1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет20/55
Дата14.09.2023
өлшемі361,01 Kb.
#107498
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55

Ақ Орда мемлекеті?


Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта жəне төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрыс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Əмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Əмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Əмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін əрекеттер жасады. Əбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.


  1. Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.




14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекет орталғы – Алмалық қаласы.
Билеушілері:
-Тоғылық-Темір
-Ілияс-Қожа(Əмір Темірді жеңген)
-Уəйіс
-Есен Бұға
-Абдар Рашид
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған əмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге əрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мəуереннахрға екі рет сəтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Əмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат əмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды.
Моғолстан Абдар Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Негізі ыдырау себебі- хандық билік үшін талас болды.
Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет