1 Қазақстан аумағындағы тас ғасырынақатысты археологиялық ескерткіштеріашылуы


​Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті



бет4/81
Дата28.02.2023
өлшемі274,78 Kb.
#70446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
4.​Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған.. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады.
Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. Шұңқыр-консервілерде ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.
Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарынжасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет