1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет102/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   202
Он екі елі ішектің топографиясы. Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі, pars horizontalis superior, асқазанның пилорикалық бөлігінің тікелей жалғасы. Ол, ХІІ-ші кеуде омыртқасының тұсында асқазанның пилорикалық қысқышының, m.sphinster pylori, тұсынан басталып, омыртқа бағанасынын оң жағына қарай өтеді. Одан әрі төмен қарай иіліп, он екі елі ішектін жоғарғы иілімін, flexura duodeni superior, құрап, төмендеген бөлігіне, pars descendens-Ke жалғасады. Он екі елі ішектің жоғарғы беті бауырдың шаршы үлесімен, lobus quadratus, және өтқуыктын мойнымен шектеседі. Бұл бөліктің төменгі беті, ұйкыбез басымен, жоғарғы иілімі, flexura duodeni superior, сол бүйрекпен, бүйрекүсті безімен шектеседі. Асқазанның тікелей жалғасы болғандықтан ішастармен барлық жағынан жауып орналасқан. -Он екі елі ішектің төмендеген бөлігі, pars descendens, ішектің жоғарғы бөлігінің жалғасы. Ол, XII- кеуде мен I—бел омыртқаларының аралығында орналасып, ішектін төменгі иілімін, flexura duodeni inferior, құрап, он екі елі іш ектің төменгі горизонталді бөлігіне жалғасады. Алдыңғы беті: тоқ ішектің көлденең жиек ішегімен, медиалді беті: ұйқыбездің басымен, caput pancreatis, шектеседі. Ішастармен алдыңғы жағынан жауып орналасқан. - Он екі елі ішектін төменгі горизонталді бөлігі, pars horizontalis inferior, он екі елі ішектің төменгі иілімінен, flexura duodeni inferior, басталып, горизонтагщы бағытта III —бел омыртқаның тұсында он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігіне, pars ascendens, жалғасады. Ішастармен алдыңғы жағынан жауып орналасқан. - Он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі, pars ascendens, бұл бөлік, III- бел омыртқаның тұсында төменгі горизонталді бөліктен басталып, II- бел омыртқаның сол жақ бетінің тұсында шұғыл төмен карай иіліп, он екі елі — аш ішектік иілімді, flexura duodenojejunalis, құрап, жіңішке ішектің аш, одан әрі мықын бөлігіне, intestinum tenue mesenteriale, жалғасады. Ішастармен тек алдыңғы беті жауып орналасқан.

94.Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі. 12-елі ішек-ащы ішек иілімі. Оның орны, практикалық маңызы.

95.Соқыр ішек, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, орналасу варианттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет