, Сократ өзіңді өзің танып біл деген ұстанымда болды.

Адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәні Еңбек, мораль, сана – қандай да болсын адамзаттың игіліктері (еңбек), адамдар арасындағы құқықтылық қатынас (мораль), адамға тән психиканың деңгейі (сана) қоғам қалыптасуындағы басты үш фактор, қажетті сектор. Үшеуінің қайысысы бұрын екендігі жөнінде тұжырым болмағандықтан еңбек, мораль, сананың тууы – қоғамның қалыптасуының түпкі шарты болып табылады. Сондай-ақ жанама факторлар: тіл, жанұялық қатынас, қоғамдастық және т.б да антропосоциогенездегі маңызды қатынастар.

Биологиялық жағынан адам – тәндік негізі бойынша барлық сүт қоректі хайуандарға ортақ қасиеттерді иемденеді. Организмдердің бәріне ортақ: қан айналым, зат алмасу, туу мен өлу және т.б. процестер адамның бір жағынан биологиялық тіршілік иесі екендігін көрсетеді. Сондықтан адам эволюциядан оқшау әлеуметтік жан иесі ғана емес, сол табиғи ортаның заңды жалғасы болып табылады.


Адамның табиғатпен, қоғаммен, әлеммен байланысынан оның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік қырлары ашылады

Адам анықтамалары

  • Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай, Грек философиясы)
  • Адам – бұл мәңгі, абсолютті рух (атман). (Көне Үнді философиясы – йога, веданта)
  • Адам – барлық заттардың өлшемі (көне Грек софистері – Протагор)
  • Адам – саяси жануар (Аристотель)
  • Адам мәдени хайуан (әл-Фараби)
  • Адам – Құдайдың бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық теология)
  • Адам – ойшыл жан (Р.Декарт)
  • Адам адамға қасқыр (Т.Гоббс)
  • Адам – жанды машина (Ж.Ламетри)

Жалғасы

    • Адам адамға – Құдай (Л.Фейербах)
    • Адам – рационалды жануар (К.Линней)
    • Адам – құрал жасай алатын жан (С.Кьеркегор)
    • Адам – уәде беруге қабілетті жан (Ф.Ницше)
    • Адам – символ жасаушы жануар. (Э.Кассирер)
  • Осы көрсетілген анықтамаларды жүйелеп, жинақтап ой қорытатын болсақ, адам табиғатының үш маңызды қыры ашылады.
  • табиғи – биологиялық (материалды) қасиеттері;
  • психологиялық, әлеуметтік қасиеттері;
  • рухани мәні мен қасиеттері.

«Мне понадобилась полвека, чтобы понять, что у меня нет литературного дара. Увы, к тому времени я уже был известным писателем».

«Мне понадобилась полвека, чтобы понять, что у меня нет литературного дара. Увы, к тому времени я уже был известным писателем».

Роберт Бенчли



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет