1 Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


Қазақ хандығының 16 ғ. Бірінші ширегіндегі саяси жағдайы. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты



бет21/78
Дата14.10.2023
өлшемі4,46 Mb.
#114572
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
34. Қазақ хандығының 16 ғ. Бірінші ширегіндегі саяси жағдайы. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты. Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518 жж.) - қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы. Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты әскерлерін басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, баЕвропаға танылды. Ұлы князь Василий III тұсында (1505- 1533) Мәскеу князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым хан алғашқы қазазаңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқаәдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппайқолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати ТарихРашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкіболған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет