1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет101/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   202
Асқазанның қызметі.
1. Секреторлық Бұл – бездердің асқазан сөлін бөліп шығаруынан көрінеді.
Оның құрамына пепсин, химозин, липаза ферменттері, сондай-ақ тұз қышқылы
мен шырыш жатады.
2. Механикалық Асқазанның механикалық қызметі тамақты асқазан сөлімен
араластырудан және қорытылған асты ұлтабарға жөнелтуінен көрінеді.
Қызметті атқаруға асқазанның бұлшық еті қатысады.
3. Сіңіру Асқазан қабырғасы арқылы су, спирт, тұз, қант және сол секілді
т.б. заттардың сіңірілуі жүзеге асады.
4. Экскреторлық Әсіресе бұл қызмет бүйрек аурулары кезінде айқын көрініп,
асқазан қабырғасынан белок алмасудың бірқатар ақырғы өнімдері бөлінеді
(аммиак, мочевина және басқалар).
5. Антианемиялық (Кастл) фактордың түзілуі Асқазанның қабырғасында тамақпен
бірге түсетін В-12 витаминінің сіңірілуіне септесетін антианемиялық
фактор түзіледі. Бұл фактор жоқ болса, адамда қатерлі қаназдылық дамиды.
6. Тосқауылдық-қорғаныш шырыш өндірумен анықталады.
7. Эндокриндік Асқазанның эндокриндік қызметі бірқатар биологиялық активті
заттар – гастриннің, гистаминнің, сератониннің, мотилиннің,
энтероглюкагонның түзілуінен көрініс табады. Бұл заттар асқазанның безді
жасушалары мен ас қорыту жолының басқа да бөлімдерінің іске қосылуы менсекреторлық белсенділігіне септесуші немесе тежеуші әрекет жасайды.

93. 12- елі ішек, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, ішастарға қатынасы
Он екі елі ішек Он екі елі ішек, duodenum, жіңішке ішектің бастапқы бөлігі. Ұзындыгы тірі адамдарда 17- 21 см, мәйіттерде 25-30 см. Сырткы пішіні өзгермелі болып келеді. Топографиялық орналасуына қарай: жоғарғы, төмендеген, горизонталді (төменгі) және жоғарылаған бөліктерге бөлінеді. Он екі елі ішектің сыртқы пішініне және орналасуына қарай үш түрі ажыратылады: -“Тағатәрізді” түрінде он екі елі ішектің барлық бөліктері сақталған. -“Ілмектәрізді” иіліп орналасқан түрі он екі елі ішек иіндерінің іщғыл иіліп орналасқан жағдайда байқалады. Он екі елі ішектін сыртқы пішінінін бұл түрінде төмендеген және жоғарылаған бөліктері сақталады. -“Иілген ілмектәрізді”.-түрінде он екі елі ішектің жоғарғы және төменгі горизонталді бөліктері сақталады. Он екі елі ішектің сырткы пішінінін озгермелі және қозғалмалы болып келуі сыртқы бетін жауып орналасқан фиксациялық ішастардың жалғамаларына және дамуына тәуелді. Он екі елі ішектің дамуына жэне орналасуына қарай 3 варианты ажыратылады: -“Situs inversus partialis duodeni”, он екі елі ішектің қалыпты жағдайда орналасуы. Duodenum mobile” он екі елі ішектің бұл түрінде ұзындау келіп қозғалмалы орналасады. ~‘4nversio duodeni”, бұл жағдайда он екі елі ішектің төмендеген бөлігі томен қарай, одан әрі жоғарылаған бөлігі сол жаққа қарай өтіп, “П” әрпіне ұқсас орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет