67. Фотосинтез кезінде ағаш ең көп дегенде тәулігіне 50 г көмірқышқыл газын көмірсуға айналдырады. Осы кезде бөлінетін оттектің (қ.ж.) көлемі
68. Адам тыныс алғанда тәулігіне 1300 грамға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Мөлшері осындай көмірқышқыл газының көлемі қанша болады (қ.ж.)?
69.Ашық күндері өсімдік жапырақтарының бетімен әрбір шаршы метр аумаққа шаққанда 5 г шамасындай көмірқышқыл газын сіңіреді. Жапырақтарының беті 1,8 м3 болатын күнбағыс шамамен күніне неше грамм көміртегін жинайтынын есептеңдер Өсімдік жапырақтарының бетімен 1 м3 аумақтан 5 г көмірқышқыл газын сіңірсе, 1,8 м3 күнбағыс жапырағы сіңіретін көмірқышқыл газын есептеп аламыз.
1,8 * 5 =9г
Одан ары көмірқышқыл газының Мr-ін анықтаа, ондағы көміртек элементінің пайыздық мөлшерін пропорция әдісі арқылы анықтап аламыз.
Мr (СО2)=44 г
44г-------100%
12г -------х%
х= 12г *100% /44г= 27,3%
көміртектің пайыздық мөлшерін пайдаланып, күнюағыс өсімдігінің жапырағына жиналатын көміртек мөлшерін есептейміз.
9г-------100%
Хг-------27,3%
х= 9г *100% /27,3%= 2,45г
Жауабы күнбағыс өсімдігінің жапырағына күніне 2,45 г көміртегі жиналады.
70. Біраз көлемін озондаған соң оттегінің көлемі 5 миллиметрге азайғаны байқалды. Бұл кезде неше миллилитр озон түзілді және неше миллилитр оттегі жұмсалды? 3О2 ↔ 2О3
Реакция теңдеуінен 3 моль оттектен 2 моль озон түзіледі, яғни жүйенің көлемі 1 мольге азаяды. Алынған озон көлеміне тәуелділікті және жүйенің көлемінің азаюын көрсететін қатынасты жазуға болады:
V(O3) =
71. Үй гүлдерін қоректендіру үшін 1 л дистилденген суға 2,5 г KNO3, 2,5 г K2HPO4және 10 г Ca(NO3)2ерітіледі. Осы ерітіндідегі тұздардың массалық үлестерін анықта.
72.1 кг бензин (оның шамамен құрамы С-86%, Н-14% масса бойынша) толық жану үшін құрғақ ауаның теориялық қажетті мөлшерін есептеңдер. Ауадағы оттегінің мөлшерін массас бойынша 23% деп алуға болады, ауаның орташа салыстырмалы молекулалық массасы-29
73. Кеннің құрамында массалық үлесі 85% қоңыр теміртас бар екені белгілі. Егер кен құрамындағы темірдің 95%-ы бөлініп алынатын болса, онда 1000 т темір алу үшін кеннің қандай массасы қажет