1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Қазақ (түркі) тілінен араб-парсы тілдеріне енген сөздер



бет35/53
Дата18.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43816
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Қазақ (түркі) тілінен араб-парсы тілдеріне енген сөздер қатарына ата, адырна, орда, құрылтай, елші, қылыш, қонақ, ақша, сорпа, ұлы, бұғау, құл, темір, ту, тоқпақ, олжа, қарауыл, қосын, аю, арыстан, қарға, қаз, қарақұс, сұңқар және тағы басқа сөздерді жатқызуға болады.
Қазақ тілінен монғол тілдеріне енген сөздер: абдыра, аяң, емші, қом, талқы, сарын, жұт т.б.
Қазақ тілінен орыс тіліне енген сөздер: кірпіш (кирпич), саман (саманнный), үтік (утюг), керуен (караван), шабадан (чемодан), тауар (товар), кесек (кусок), шыр (жир), бурыл (бурый), тоқу (ткать), бұрғылау (бурить) т.б. Б.Қалиевтің көрсетуінше, орыс тіліндегі тюркизмдердің саны 500-ге жуық(4,91 б.).


Пайдалынылған әдебиеттер:
1. Ғалиев Қ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2003.
2. Қалиев Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2004.
3. Хасенов Ә. Тіл білімі. –Алматы «Санат» 1996.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы, қалыптасу мен дамуы, зерттелу жайы.
2. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры, оның басты белгілері, сөздік құраммен арақатынасы.
3.Сөздік құрамның тарихи арналары. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
4. Байырғы төл лексика. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.
5. Кірме сөздердің зерттелу жайы. Кірме сөздердің лексика-семантикалық топтары, олардың тұлғалық және семантикалық өзгерістерін нақты мысалдар негізінде түсіндіру.
Зертханалық жұмыстар


1. Мәтіннен негізгі сөздік қорға жататын сөздерді бір бөлек, сөздік құрамға жататын сөздерді бір бөлек теріп жазып, оларға түсінік беріңіздер.
Хан көтеріп пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп өлтіріп алдық; егер олар ортамызда жүрген шағында ардақтап әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек - өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде-ақ өлтіріп аламыз... Қазір апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті де ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған тесік астау да қаңсып қалды әне... қаңсып итаяқ болып қалды әне... Апам ала кеткен жоқ. Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда. Бұл жалғанда картопты тіліп-тіліп жіберіп қызара бөрткен темір пешке қарып жібергеннен дәмді не не бар-ау (О.Бөкей). Темір аспан түсті көк жібектен киінген. Үсті-басы от шашып, жалын жалап тұрған інжі тастар... Бұл тастар оның үстінде бес-ақ мыңдай екен! Қаһарынан қар төккен аппақ басында ақ бөрік. Бөркінің шошақ төбесінде жұдырықтай қып-қызыл жақұт. Темірдің қып-қызыл көзі дүниені жалмап, жалт-жұлт етеді. Қанды көзі қан шашып, төңкеріліп қояды (Ғ.Мүсірепов). Өзенге дейін қозы көш жер. Күн арқан бойы көтерілгенше сұлық жаттым. –Келінжан, Гриша шал шақыртады сені. Шамаң жете ме? – деді Енем. Бойым жансызданып, сал болып қалғандаймын. Амал жоқ, тұру керек. – Хал қалай, қызым? – деді. –Мұқым колхоз жабылып сабап тастағандай. -Әрине, үш кісілік жұмысты жалғыз өзің істесең. Жоңқалаған қабықты келіге салып, ұшында үш айрық темір жүзі бар келсаппен түйгіштей бастадым.
Қобыз – көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. Ертеде бұл аспап жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалған. Қобыздың шығаратын үні адам дыбысына ұқсас. Бақсы-балгерлер оның осы ерекшелігін халықты көк тәңірімен сөйлестіретін құрал деп нандырған. Қобыз жайындағы алғашқы деректер біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын белгілі болған. Қобызды біздің заманымыздың 5-8 ғасырда тасқа қашалған таңба суреттерден көруге болады.
Қобыздың сыртқы түрі адам денесіне ұқсас. Оның мойны, басы мен құлағы, тостағанша дөңгеленіп келген беті, оны қаптаған сірі шанағы болады. Оған жылқы қылы тағылады. Осыған байланысты «қылқобыз» деп аталып кеткен. Қылқобыз қыл керілген ысқы арқылы тартылады.
Жауға ат қояр кезде нарқобыз сарыны естіледі. Нарқобыз – жорыққа шыққанда қолданылған аспап. Ол батырларға күш-жігер беріп, ерлік істерге рухтандырып отырған. Ерте дәуірде барлық жырлар қобыздың сүйемелімен айтылған. Шоқанның көрсетуінше, қобызбен жыр айтқан ең соңғы жырау – Жанақ. Бертін келе қобыз сарыны шертпе күй дәстүрінің тууына елеулі ықпал еткен. Оның үн-әуенін домбыраға түсіргендердің бірі – Сүгір.


1.1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінен сөздік құрамға және сөздік қорға тән сөздерді теріп жазып (15-20 сөз), олардың мағына жағынан сөздердің қандай тобына жататынын анықтаңыздар.


1.2 Түркі тілдерінің екі тілді аударма сөздіктерін пайдалана отырып, берілген мәтіннен түркі тілдеріне тән сөздердің қолданысындағы тұлғалық және мағыналық өзгерістерді айқындаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет