1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет31/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

31.Самай шұңқыры, самайасты шұңқыры.
Самай сүйек (os temporale), ми сауытының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысушы, құрылысы күрделі (қаңқаның барлық 3 қызметін атқара алады) жұп сүйек сыртқы есту тесігінің жанында орналасуына байланысты – қабыршақтық (pars sguamosa), дабылдық (pars tympanica) және пирамида тәрізді (pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерден құралған. Мұнда тепе-теңдік органдардың, ішкі ұйқы артерияның, бет ми нервінің және дабыл-жұтқыншақөзекшелері орналасқан.
1.Қабыршақтық (pars sguamosa) - сыртқы пішіні жалпақ, сагитальды жазықтықтың бойында вертикалды орналасқан бассүйектің бүйір бетін түзуге қатысатын табақша. Бүгілген жиектері шеке сүйектің, margo squamosa, сәйкес жиектеріне балыққабыршақтары сияқты қаланған, атауы осыған сәйкес. Сыртқы самайлық тегіс беті (facies temporalis) арқылы түзілетін самайлық шұңқыр төменнен бетсүйектік өсіндімен (processus zygomaticus) шектелген. Осы бет өсіндісінің екі түбірі арасында төменгі жақсүйекпен қосылу үшін қажет шұңқыр орналасқан және осы түбірлер буындық төмпешік (tuberculum articulare) пен айқындалмаған буын арты төмпешігін (tuberculum retroarticulare) түзуге қатысады. Бұл екеуінің арасында төменгі жақсүйектік шұңқыр (fossa mandibularis) түзілген. Қабыршақтық бөліктің ішкі милық бетінен (facies cerebralis) ми іздерін, саусақтық батыңқылар (impressiones digitatae) және олардыңүстіндегі ортаңғы менингеалды артерия жүлгесін (sulcus arteriosi) байқаймыз.
2.Дабылдық (pars tympanica) - сыртқы дыбыс өтісінің(meatus acusticus externus) алдыңғы, төменгі және артқы жиегінің бір бөлігін түзуге қатысатын иілген табақша. Төменгі бетінде, қабықшалы бөлігінің арасында төменгі жақ ойысының буын беті мен дабыл бөлігін бөлетін дабыл-қабыршақтық саңылау (fissura tympanosquamosa) орналасқан. Бұған пирамиданың алдыңғы алдыңғы бетіндегі өсінді еніп, оны параллель саңылауға: тасты-қабыршақтық саңылауға (fissura petrosquamosa) және тасты-дабылдық саңылауға ( fissura petrotympanica) бөледі. Кейінгі саңылау арқылы дабыл қуысынан сыртқа бағыт алған дабыл шегі атты нерві (п. chorda tympani) және майда қан тамырлары өтеді.
3. Пирамида тәрізді (pars pyramidis seu parspetrosa) – Сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келгендіктен пирамида бөлігі, pars pyramis, деп, екіншіден тығыз орналасқан сүйектік тканнан тұратындықтан тастақты бөлігі, pars petrosa, деп аталған бұл бөлікке сыртқы есту тесігінің сүйекті бөлігі, ортаңғы және ішкі құлақтар кіреді. Пішіні үшжақты пирамидаға ұқсас, негізі – артқа және латералды, ұшы – алға және медиалды қараған. Оның 3 беті бар: алдыңғы (facies anterior partis petrosae), ортаңғы бассүйектің шұңқырының түбініңқұрамына кіреді; артқы (facies posterior partis petrosae), артқа қарай және медиалды бағытта артқы бассүйек шұңқырының алдыңғы қабырғасының бір бөлігін құрайды; төменгі (facies inferior partis petrosae), төмен қараған және бассүйектің сыртқы негізіне кіреді.
Алдыңғы (facies anterior partis petrosae) - Пирамиданың алдыңғы беті қабыршақтық бөліктің алдыңғы бетінен жасөспірімдерде айқын байқалатын тас қабықшалы саңылау, (fissurapetrosquamosa), арқылы ажыратылады. Орталық белігінде доға тәрізді көтеріңкі, (eminentia arcuata) орналасқан. Осы көтеріңкі мен тасқабықшалы саңылаудың аралығында дабыл қуысыныңқақпагы (tegmen tуmраnі) орналасқан. Пирамиданың алдыңғы бетініңұшында үшкіл нерв түйінінің батыңқысы (impressio trigemini) байқалады.
Артқы (facies posterior partis petrosae) - Жоғарыдан арт жағына қарай еміздік
тәрізді өсіндіге ұласады. Орталық бөлігінде, дөңгелек пішінді ішкі есту тесігі (porus acusticusinternus) және оның жолы (meatus acusticus internus) орналасқан. Одан жоғарырақ доға-астылық шұңқырша (fossa subarcuata) орналасқан. Бұл шұңқыршаның артында, су құбырының сыртқы тесігі (apertura externa agueductus vestibuli) орналасқан. Бұл тесік, ішкі құлақтың лабиринтінің эндолимфатикалықөзекшесінің сыртқы тесігі болып саналатындықтан, ішкі құлақтан ми қабықшасының аралығына қарай бағытталған эндолимфатикалық сұйықтықты бойынан өткізу қызметін атқарады.
Төменгі (facies inferior partis petrosae) – Мұнда сопақша немесе дөңгелек тәрізді болып келген мойындырықтық шұңқыр (fossa jugularis) орналасқан. Табанында, X жұп кезбе ми нервініңқұлақтық бұтағының жүлгесі орналасқан. Бұл жүлге еміздік өзекшесінің (sulcus canaliculus mastoideus) тесігіне бағытталған. Артқы жиегі болса, мойындырық тілік (incisura jugularis) арқылы шектелген. Ал мойындырық тіліктің аралығында, аралық мойындырықтықөсінді (processus interjugularis) көрінеді. Бұл өсінді арқылы мойындырықтық тілік алдыңғы-медиальды және артқы-латеральды бөліктерге бөлінген.
Пирамидалар бір-бірімен үш жиекпен (margo superior partis petrosae, margo posterior partis petrosae, margo anterior partis petrosae) байланысқан: жоғарғы (пирамиданың алдыңғы және артқы бөліктерін бөліп тұратын бұл жиектен аттас веналық синус өзегі (sulcus sinus petrosi superioris) өтеді ); артқы (fossa jugularis-тен алға қарай шүйде сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге - (sulcus sinus petrosi inferioris) төменгі тастақты веналық синус өзегі өтеді) және алдыңғы (қысқа жиек қабыршақпен бұлшықетті құбырлықөзек тесігі (canalis musculotubarius) байқалатын сүйір бұрыш түзеді).
Самайастылық шұңқыр (fossa infratemporalis) - бас сүйектің милық және бет бөліктерінің шекарасында, жоғарғы жақ сүйектің артында бұл шұңқырдың көлденең ені биіктігіне қарағанда көлемді болып келген, ол самай шұңқырының төмен қарай тікелей жалғасы болып саналады. Сырт жағынан ішінара төменгі жақсүйектің тармағымен бүркелген. Самай шұңқырынан сына тәрізді сүйектіңүлкен қанатындағы самайастылыққырқа арқылы (crista infratemporalis) шектескен. Жоғарғы қабырғасы осы сүйектердіңүлкен қанаты. Бұл шұңқырдың алдыңғы, медиалді, латеральды қабырғасы ажыратылады.
а) Алдыңғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің самай астылық шұңқырға қараған бетіндегі жоғарғы жақтық бұдырынан (tuber maxillae);
ә) Медиальды қабырғасы: сына тәрізді сүйектің латеральды қанаттәрізді өсіндісінен;
б) Латеральды қабырғасы: бет сүйек доғасы мен төменгі жақ сүйек тармағынан құралған.
Мұнда медиалды және латералды қанаттық бұлшықеттер, шелмай, қан тамырлар және жүйкелер орналасқан. Бұл шұңқыр (fissura orbitalis inferior) арқылы көзұясымен және (fissura pterygomaxillaris) арқылы қанат-тандай шұңқырына ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет