1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Мықын сүйегінің сыртқы бөкселік беті, facies glutea



бет11/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   202
Мықын сүйегінің сыртқы бөкселік беті, facies glutea деп аталу себебі, бөксе бұлшықеттердің басталар жері болғандықтан бөкселік беті деп аталады. Бұл бетте үш бөксе бұлшықетінің басталатын жері доға тәрізденіп, айқын сызықша түрінде орналасқан:

a) артқы бөкселік сызық, linea glutea posterior, ол мықын сүйегінің артқы жоғарғы қылқанының,spina iliaca posterior superior, алдыңғы қапталынан басталып, мықын қырқасының сыртқы ерінінің бойымен алға қарай өтіп, алдыңғы жоғарғы қылқанының негізіне барып аяқталынады.
b)Алдыңғы бөкселік сызық, linea glutea anterior, ол алдыңғы жоғарғы бөкселік қылқаннан басталып, доғатәрізді иіліп шонданай сүйегінің үлкен тілігіне,incisura ischiadica major,қарай өтеді.
c)Бөкселік төменгі сызы,linea glutea inferior, жамбас ойығының жоғарғы жиегіне доға тәрізді иіліп жақын орналасқан. Сызықтардың негізгі қызметі, бөкселік бұлышқеттердің басталар жері болып саналады.
Шонданай сүйегі,os ischii жамбас сүйегі ойығының төменгі бөлігінде орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай: денесінен және бұрыш құрап, орналасқан тармақтарынан, ramus ossis ischii, тұрады. Шонданай сүйектің денесінің, corpus ischii, артқы бетінде: қылқаны, spina ishiadica, қылқанның жоғарғы бөлігінде, шонданай сүйегінің үлкен тілігі, incisura ishiadica major, төменгірек кіші тілігі,incisura ishiadica minor, орналасқан.
Шонданай сүйегінің денесінің тармақтары иіліп бұрыш құрап орналасқан. Жоғарғы тармағының алдыңғы бетінде жапқыш тесіктің алдыңғы төмпешігі, tuberculum obturatorium anterior, артқы бетінде шонданай сүйектің тармағы, tuberischiadicum, орналасқан. Шонданай сүйектің бұтағы, шат сүйектің төменгі тармағымен бірігіп, жапқыш тесікті, foramen obturatum, құрайды.
Шат сүйегі, os pubis, топографиялық орналасуына қарай: денесінен, жоғарғы және төменгі тармағынан тұрады.

  1. Денесі, corpus ossis pubis, жамбас ойығының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысып қоймай, шат сүйегінің жоғарғы тармағына, ramus ossis pubis, ұласады. Шат сүйегі денесінің жоғарғы бетінде мықын сүйегінің денесі мен сүйектікттін арқылы өзара бітіскен жерінде, мықын-шат-көтеріңкісі, eminentia iliopibica,орналасқан. Сонымен қатар, шат сүйегінің жоғарғы тармағына, ramus superior ossis pubis,ұласады.

  2. Жоғарғы тармағының жоғарғы бетінде, шат қырқасы, pecten ossis pubis, айқын байқалады. Бұл қырқаның төменгі жиегі сүйірленіп, жапқыш тесіктің қабырғасын құрауға қатысумен қатар, жапқыш тесіктің қырқасын,crista obturatoria,құрайды. Сонымен бірге, шат сүйегінің жоғарғы тармағының төменгі бетінде, қантамырлар мен нервтер өтетін сала, sulcus obturatorius, айқын байқалады.

  3. Шат сүйегінің жоғарғы тармағының алдыңғы бөлігі бұрыш құрап, бұл сүйектің шат бұрышын, angulus pubis, одан әрі бұл сүйектің төменгі тармағына, ramus inferior ossis pubis, ұласады. Шат сүйегі бұрышының бетінде бұдырлау келген шат сүйегінің симфиздік буын беті, facies symphisialis орналасады. Бұл буын бетінің негізгі қызметі: шат сүйегінің симфизін құрау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет