Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б д. д. ҮІ-іү ғасырларда салынған



Дата22.07.2023
өлшемі11,53 Kb.
#104643
Байланысты:
Культоролооия 4


Сақтар.

Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасмуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.


Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.


Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б.д.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.


ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.


Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.


Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.


Сақтар отқа, күнге, ата-баба аруағына, соғыс құдайларына табынған. Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын.


Ғұндар.

Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.

Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған.Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.б. 1 ғасырдың соңы мен б.з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.


Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері – Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:


1. Шығыс ғұн ескерткіштері.


2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.


3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.


Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.


Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған.Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару – жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.


Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған.Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.


Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Ғұндар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен. Айдың бастапқы күндеріне ерекше мән беріп: сүй, сый деген сөздермен қарсы алған. Ұлылы-кішілі жортулы-жорықтарға ай толғанда шығып, ай қорғалағанда қайтқан. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Ендеше ғұндар тікелей біздің ата-бабаларымыз.


Үйсіндер.


Үйсіндер ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін мекендеген. Олар – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тау бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.


Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінеен Жетісуда шоғырланған.


Археологиялық ескерткіштері Ақтас қорымы (Алматы), Қарғалы тау шатқалы (Қарғалы диадемасы).


Үйсіндер тау бөктеріндегі тұрақты үйлерінде тұрған. Қыста шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қаланған үйлерде тұрған.


Үйсіндер мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал баққан, егіншілікпен шұғылданған. Қолөнер, зергерлік бұйымдар жасау, қыш ыдыстар жасау, кен өндіру кәсібімен шұғылданған.


Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.


Қаңлылар.


Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.


Қаңлылардың материалдық мәдениеті шартты түрде Қауыншы, Ақтөбе, Жетіасар және Отырар-Қаратау мәдениеті деп аталады. . Бұл қоныстарды мекендегендер көлдетіп суару егіншілігімен және мал шаруашылығамен айналысқан. Ең ірі ескерткішінің бірі – Алтынасар қала жұрты.


Қаңлы тайпалары мекендеген аудандардың бәрінде де қоныстарының қасында қорым болған. Бейіт құрылысы жер үстіне үйілген обалар, жерден қазылған қабірлер болып келеді. Қабірлерге ас құйылған ағаш, қыш ыдыстар қоятын болған. Ер адамдарды қару-жарақтарымен бірге көмген. Әйелдерді әсемдік бұйымдарымен бірге жерлеген.


Қаңлылар күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күштерге табынып, оларға арнап үй малдарын құрбандыққа шалып отырған. Б.з 1 мыңжылдықта киіммен жерлеу дәстүрі пайда болған.


Тұрғын үйлері шикі кірпішпен қаланып, балшықпен сыланған. Үй кәсіптерінің ішінде ұсталық кәсіп, керамикалық ыдыстар, зергерлік бұйымдарын жасау және тастан, сүйектен бұйымдар жасау кеңінен дамыған. Қаңлы мекендерінен сәулетті сарай ғимараттарының, үй қабырғаларындағы әдемі ою- өрнектердің табылуы ежелгі қаңлдыларда мәдениеттің жоғары болғанын әйгілейді.


Қаңлылар жылқы, қой, ешкі, сиыр малдарын өсіріп, мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан.Қазақстан жерін тас, қола дәуірінде мекендеген тайпалардың материалдық, мәдени мұралары көп болған. Ежелгі тайпалар табиғат құбылыстарынан қорыққанынан бір-біріне жақын жүрді. Қоршаған ортаның дүлей күштерінен бірігіп қорғанды. Күнкөрісінің негізі болған малын қысы-жазы бағып семіртті, осыдан бірте-бірте көшпелі өмір дағдысына көндігіп кетті.


Көшпелі өмір, қоршаған ортаның географиялық та, климаттық та ұқсастығы бұл тайпалардың наным-сенімі мен дүниетанымына да бірегей ықпал жасап отырды. Нәтижесінде, адамдар мінезіндегі, әдет салтындағы ұқсастық жақтар пайда бола бастады. Бұл ұқсастықтар кейінгі скиф-сақ, ғұн, үйсін атымен жазба тарихқа белгілі бола бастаған тайпалардың жол-жоралғы, салт-дәстүрлерінде бой көрсеткен моральдық, ақыл-естік нормативтерді қалыптастырды.




Сақ–скифтер адамзат мәдениетінің көне беттерін «аң стилі» өнер үлгісімен байытты, сөйтіп өз қолтаңбасынг қалдырған жұрт санатында тарихта қалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет