1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Саусақ сүйектері, ossa digitorum manus



бет10/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202
Саусақ сүйектері, ossa digitorum manus, кішкентай нағыз бір эпифизі бар, бунақ деп аталатын бірінен соң бірі орналасқан қысқа қуыс сүйектер. Әрбір саусақ үш бунақтан тұрады: проксималды бунақ, phalanx proximalis, ортаңғы бунақ, phalanx media, дисталды бунақ, phalanx distalis. Тек бас бармақта ғана екі проксималды және дисталды бунақ болады. Ол басрлық жаураларда басқа саусақтарына қарағанда нашар дамығанда, тек адамда ғана күшті жетілгген. Проксималды бунақтың табанында сәйкесті жұмыр басымен буындасуға арналған жалғыз буын шұқыршағы, ал ортаңғы және дисталды бунақтарда қырқашықпен бөлінген екі-екіден жайпақ шұқыршақтар болады. Олар ортасында оймасы бар блок пішінді сәйкесті проксималды және ортаңғы бунақтардың бастарымен буындасады. Бунақтың ұшы қисыңқы әрі адыр-бұдырлы, tuberositas phalangis distalis. Қолбасының алақан бунақ және бунақаралық буындар аймағында сіңірлердің бекіген жерлерінде тобық сүйектер жатады. Олар бас бармақта тұрақты болады да, ал басқа саусақтарда тұрақсыз.
12.Жамбас сүйектері. Жамбас тұтас. Жыныстық және жас шамалық ерекшеліктері. Әйел жамбасының размерлері.
Жамбас сүйек, os coxae, жалпақ сүйектерге жатады да қозғалыс(сегізкөзбен және ортан жілікпен буындасуға қатынасады), қорғаныш әрі тірек қызметін атқарады. Соңғы қызметі басым келеді де, соның өзі жамбас сүйектің құрылысының күрделі болуына және оның жекелеген үш сүйектен-мықын, os ilium, шат, os pubis және шонданай сүйектен, os ischii, қосылып түзілуіне әсер етеді. Бұл сүйектер салмақ ең көп түсетін аумақта, атап айтқанда ұршық буынының шұқыршағы болып табылатын ұршық ойысында бітісіп-өседі, осы жерде жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын аяқ бундасады. Мықын сүйегі ұршық ойысынан жоғары, шатсүйегі-төмен және алға қарай, ал шонданай-төмен артқа қарай жатады. Аталған сүйектер 16 жасқа дейінгілерде бір-бірінен шеміршек қабатшаларымен бөлінген, олар ересектерде сүйектенеді, яғни синхондроз синостозға айналады. Осының нәтижесінде үш сүйектен бүкіл тұлға мен басқа тірек үшін қажетті аса берік бір ғана сүйек пайда болады. Ұршық ойығы, acetabulum, жамбас сүйектің сыртқы жағында орналасады және ортан жілік басымен буындасуға арналған. Ұршық ойығы едәуір тереі дөңгелек шұқыршақ пішінді, шеңбер бойымен медиалды ойықпен, incisura acetabuli,үзілетін биік жиекпен бөлінген. Оның негізгі қызметі: ортан жіліктің басымен беттесіп, ұршық буынын, articulatio coxae құрау.
Мықын сүйегі, os ilium, жамбас сүйектерін құраушы сүйектерің ең ірі және жалпақ сүйек болып келеді. Өзінің дене, corpus ilii деп аталатын төменгі қысқа жуан бөлімі арқылы ұршық ойығы аймағында жамбас сүйектің басқа бөліктермен қосылып кетеді, оның жоғарғы кеңейген және біршама жіңішкелеу бөлігі мықын сүйек қанатын, ala ossis ilii,түзеді.
Мықын сүйегі қанаты, ala ossis ilii, сагиталь жазықтықтың бойында, желпеуіш тәрізді жалпақтау болып келсе, төменгі денсі мен шектелген бөлігі, қисыңқылау болып келген. Қанатының жоғарғы жиегі латынның S әрпіне ұқсап келген бұлшықеттер бекитін мықын сүйегінің қырқасын, crista iliaca,құрайды. Мықын сүйегі қырқасының ішкі бетінде қырқаның ішкі еріні,labium interna, сыртқы бетінде қырқаның сыртқы еріні, labium externa, аралығында қырқаның аралық сызығы, linea intermedia, айқын байқалады. Оның алдыңғы бөлігінде, бұлшықеттер басталатын алдыңғы-жоғарғы қылқаны,spina iliaca anterior superior,төменірек алдыңғы-төменгі қылқаны, spina iliaca anterior inferior, орналасады. Артқы қапталында, артқы жоғарғы қылқаны, spina iliaca posterior superior, төменірек артқы-төменгі қылқаны,spina iliaca posterior inferior орналасқан. Артқы төменгі қылқаны төмен бағытта өтіп шонданай, шонданай сүйектің үлкен тілігіне, incisura ischiadica major,ұласады. Мықын сүйегі қанатының ойыс келген ішкі беттері бар:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет