1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы



бет17/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
25. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы
Ұлы Жібек жолы – елдер мен халықтардың қатынасын нығайтқан , түрлі мәдинеттерді бір – бірімен жақындатқан , Шығыс пен Батыс елдерінің қалаларының арасында байланыс орнатып , қалаларға үлкен ықпалын тигізген сауда жолы болған. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 7 мың шақырымнан 12 мың шақырымға дейінгі жолға созылды. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Керуен жолы Қытай жерінен бастап , Жерорта теңізіне дейін созылған. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Осы екі торап арқылы Ұлы Жібек жолы Жетісу өңірі арқылы Шығысқа шығады , ал Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы Батысқа шығады.
Шығыс пен Батысты байланыстырған бұл Ұлы Жібек жолы түркі жері үшін үлкен рөлді ойнайды.
Ұлы Жібек жолының тарихында оны түркі мемлекеттері толықтай дерлік бақылауда ұстаған үш кезең болды:
1 VI-XIII ғасырдың басындағы түрік қағанаттарының бақылауындағы кезең;
2 ХІІІ ғасырдың басы мен ХІV ғасырда Шыңғысхан империясының бақылауындағы кезең;
3 ХІV ғасырдың екінші жартысы мен ХV ғасырдың басындағы Әмір Темір империясының бақылауындағы кезең

Ұлы Жібек жолының басты тауары жібек матасы саналды. Жібек матасы жұқа , жұмсақ , жеңіл мата. Ал жібектен жасалған киімдер әдемі , ыңғайлы және сәнді еді. Сондықтан түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдерді киген. Мысалы , Тон – Жабғу қағанның жасыл жібек шапан кигені белгілі. Араб географы әл – Идриси мәліметтері бойынша , дәулетті қиматтар түрлі түсті жібек киімдер киген. Ұлы Жібек жолының Еуропадан Қазақстан жеріне әйнек және теңгелер , айна , шыны ыдыстар , түймелер мен қапсырмалар жүргізілді. Ал Қазақ жерінен тері мен жүн , жылқы , қой тасылған.


26. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері

Сәулет өнері.Өнердің бұл түрі Қазақстанда X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған еді.Оның басты дәлелі-Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі,Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары.Алайда XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұл өнердің дамуына үлкен нұқсан келтірді.Өйткені XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін жерімізде айтарлықтай ірі құрылыстар салынбаған.


XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған.Мәселен, бұл кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне Арыстан-баб, Қожа-Ахмет Йасауи, Айиша-бибі кесенесі, Қарахан кесенесі сияқты кесенелер жатады.


"Арыстан-баб кесенесі" көне Отырар қаласының батыс жағында 3км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан.Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан-баб VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Оның басына тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір XIV ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан-баб кесенесі екі бөлмеден тұрады.Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен көтерілген. Кесене XIX ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.

Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. «Әзірет сұлтан» аталатьш Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі орта ғасырдың сирек кездесетін сөулет өнерінің ескерткіші. Бұл кесене 1396-1404 жылдары салынған. Кесене сол кездегі Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Аталған ғимарат өзінің ерекше әдемілігімен, сөулет өнерінің ғажайып үлгісімен қызықтырады. Құрылыстың биіктігі 40 метр. Оның ішінде бір-бірімен жапсарлас 35 бөлме бар. Ғимараттың ортасында зәулім биік күмбез орналаскан. Кесененің ішінде үлкен тайқазан, кітапхана бар. Кесенені салуға сапалы құрылыс материалдары қолданылған. Қазіргі кезде кесенені көруге Түркістан қаласына көптеген адамдар келеді. Бұл жер мұсылмандар үшін қасиетті орын болып саналады. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған. Сонымен бірге Йасауи кесенесін қазақ халқы касиетті пантеон есебінде құрметтейді. Ол жерде қазактың хандары, басқа да мемлекет қайраткерлері жерленген. «Пантеон» сөзі грек тілінен аударғанда құдайлар мекені деген мағынаны білдіреді.


Ерте кезден сақталған ғимараттардьщ бірі Айша бибі кесенесі. Бұл кесене ХІ-ХII ғасырларда салынған. Ғимарат қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналаскан. Кесененің сырты түгелдей оюөрнекпен әшекейленген. Кесене бір кездері қатты бүлінгендіктен көптеген бөлігі сақталмаған. Бүгінде кесене кайта калпына келтірілді.


Сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысы Қарахан кесенесі. Бұл ескерткіш те Тараз қаласының маңында орналаскан. Кесене шаршы пішіндес болып келеді, порталды-күмбезді құрылысқа жатады. Ғимарат орталық зал мен бұрыштағы шағын үш бөлмеден тұрады. Төртінші бұрышында кесененің төбесіне шығатын баспалдары бар. Кесененің сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX ғасырдың басында кайта жаңғыртылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет