1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, аумағы. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі



бет20/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Байланысты:
қ. тарих сессия 100 балл бұйыртса

33. Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, аумағы. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Керей мен Жәнібек сұлтандардың шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алады. Орда Еженнің 4 ші ұрпағы Орыс /Ұрұс/ ханның немересі, Болат ханның баласы – Керей, ал Орыс/Ұрұс/ ханның шөбересі, Барақ ханның баласы – Жәнібек. Екеуі де Орыс /Ұрұс/ ханның ұрпақтары. Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. Сол себепті 1458 жылдың көктемінде Тұлпарсазда Керей сұлтан - хан болып сайланады. «Керей хан болып сайланғаннан кейін оның иелігіндегі халыққа «қазақ» аты берілді» деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати. Сөйтіп, 1465 жылы Керей хан мен Жәнібек хан билеген жаңа мемлекет – Қазақ хандығы дүниеге келді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. Жазба деректер мәліметі бойынша, Керей мен Жәнібектің қалмақтарға қарсы әскер жию туралы Әбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы және 1457 жылғы жеңілістен кейінгі қалыптасқан жағдай, яғни екі сұлтанға Әбілқайыр хан тарапынан қауіп-қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге көшпелі өзбектер мемлекетінен кетуге мәжбүр етеді. 1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойында қыстап шығады.1541-1546 жылдары жазылған «Тарих-и Рашидиде» қазақ сұлтандарының билік ете бастауы 870 жылдан (1465-1466 ж) басталады делінеді. Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келеді. Бұрындық ханның билік құрған жылдарын есептемегенде, Қазақ хандығының билігі осы кезден бастап Жәнібек ханның ұрпақтарына толық көшеді. Қазақ тарихында Жәнібек хан Қазақ хандығының құрылу үрдісіне толық қатынасып, басшылық еткен тарихи тұлға. Қазақ хандығын құрған кезден бастап Керей хан мен Жәнібек хан рулық қоғамды қалыптастырды, яғни ру – қоғамның ең кішкентай ұясы ретінде қалыптасты. Әр ру өз алдына көшіп-қонып жеке ауыл болып танылды. Рудың негізгі ұйытқысы – туыстық, ағайындық қатынастар болды, ауқаттысы жағдайы төменге көмектесті. «У ішсең, руыңмен» деген принцип қалыптасты. Әр ру мүшесі өз руының шежіресін, жеті атасын жақсы білді. Рулар өз кезегінде ұлыстарға, ал ұлыстар жүздерге бірікті. Сөйтіп жүзге бөлу принципі пайда болды, яғни жүзге бөлу алғашқы қазақ хандығы құрылған дәуірден бастау алатындығында еш күмән жоқ. Әр руды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды. Жаугершілік заманда руларды билер мен батырлар басқарған кездер де болды. Бірте-бірте көшпелі бірлестіктерге тән белгілер қалыптасты: билер соты, аумақтық шекаралары, салық жүйесі т.б қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет