26.Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы. Көз шарасы ол бізде латынша orbita деп аталады.Көз шарасының кіреберіс тесігі бар.Оның сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізді доғаланып келген.Көз шарасының жоғарғы бөлігі margo supraorbitalis ал төменгі бөлігі margo infraorbitalis пен шектелген.Көздің 4 қабырғасы бар.Осы қабырғаларға тоқталсақ:
1.Жоғарғы қабырғасы латынша paries superior деп аталады,маңдай сүйектің көз бөлігіне қараған бетімен сына тәрізді сүйектің кіші қанатынан тұрады.Бұл жерде көру нерві canalis opticus,көз жас безінің ойысы fossa lacremalis орналасқан.
2.Латеральды қабырғасы латынша paries lateralis бет сүйек (os zygomaticum) пен сына сүйектің үлкен қанатынан (alae major) тұрады.Латеральдық қабырғасы жоғарғы қабырғасынан көз шарасының жоғарғы саңылауы fissurа orbitalis superior арқылы шектелген.
3.Медиальдық қабырғасы латынша paries medialis көз жас сүйегімен сына сүйектің латеральды жағынан тұрады.Медиальдық қабырғасында көз жас мұрын өзегі canalis nasolacrimalis арқылы мұрын қуысына қарай бағытталады.
4.Төменгі қабырғасы латынша paries inferior ол жоғарғы жақ сүйегі мен бет сүйектен құралған.
Көзұя тесіктері: Көру өзегі - canalis opticus; көзұяүстілік тесік (тілік) - foramen supraorbitale incisura supraorbitalis; мұрын-көзжасы өзегі - canalis naso-lacrimalis; алдыңғы торлы тесік - foramen ethmoidale anterius; артқы торлы тесік - foramen ethmoidale posterius; төменгі көзұялық саңылау - fissura orbitalis inferior; жоғарғы көзұялық саңылау – fissuraorbitalis superior; көзұяасты өзек - canalis infraorbitalis; бет-көзұялық тесік - foramen zygomaticoorbitale.
Анатомия сессия 27-35 27.Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары. Қанат-таңдай шұңқыры-fossa pterygopalatina, самайастылық шұңқыр жалғасы.
Орналасуы: жоғары жақ пен қанат тәрізді өсінді арасында.
Қанат-таңдайлық шұңқырдың 3 қабырғасын ажыратады: алдыңғы, артқы және медиалды. Шұңқырдың медиалды қабырғасы-таңдай сүйектің вертикалды табақшасы. Ол қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Қанат- таңдайлық шұңқыр бассүйектің әртүрлі топографиялық құрылымдарымен бірқатар қатынастары бар, атап кететін нәрсе аталған тесіктердің кейбіреулері көрші сүйектердің бір-бірімен қосылғанында ғана қалыптасатындығынан жеке сүйектерде олар көрінбейді. Осындай түзілістерге жататындар: сынатәрізді-таңдай тесігі,foramen sphenopalatinus, үлкен таңдайлық өзек,canalis palatinus, төменгі көзұялық саңылау, fissura orbitalis inferior.
Қатынастары:
Ауыз қуысы мен-таңдай сүйегінің горизонтальды табақшасының үлкен өзекшесі-canalis palatines maior, арқылы
Көз шарасы мен көз шарасының төменгі саңылауы-fissura infraorbitalis,